Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет7/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Сөздердің тууында сөзжасамдық тәсіл мен үлгіден басқа сөзжасамдық қалып та болады. Табиғи тілдің дамуында жаңа туынды атау туғызу үшін қалыптасқан белгілі қалыптар бар. Мұндай қа лыптар кез келген тілде болуы занды. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық қалыптардың да өзіндік белгілері мен заңдылықтары, ерекшеліктері бар. Сөзжасамдық қалып туынды сөзді жасаудың негізгі жолдарын белгілейді. Сөзжасамдық үлгі белгілі бір тұлғалардың жасалуын ғана белгілетін болса, сөзжасамдық қалып ұғымы одан гөрі кең. Сөзжасамдық қалып жаңа туынды сөз жасалуының жалпы қасиеттері мен заңдылықтарын айқындай алады. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тәсілдердің әрқайсысының өзіне тән сәзжасамдық қалыптары бар. Фонетикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы екі сөзжасамдық қалып пайда болған: дауысты дыбыстардың сәйкесуі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар және дауысты дыбыстардың сәйкесуі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар. Мысалы: Дауысты дыбыстар сәйкестігі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар: Көз-көр, ауа-әуе, аса, есе, ызу-із, түс-тыс, қол-қыл, ак-әк, асыру-әсірелеу т.б. Ал бұлардың белгілі тектес дыбыстар арқылы туынды сөз жасауы сөзжасамдық үлгіні құрайды. Дауысссыз дыбыстар сәйкестігі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар: Кел-кет, көз-көр, ез-ер, боз-бор, өгіз-өкір, күн-күй, соль-сор (тұзды жер), қон-қоң, тұрық-сырық, тығу-сүгу, тіре-шіре, торлау-шырмау, атырау- ажырау-айыру, тақым-жақын-тақау, таяу-жақын, сөз-сөй(ле), т.б.
Семантикалық тәсілдегі сөзжасамдық қалыптар сөздердің синонимдік, антонимдік, көпмағыналылық сипаты арқылы пайда больгп, дамыған. Мысалы: үй-үй-үй; үйір-үйір-үйір; ат-ат-ат-ат; Жан-жан-жан-жан т. б.
Аналитикалық тәсілдің негізгі қалыптары: сөздердің бірігуі, тіркесуі және қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: асқабақ, Сарыарқа, Ақтоты, қолғап, аққу, т.б.; Әке-шеше, кемір-шал, бақа -шаян, жігіт-желең, ұзынды-қысқалы, т.б.; көзі ашык, қолы ұзын, қолы қысқа , қас пен көздің арасында, сөз салды, көз салды, ой салды т.б. Қалыптасқан сөзжасамдық қалыптардың негізінде жасалған жаңа атаулар тілдің ішкі заңдылығына сәйкес жасалғандықтан, халықтың дүниетанымына негізделіп, уәжділігі айқын болады.
Әр атаудың өзіндік когнитивтік белгісі бар. Дегенмен, барлық атау бір қол сөзінің сөзжасамдық үлгісінде жасалғандықтан, олардың сөзжасамдық мағынасында қолдың өзек семасы барлық жаңа туынды атаулардың арнайы семаларында өзінің ізін сақтайды. Айталық, қолбасшы - көп қолдың (әскердің) басшысы, қоларба - қолмен жүргізетін арба, қолқанат - қолда ұстап жұмсап отыратын, көмегін көретін адам, қолөнер — қолмен жасалатын өнер: қолтаңба - қолмен жасалатын таңба т.б. Аналитикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған атаулардың барлығы бірдей негізгі магьгна арқылы жасала бермейді, кей атаулар ауыспалы сема негізінде де уәжделеді. Қолқанат, қолжаулық, қолтума сияқты сөздердің туынды мағыналары ауыспалы сема бойынша жасалғанын бағамдау қиын емес.
Сөзжасамдық тізбек- мағыналас, түбірлес сөздердің уәжділік қатыстағы тобынан құралатын сөзжасамдық ұяның күрделі бірлігі. Сөзжасамдық тізбек бір сөзжасамдық тұлғадан таралып, бірнеше жаңа туынды атаулардан тұрады. Мысалы:
Мұра - мұрагер, мұрагерлік, мұрагерсіз, мұрагерсіздік;
Ора - орам, орам, орамды, орамдылық т.б.;
Ора - орам-орамсыз, орамсыздау, орамсыздық, т.б.;
Шап - шапқы, шапқын, шапқыншы т.б.;
Шап - шапқы, шапқыла, шалқылат, шапқылатқыз.
Сөзжасамдық ұя бір негіз сөзден өрбіген түбірлес туынды сөздердің жиынтығы десек, сөзжасамдық ұядағы әр түбірлес туынды сөз сөзжасамдық тізбекте орналасады. Ұядағы түбірлес туынды сөздер қалай болса, солай жүйесіз орналаса салмайды. Олардың жасалуында да, өзіндік жүйе бар, осы жүйе бойынша тізіліп келіп, сөзжасамдық тізбек жасайды. Бір ұядағы түбірлес туынды сөздердің орнын туынды сөздің қай сөзбен жасалуы шешеді. Мысалы, кел түбірінен келгіш деген туынды сөз жасалған, сондықтан оның орны кел себепші негізінен кейін болады, келгіш сөзінен келгіште туындысы жасалады, оның орны келгіш себепші негізінен кейін, келгіште сөзінен келгіштет сөзі жасалады, ол келгіште сөзінен кейін орналасады. Демек, сөзжасамдық тізбектегі туынды сөздердің орналасуы оқың қай сөзге негізделгенімен байланысты болады. Сөзжасамдық бір ұядан бірнеше сөзжасамдық тізбек шыға алады. Олардың бәрінің де әуелгі негізі бір болғандықтан, туынды сөздердің мағыналарында ортақ сема мен өзек сема болады. Бір ұядан бірнеше сөшасамдық тізбектің шығуының өзіндік мәні бар. Бұл ең алдымен, түбір сөздің мағынасының ауқымдылығына байланысты. Түбір мағынасы әртүрлі түлғалардың жалғануы немесе қосылуы, тіркесуі нәтижесінде мағыналық жіктеліске түседі. Тұлғалық және мағыналық жағынан жіктелген бірінші немесе екінші сатыдағы әрбір туынды сөз дами келе жеке атаулардың мағыналық жіктелісіне негіз болыпә өзіндік жаңа сөзжасамдық тізбектер жасайды. Бірінші сөзжасамдық саты бойынша дамыған сөзжасамдық тізбектер:
қара - қарабайыр, қарабайырлық, қарабайырлау. қарабайырлану, қарабайырландыру.
қара – қарақат, қарақатты,
қара- қарақат, қарақатсыз.
Сөзжасамдық тізбекке енген туынды сөздер бір-бірін негіздегендіктен, олардың магыналық жақындығы айқын көрінеді. Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық байланыс тұракты болады. Сөзжасамдық тізбекке енген туынды сөздердің өзара мағыналық байланысы олардың жасалуына негіз болатын түбір сөздің мағынасымен тығыз байланысты болып, соған негізделеді. Сөзжасамдық тізбектегі туынды сөздердің саны әртүрлі болып келе береді. Оның сандық сипаты түбір сөздің мағынасына байланысты да айқындалады. Құрамындағы туынды сөздердің сапына сәйкес сөзжасамдық тізбекті екі мүшелі сөзжасамдық тізбек, үш мүшелі сөзжасамдық тізбек, көп мүшелі сөзжасамдық тізбек деп бөлу үрдісі бар. Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық қатынас негізінде сөзжасамдық жұп жасалады.
Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық ұядағы негіздеуші сөз бен негізделетін сөздің синтагматикалық қатысы. Яғни сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады. Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты кұраушы тұлғалар өзара ұғымдық, тұлғалық және мағыналық байланыста болады. Олай болуының ішкі себебі бар. Сөзжасамдық жұпқа енетін сөздердікі ішкі мағыналық кұрылымы мен тұлғалық жағында ортақ белгілер болады, айырмашылығы когнитивтің өзғешеліғінде. Таңбалап түрған зат немесе кұбылыс әртүрлі болып, белгіленетін ұғымның өзгеше болуы, жаңа атау жасалуы олардың мағыналық айырмашылығын көрсетеді. Ал тұлғалық сипаты кейде бірдей, кейде әртүрлі болуы ықтимал, ол сөзжасамдық тәсілдің түріне байланысты өзгереді. Егер сөз мағынасы семантикалық дамудың нәтижесінде өзгерсе, онда, тұлғалық сипаты еш езгеріске түспейді де, өзге сөзжасамдық тәсіл арқылы өзгергенде, туынды сөз тұлғасында да ерекшеліктер болады. Мысалы: фонетикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған сөзжасамдық жүптар: ауа-әуе, өкім-үкім, өкімет-үкімет, ана-ене, аса-есе, ырықтау-іріктеу, тұр-дүр (етіс ұшу), тарс-тұрс, аяқ-адақ, аяқтау-адақтау, тіре-шіре, айыр-ажыра, кұдық – құйық, қазық-қада, қырыл-сырыл, қыру-сыру, кұла-сүла, тоқ-той, соқ-сой, соғыс-сайыс, сыйысу-сығысу, жақ-жайм жалаң-желең, т.б.
Семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөзжасамдық жұптар:
Көз (адамның көзі) - көз (иненін көзі), бай (бай адам) бай (әйелдің күйеуі), той (той тойлау) - той (асқа тою), жаз (дастарханды жаз) - жаз (жаз мезгілі), бақ (баққа бару) - бақ (малды бағу), тақ (тақ сан) - тақ (ханның тағы), айтыс (қыз бен жігіт айтысы) айтыс (екі бидің айтысы), тартыс (әңгіме тартысты өтті) - тартыс (термин), сабау (жүн сабайтын таяқ) ~~ сабау (баланы сабау), т.б. (Бұл сөздердің семантикалық дамуы тарихи тұрғыдан толық түсіндіріледі).
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөзжасамдық жұптар:
Бал - балшы, балшы - балшылық, өс - өсім, өсім - өсімдік, өсім - өс.мтал, өсілі - өсімпаз, өс -өсер, өс - өскін, өскін - өскіндеу, т.б.
бала - балалық, бала- балапан, бала- балажан, бала-балала, балала - болалат, балалат - балалатқыз т.б.
Байқағанымыздай, сөзжасамдық жұп барлық сөзжасамдық тәсілдер арқылы айқындала алады. Сөзжасамдық жұптардың кұрамындағы туынды сөздер мағыналық жағынан бір-бірін негіздейтіндіктен, соңғы сыңардағы туынды сөз алдыңғы негіз арқылы уәжделіп тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет