Бақылау сұрақтары:
Сөзжасам ғылымының қазақ тіл білімінің салаларымен байланысы
Сөзжасамның тілдің дыбыс жүйесімен байланысы
Сөзжасамның тілдің сөз байлығымен байланысы
Сөзжасамның сөз тіркесімен байланысы
Сөзжасамның морфемалар жүйесімен байланысы
Әдебиеттер:
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-Алматы, 2000.
Н.Оралбай, К.Құрманәлиев, Ж.Балтабаева. Қазақ тілінің сөзжасамы. –А., 2014.
№3 лекция. Тақырыбы: Тілдің сөзжасам жүйесі мен құрылымы
Жоспар:
1.Тілдің қажеттілігін қамтамасыз ететін сала-сөзжасам
2.Сөзжасамның жүйесінің үздіксіз толығу жолы
3. Сөзжасам жүйесінің бірліктері
4. Қазақ тілі сөзжасамының дамуы Лекцияның мақсаты: Қажеттілікті қамтамасыз етіп отыратын сөзжасам екендігін, оның үнемі дамып, екшеліп, толығып қалыптасып отырғанын түсіндіру. Лекцияның мазмұны: Тілдің лексикасының үздіксіз дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Тілдің сөздік құрамының баюына негізгі қызметті қазақ тілінің қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол тілде жаңа сөздерді жасауды қамтамасыз етеді. Тілдің сөзжасам жүйесіне тілде қалыптасқан сөзжасам тәсілдері мен морфемалар, олардың қолдану заңдылықтары, солар арқылы жасалған сөзжасамдық үлгілер жатады. Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол-әрине, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам -жүйесінің негізі көне түркі тілінен (ең көне жазба ескерткіштер тілі) басталып, содан бері да-мып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, екшеле келіп, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен. Қай тілдің болмасын сөзжасам жүйесі ұзақ уақыттың ішінде қалыптасқан, ол қысқа аз уақытта тез қалыптаса қалатын құбылыс емес. Сондықтан ол түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де қатысты.
Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық куә бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сездермен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Басқаша айтқанда, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы жасалған (күнтүз, Темір-қапығ, Қара-құм, Ілтеріс, арқыш-тіркес, секіз он, йеті йуз), сол сияқты бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы да сол кездің сөзжасам жүйесіне жатады: [кат\ 1) қабат, қатар, 2) жеміс, 3) жануардың аты, 4) қату, 5) араластыру. Келтірілген мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның морфологиялық, синтаксистік, семантикалық тәсілдері болғанын анық көрсетіп тұр.
Бұл келтірілген мысалдар қазақ тілінің қазіргі сөзжасамдық жүйесінің түп негізі түркі халықтарының ең көне заманынан бастау алғанын көрсетті. Ал түркі тілдерінде қазір көне түркі жазбаларындағы сөзжасам жүйесі сол қалпында қалмағаны түсінікті. Өйткені түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің қазіргі күрделі сөзжасамдық жүйесі көне түркі тілінен бастау алғанымен, содан бері үнемі дамудың нәтижесінде қалыпта-сқан. Сондықтан қазіргі қазақ тілінің күрделі сөзжасам жүйесі ұзақ уақытта қалыптасқан, ол тіл дамуының нәтижесі. Тілдің сөзжасам жүйесі көне қүбылыстарға жатады, ол күмән туғызбайды. Өйткені сөз жасаушы тұлғалар, сөз жасаудың тәсілдері, үлгілері күнде құбылатын, күнде жаңаратын құбылыстар емес. Тілдің сөзжасам жүйесі тілдің даму әрекетінен де тыс қала алмайды. Сондықтан сөзжасам жүйесінде де өзгеріс болып тұрады, бірақ ол ете баяу болады және ол, көбіне тілде бар үлгілердің белгілі бір кезеңде белсенді қызмет етуі арқылы, ол қызметтің бәсеңдеуі арқылы, не сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөзжасамдық түрлердің қолданудан шығуы сияқты т.б. өзгерістер ретінде болады. Мысалға көне жазба ескерткіштер тіліндегі туынды сөздер саны мен қазіргі тілдегі туынды сөздер саны бір емес, қазіргі тіл туынды сөздерге өте бай. Тілдің туынды сөздермен толығуының тілден тыс жағдайларға қатысын былай қойғанда, оның сөзжасам жүйесіне де тікелей қатысы бар. Көне жазба ескерткіштер тілінде сөзжасамның морфологиялық тәсілі болды, бірақ әр сөз табының сөз тудырушы жұрнақтары санаулы ғана еді. Ал қазірде морфологиялық тәсіл сөзжасамда үлкен қызмет атқарады, бірақ көне жазба ескерткіштермен салыстырғанда, қазіргі тіл сөз тудырушы жұрнаққа өте бай, сөзжасам құрамы түрлі жұрнақтар арқылы толыққан. Сөзжасамдық жұрнақтардың тілге қосылғанын өте көне жазба ескерткіштер тілі мен қазіргі тілді салыстыру арқылы көру жеңіл, осы екі арада талай ғасырлар өткенін еске алсақ, олардың әр кезеңінің тілдің сөзжасам жүйесінің қалыптасуына да, сөздік қордың баюына да үлесі болғаны анық көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |