Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет2/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Бақылау сұрақтары:

  1. Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі

  2. Сөзжасам жүйесін зерттеуші ғалымдар және олардың еңбектері

  3. 1989 жылғы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” атты еңбек және оның көтерген мәселелері

  4. Сөзжасам - қазақ тіл білімінің дербес саласы


Әдебиеттер:

  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.

  3. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.

  4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003, 2007.

  5. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-Алматы, 2000.

  6. Н.Оралбай, К.Құрманәлиев, Ж.Балтабаева. Қазақ тілінің сөзжасамы. –А., 2014.

2 лекция. Тақырыбы: Сөзжасамның зерттеу нысаны, сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы


Жоспар:

  1. Сөзжасамның морфологиямен байланысы

  2. Сөзжасамның синтаксиспен байланысы

  3. Сөзжасамның лексикологиямен байланысы

  4. Сөзжасамның тілдің фонетика мәселесімен байланысы

Лекцияның мақсаты: Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысын түсіндіру
Лекцияның мазмұны: Сөзжасам – тіл білімінде өте кеш танылған тіл білімінің саласы. Сондықтан, сөзжасамның толық сипаттамасы қалыптасып үлгерген жоқ. Ғалымдар сөзжасамды сипаттағанда, әрқайсысы сөзжасамның әр қырын негізге алып зерттеді.
Сөзжасамның тілді жаңа сөздермен толықтырумен байланысты екені рас, бірақ тілдің сөзжасам саласы – жаңа сөздердің жасалу заңдылықтарын қарастыратын тіл білімінің саласы. Өйткені жаңа сөздер тілде қалыптасқан заңдылықтар бойынша жасалады. Сөзжасамдық заңдылықтардың өз сөзжасамдық бірліктері, олардың өз құрамы, өз тәсілдері, үлгілері, жолдары бар. Олардың бәрі жаңа сөздерді жасауға қызмет етеді.
Олай болса, сөзжасам – жаңа сөздерді жасау әрекетін іске асыратын, сөздік қорды үнемі толықтырып отыратын заңдылықтарды белгілейтін тіл білімінің саласы.
Сөзжасамды зерттеуде жаңа сөздерді жасауға қызмет ететін сөзжасамдық бірліктерді (морфемаларды) анықтау, олардың қолданыстағы заңдылықтарын белгілеу қажет. Ол үшін сөзжасамның морфемдік құрамын, сөзжасамдық бірліктердің жаңа сөз жасаудағы қызметін, мағыналарын ашу, олардың қолданылу заңдылықтарын анықтау керек.
Тілде сөзжасамдық морфемалар өте көп. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі мол. Жаңа сөз жасауда тілдік бірліктерді таңдаудың өз жолы, заңдылығы бар. Өйткені сөзжасамдық мағына туынды сөздің құрамдық ерекшелігімен тікелей байланысты. Сондықтан туынды сөздің жасалуын білдіру үшін, сөздің сөзжасамдық құрамы термині қолданылып жүр. Ол термин мағынасына сай, өйткені туынды сөздің құрамы, жасалуы жаңа сөзжасау әрекетін, жаңа мағынаның жасалуын білдіреді. Тіл білімінің барлық салалары бір-бірімен тығыз байланыста, қарым-қатынаста болғандықтан, сөзжасам да жеке сала ретінде одан бөлек бола алмайды. Сөз – лексиканың да, фонетиканың да, морфологияның да, сөзжасамның да зерттеу нысаны. Айналамыздағы заттар мен құбылыстардың атын, қимыл-әрекетін, олардың әр түрлі қасиеті мен белгілері туралы ұғымды таңбалап атау қажеттілігін зерделеу сөзжасам саласының тілдік сала ретінде қабылдануының негізгі шарты. Атаулар сөздің ішкі мағыналық құрылымының дамуы, сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы, дыбыстардың сәйкесуі, сөздердің бірімен-бірінің қосарлануы, бірігуі, тіркесуі арқылы жасалады. Сөздің мағыналық дамуы – сөз жүйесінің, қосымшаларм – сөздік құрамның, сөздердің тіркесуі – синтаксистің зерттеу нысаны; ал сөз дамуы – семантикалық тәсіл, сөзге жұрнақтардың жалғанып жаңа атау туғызуы – синтетикалық тәсіл, сөздердің тіркесуі арқылы жасалатын атаулар аналитикалық тәсілдің жемісі ретінде қарастырылатындықтан, олардың арасындағы байланыс ерекше екені анық.
Тіл білімінің салаларының ішінен сөзжасамның морфологиямен байланысы ертеден-ақ назарға іліккен. Сондықтан да сөзжасам соңғы кезге дейін көп тілде морфологияның құрамында қаралып келеді.Бұл екі саланың байланысты болатын себебі екеуі де сөздің ең кішкене бөлшегі морфемамен байланысты. Тіл білімінің сөзжасам саласы да , морфология саласы да морфеманы зерттейді. Бірақ сөзжасам жаңа сөз жасаушы морфемаларды зерттейді де, морфология грамматикалық тұлғаларды (формаларды ) яғни сөз түрлендіруші қосымшаларды зерттейді.
Сөзжасам мен синтаксистің байланысы да тілде белгілі орын алады. Сөзжасамның синтаксистік тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздері өзінің шығу тегі жағынан сөз тіркестеріне барып тіркелетіні жалпы тіл білімінде әбден танылған, даусыз мәселе деп саналады. Сөз тіркесі сөзжасамдағы күрделі сөзде өз ізін қалдырып отырған. Күрделі сөздердің құрылысында, сыңарларының бір-бірімен байланысуында сөз тіркесінің ізі анық көрінеді. Бұл олардың ұқсастығын туғызып, оларды ажыратуда қиындық келтіреді. Өйткені көп жағдайда олардың жасалу үлгілері ұқсас. Бұл күрделі сөздердің түп негізі сөз тіркесі екеніне байланысты.
Сөзжасам нәтижесінде жасалған туынды сөздер сөздік қорға қосылып, тілдегі басқа сөздер сияқты лексикологияның зеттеу нысанасына түседі. Бұл арада туынды сөздер сөзжасам мен лексикологияның байланысын туғызады. Бірақ сөзжасам мен лексикология сөзді әр тұрғыдан зерттейді. Лексикология тілде бар сөздердің мағыналық ерекшелігін, шығу арнасын т.б. құбылыстарын зерттейді. Сөзжасам болса туынды сөздердің жасалу заңдарын зерттейді.
Қосымшалардың дыбыстық варианттары фонетикалық заңдылық негізінде қалыптасқан. Оны морфонология саласы зерттейді. Сонымен бұл арада сөзжасам өзінің жұрнақтарының вариантта қолданылуы арқылы тілдің фонетика, морфология салаларымен байланысатыны анықталды.
Қазақ тілі бай тілдердің біріне жатады. Тілдің бай лексикасы үнемі толығып, дамып отырған. Тілдің лексикасының үздіксіз дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұғымдар пайда болады да,оларды атау қажеттілігі туады. Осы қажеттілікті өтеу үшін сөзжасам арқылы жаңа сөздер жасалады. Ол жаңа сөздер тілді байытады, сондықтан тілдің сөздік құрамының баюында негзгі қызметті қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атқарады, өйткені қазақ тілінің қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол тілде жаңа сөздер жасауды қамтамасыз етеді.
Қорыта келгенде, тілдің сөзжасам жүйесі көне замандардан бері қарай үнемі дамып, күрделеніп, қазір әбден қалыптасқан, бірақ ол даму тоқталады деген сөз емес. Тілдің сөзжасам жүйесі бірден өзгеріп кетпейтін құбылыс болғандықтан, оны біршама тұрақты деп санағанмен, ондағы болып отырған үздіксіз даму, сандық өзгеріс ретіндегі жылдамдық оның әр саласының қызметі әр дәуірде құбылып тұратын жоғарыда анық байқалды. Ұзақ уақыт ішінде өзгерістен өтіп, әбден қалыптасқан қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесі бар, ол өмірде пайда болған барлық жаңа заттарды, жаңа құбылыстарды, жаңа ұғымдарды атауды қамтамасыз етеді, сол үшін қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет