Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар


Үстеудің синтетикалық тәсілмен жасалуы



бет48/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

2.Үстеудің синтетикалық тәсілмен жасалуы
Үстеу сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалып, туынды түбір үстеу сөздер жасалады. Мысалы, меніңше, осынша, онша, жыланша (иіріліп), ағашша (иіліп), жаңаша (қарау), былайша, саудырлатып, жаяулата, кешең (шықтым), күнгейлеу (жатыр), байқаусызда т.б. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары да өнімді, өнімсіз болып бөлінеді. Өнімді жұрнақтар ішінен -ша, -ше жұрнағын ерекше атауға болады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір үстеулер үлкен бір топ құрады.
Ал өнімсіз жүрнақ үстеуде көп. Мысалы, Екі жас, жаңа өспірім, Паркте жүрді кешкірім (Ж.Молдағалиев). Есеней тапсырған ту бие кешқұрым сойылды (С.Мүқанов). Осы мысалдардағы -кірім, -құрым жұрнағы басқа туынды сөз жасамаған. Сол сияқты -ғаш (алғаш), -дік (әредік), -еу (көрнеу, кешеу), қар, -кері (тысқары, ішкері, сыртқары), (арнайы) сияқты жұрнақтар жекелеген, бірді-екілі ғана туынды түбір үстеулер жасаған.
Үстеудің сөзжасамдық жүрнақтары да жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар: -ша, -ше, -ы, -ай, -лық, -са, -се, құранды жұрнақтар: -лата, -лете, -кірім, -қүрым, -ыртын, -іртін т.б.
Синтетикалық тәсілге жалғаулардың түбірге кірігіп, көнеріп, бір түбір сөз жасауын да жатқызуға болады: алға, артта, жүресінен, түнімен, зорга, демде, бірден, кенеттен т.б. Бүл туынды үстеулердегі жалғаулар лексикалық жағынан біртүтас түбір, біртүтас мағына жасағанымен, ондағы түбір мен қосымшаның жігі анық көрінеді, тек мұнда жалғаулар сөзжасамдық қызмет атқарады. Сондықтан оларды туынды көнерген түбірлер деп атаған дұрыс. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары мағынасы жағынан алуан түрлі, соған қарап, оларды үстеудің түрлі мағыналық топтарын жасайды деп саналады. Бірақ ол үстеудің сөзжасамдық жұрнақтарының мағынасын толық аша алмайды. Сондықтан үстеу жұрнақтарының мағынасын толық ашу үшін, оларды мағынасына қарай көрсету дұрыс.
Мезгіл мағыналы жұрнақтар
-тай, -дай, -дей жұрнағы мезгіл мәнді зат есім сөзге жалғанып, одан туынды түбір мезгіл үстеулерін жасайды. Мысалы, Жаздай тарының басында жүруден жалықпайды (Ғ.Мүстафин).
-ша, -ше жұрнағы үстеу сөздерден мезгіл мәнді туынды түбір үстеу жасайды: қазірше, бүгінше, ғұмырынша, биылша т.б. Мысалы, Дүние-дүние деуменен кейбіреулер, Жүреді ғүмырынша рақатсыз (айтыстан). Бүгінше Сағираның үйіне қонып шығайын (Ж.Тілеков).
-сын, -сін жұрнағы үстеуден мезгіл мәнді туынды түбір үстеу жасайды: ертеңгісін, таңғысын, кешкісін, биылғысын, түскісін. Мысалы, Ішкі запыранды төгіп-төгіп алып, едәуірдесін барып басымды көтердім (Ө.Қанахин). Мұрат кеше ертеңгісін полкты қабылдады (Т.Ахтанов).
-ын, -ін жұрнағы да зат есімдерден мезгіл мәнді туынды түбір үстеулер жасайды: қысын, жазын, күзін, күндізін. Мысалы, Қысын, жазын сабылып келеді де жатады (С.Мұқанов).
-ең: кешең. Мысалы, Алматыға бірнеше сағат кешең ұштым (Т. Бигельдинов).
Сонымен бірге септік жалғауларының көнеруі де мезгіл мәнді туынды үстеулер жасайды:
1) барыс септігі: кешке, ертеңіне, әзірге, алғашқыда, күніге, жетісіне, қазірге. Мысалы, Кешке уәделі жерге бір сағат бұрын келдім (СЖүнісов).
2 жатыс септігі: капыда, баяғыда, ертеңінде, алғашқыда, ертеректе, қазірде, әлгінде, ақырында, бертінде, түбінде, әлгіде, жаңада, демде, күнде, түнде. Мысалы, Ертеңінде ол жұмысқа шықпады (газеттен). Әдепкіде ағамнан айбындым, айта алмай біраз жүрдім (Н.Серәлиев).
3) шығыс септігі: әуелден, ежелден, баяғыдан, бастан, көптен, ертеден, кішкентайынан, басынан, кенеттен. Мысалы, Ақан Райханды көптен көрген жоқ (З.Шашкин).
4) көмектес септік: күнімен, түнімен, ертемен. Мысалы, Күнімен жұмыста болдым (газеттен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет