Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет46/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Лекцияның мақсаты: Есімдік сөзжасамын түсіндіру.
Лекцияның мазмұны: Басқа сөз таптарына қарағанда есімдіктердің жасалу жолдары тілімізде онша күрделі емес. Мұның өзі есімдіктердің табиғатымен байланысты. Зерттеушілердің айтуынша,қазақ тіліндегі жалпы есімдіктердің саны 60-70 тек аспайды екен.Демек,оларды жасау жолдарындағы заңдылық осы аз мөлшеріне байланысты болса керек. Дегенмен де, есімдіктердің де жасалу жолдарында басқа сөз таптары сияқты синтетикалық және аналетикалық тәсілдер орын алып отырады. Мұндай тәсілдер есімдіктердің әрбір жеке түрлерінде байқалып отырады. Солардың көрінісін өзара жинақтағанда, есімдіктердің жасалу жолдары төмендегіше саралауға болады, Синтетикалық жолмен жасалған есімдіктер. Есімдіктердің бұл жасалу жолында бір қатар жұрнақтар қатысады.олар есімдіктердің өзіне жалғанып , белгілі бір мағынаны онан сайын айқындайды, алайда ондай жұрнақтар көп те емес. Құранды –а + у жұрнағы. Бұл жұрнақ негізінен алғанда , сілтеу есімдігі сөздерге ж алғанып, сілтеу мағынасын одан сайын айқындайтын болады анау, мын-ау, сон-ау. Тарихи тұрғыдан қарағанда, бұл есімдіктердің түбірі ол, бұл, сол есімдікте рі болса керек. Есімдіктердің арнайы зерттеген А.Ибатов анау, мынау, е сімдіктерін бірігу жолынан пайда болды деп түсіндіреді: Мыс:-а, ан-а мен бу (ву) сілтеу есімдігінің бірігуімен жасалған десе, А.Ысқақов осы тәріздес есімдіктердің -у элементі арқылы жасалғандығын айтады. Осындағы -н элементі арқылы басқа да сөздер өрбіп жатады: осынша, осынысы, осыншама. Мыс: Ел жайы өзіне мәлім, мынада теріс дейтін адам жоқ. (Б.Майлин) Осынау өрен өзенді көрмесем жылда зерігем. (Ж. Молд)
Ал сан есімнен проминализация жолынан жасалған біреу есімдігінің -еу жұрнағын, құранды деп танымай, бір-ақ қосымша деп тануымыз керек. Уй сыртында біреу отыр. –ша, -ше жұрнағы не, қан й, бар сөздеріне жалғанып, сұрау және жалпылау есімдігінен туындатады: неше, қанш, барша. Түркітануда не есімдігінің алғашқы түбірі нен болғандығы жайында пікір бар. Бұған бір дәлел ретінде нендей сөзін келтіреді. А. Ибатов. Ал профессор Э.Р.Тенишев солар тілінде наң сөзінің не сұрау есімдігін білдіртетіндігін айтады.
Қанша сұрау есімдігінің түбірі алғашқы қай болғандығы, -н дыбысының орнына ол кездерде й жүргендігі арнаулы еңбектерде (А.Ибатов М. Томалов) айтылыды. Ал -ша жұрнағы о баста толық мәнді шаң сөзінен өрбіп шыққан болатын. Тілімізде -ша жұрнағының үстіне басқа да жұрнақтар ( -ма, -лық, -ты) үстемделіп жалғанып отырады. Осыдан келіп есімдіктегі құрама жұрнақтар туындайды: Қанша - қаншама, қаншалық. +-ша жұрнағы бар сөзіне жалғанып, жалпылау мәнді есімдік жасайды. Бала өсіру барша жанның мақсаты. –у жұрнағы не сұрау есімдігіне -ша қосымшасынан кейін үстемелене жалғанады: не+шеу -лық -лік бар сөзіне жалғанып, жалпылау есімдігін жасауға себеп болады: Біз штатқа кіргенде барлық офицер тік тұрып ізет етті. (Б. Майлин). –сы, -сі қац есімдігіне жалғанып, оның мән мағынасы одан сайын нақтылай түседі:
Тіліміздегі бірқатар есімдіктер аналетикалық жолдармен жасалады. Бұл ретте олардың бірігу,қосарлы айтылу және сөз тіркесі құрамында қолдану жолдары бар. Аталған жолдарлың аясы да есімдік құрамында онша көп кездесе бермиді. Бұлардың өзін іштей саралап көрсетсек, мынадай заңдылықтарды байқаймыз. Бірігу арқылы жасалған есімдіктер. Есімдіктердің осындай жасалу жолында олардың белгілі бір түрі әр уақытта да сөздердің бірге жұмсалуына негіз болып тұрады. Осы негізде бір есімдік түбірден бірнеше кіріккен тұлғадағы есімдіктер өрбіп жатады. Мәселен, бір ғана ем сөзінен болымсыздық мәндегі бірнеше есімдіктер туындайды: ешкім,ешқандай, ешқайсы, ешқандай, ешқандай, етеме, ешнәрсе, ешбір. Мен ешкімнен байлық, бақ сұрамаймын. Осы тәріздес біріккен түбірлі емімдіктердің жасалуына бір сөзі де негіз болып тұрады. Осы бір сөзінің негізінде бірнеше, бірдеме, деп ақтала беріп еді, Ербол басып тастады. (З.Шашк). Кейде әр сөзінің қолданылу ретіне қарай белгісіздік есімдіктердің екінші сыңарынан да орын алатын болады: кейбір , қайсыбір, әрбір, әлдебір. Біреулер уйінің орнын өлшеп, біреулер қазып үлгіріп қайсы біреулері қалқитып алған (Ғ.Мүсірепов).
Бірігу арқылы жасалған есімдіктердің құрылысына әлде есімігі де себепші болады. Осы есімдіктің негізінде бірнеше белгісіздік есімдіктері туындап жатады: әлдебір, әлдекім, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдене, әлденеше т.б. Ән шырқайды аулақта, әлдекімдер құбылтып.
Осылардың тәрдес белгісіздік есімдіктердің біріккен түрінде әр есімдігі де ұйытқы сөз ретінде айрықша қызмет атқарады: әрне, әркім, әрқайсы. Боз үйдің жанында бағанадан бері әркімнің атын атап шақырған дауыс басылды ( Ғ.Мүсірепов) Есімдіктердің бірігу жолымен жаслған түрлері, негізінен алғанда, осылар. Қосарлана жұмсалған есімдіктер тілімізде өте аз кездеседі. Есімдіктердің қосарланған түрлерінің көпшілігі үстеуге айналып кетеді. (анда-санда, онда-мұнда, өзді-өзі т.б.) Ал қосарлама жұмсалған есімдікті сөздер есім мағынасы онда қалса ғана өз табиғатын жоғалтпайды. Мұндай қосарлы есімдіктердің қатарына мына тәріздес сөздер жатады: өзін-өзі, ондай-мұндай, онысы-мұнысы, кіммен-кім, қай-қайсы. Кімде-кім екімен бірге болса, ол партиямен бірге (Ғ. Мүсірепов). Есімдіктердің сөз тіркесі арқылы жасалуы тілімізде кездеспейді десе де болады, тек бірен-саран түрлері ғана қолданылып қалады: мына мен, мына сен, бір өзі, бір нәрсе. Осы атыраптың иесі бір өзі сияқты (З.Қаб).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет