Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет5/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Ақ сөзінің бес түрлі мағынасы бар: 1) ақ - сын. қардың. сүттің, бордың түсіндей (қарама-қарсы); 2) ақ - зат. Малдың сүті және сол сүттен өндірілген айран, катық, қымыз, шұбат сияқты тағамдар; 3) ақ - ар. зат. Хақ, ақиқат, шындық; 4) ақ -шыл. Күшейту, талғау мағынасындағы күшейткіш шылау; 5) ақ- ет. Судың өз арнасымен төмен қарай жылжуы, бір орында тұрмай ілгері қозғалып отыруы (ҚТТС, 1-т., 126-137).
Бота сөзінің мағынасы екі мағынасы бар:
1) түйенің жылға толмаған жас төлі; 2) ауыспалы мағынасы — баланы жақсы көріп еркелету үшін айтылатын сөз. Мысалы: қазақ аса бір сүйген баласын "құлыным. қозым, ботам" дейді (ҚТТС, 2-т., 387-6.).
Байқап отырғанымыздай, ақ және бота сөздерінің мағыналары туынды сөздің құрамындағы мағыналарынан әлдеқайда кең және ауқымды. Ақбота туынды сөзінің екіншілік мағынасында ақ және бота сөздерінің негізгі мағыналары сақталмаған, тек архисемасы мен өзексемасы бар. Ақбота сөзінің қалыптасуына ақ сөзінің тек түс мағынасы, бота сөзінің тек сүйкімді, сұлу, әлсіз мәні негіз болған да, оның кісі аты ретіндегі ерекше семасы метафоралану нәтижесінде калыптасқан. Ақ және бота сөздерінің мағыналары мен Ақбота сөзінің мағынасын салыстыра келе, олардың мүлде әртүрлі денотатты атап, әркайсысының өзіндік мағынасы бар екеніне көз жеткіздік. Себепші негіздер мен туынды соз арасында ортақ сема сақталады.
Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар: Сөзжасамдық ұя;- сөзжасамдык мағына; сөзжасамдык қалып; сөзжасамдык тізбек; сөзжасамдық жұп; сөзжасамдық саты;сөзжасамдык тарам; сөзжасамдық үлгі;Сөзжасамдық процес нәтижесінде жасалған атаулар сан алуан. Оларды жүйелеп, белгілі ізге салу үшін әртүрлі теориялық ұғымдар айқындалады. Осындай ғылыми-теориялық ұғымның бірі - сөзжасамдық ұя. Себепші негіздерден сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалып, атау қызметін атқаратын белгілі құрылымдағы түбірлес туынды сөздердің жиынтығы солжасамдық ұя деп аталады. Яғни сөзжасамдық ұя болу үшін: I) бір негізден тарайтын түбірлес сөздердің жиынтығы болуы қажет; 2) түбірлес сөздердің әрқайсысының жеке номинативтік мағынасы болуы шарт; 3) түбірлес туынды сөздер әртүрлі тәсіл арқылы жасалуы ықтимал; 4) түбірлес туынды сөздердің мағыналық жақындығы себепші негіз арқылы сақталып, бір семантикалық өрісте жатуы қажет. 5) Омонимдес тұлғалар сөзжасамдық ұяға ене алмайды.
Сөзжасамдық мағына — себепші негіздер мен сөзжасамдық тұлғалардың бірігуі не қосарлануы, тіркесуі, жалғануы негізінде уәжделіп жасалатын ерекше туынды мағына.
Сөзжасамдық мағына мен лексикалық мағынаның және грамматикалық мағыналардын бір-бірінен айырмашылығы бар. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы туралы қазақ тіл білімінде айтылған ойларды тұжырымдап ғылыми негізді ой айтқан ғалым С.Исаев еді, Автор "Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты" (1998) деген зерттеуінде былай деп жазады: "'Сөздің лексикалық мағынасына, ең алдымен, оның нақты мағынасы жатады. Айталық, көл, құс, тау, үй, көк, биік, үш, бес, келу, жүру сияқты сөздердің лексикалық; яғни накты мағынасы: табиғи су қоймасы, үстін қауырсын жапқан ұшып жүретін жануар, жердің әр түрлі тас жыныстарынан қалыптасқан биік бөлігі, адамның тұратын баспанасы, бір заттың нақты түсі, бір заттың өлшемдік сипаты, заттардың нақты сандары, қимыл, қозғалыс" (12-бет). Сондай-ақ ғалым сөздің осындай тура мағынасынан басқа ауыс, келтірінді мағыналары да болатынын жазады. Сөз бір не бірнеше лексикалық мағынаны білдіре алады. бірак сөйлем ішінде келгенде оның тек бір ғана мағынасы болады. Ал грамматикалық мағына туралы профессор С.Исаев былай деп жазады: "Сөздін, лексикалық мағынасы — нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса. грамматикалық мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздердің бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортак қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады" (Сонда, 14-бет). Сонымен бірге ғалым грамматикалық мағына арнайы грамматикалық формалар арқылы да беріле алатынын айтады. Грамматикалық форма деген ұғымға зерттеуші сөзге жалғанатын косымшалар, префикстер мен ішкі флексия, супплетивтік тәсілдерді жатқызады. "Қазақ тіліндегі грамматикалық форма арқылы берілетін мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атау қажет" деген ғылыми ұсыныс жасайды. Грамматикалық 'мағына мен категориялық грамматикалық мағынаның арасында айырма бар. Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде лексикалық мағынадан туындайтын, яғии лексикалық мағынаның жалпылану арқылы, сөздік ұғымның жалпылық-абстрактылық сипатқа ие болуы арқылы пайда болады.
Ал сөзжасамдық мағына - ең алдымен, туынды мағына.Ол екі себепші негіздің бірігуі не қосарлануы немесе негізгі сөз тудырушы жұрнақтың жалғануы арқылы уәжделетін екіншілік мағына.Жаңадан пайда болған екіншілік мағына оны жасаушы сыңарлар мағынасының негізінде жасалып, денотаттық мағына бірлігін белгілейді де, номинативті атауды анықтайды. Демек, екіншілік мағына — сөзжасамдық мағына. Сөзжасамдық мағына жасалу үшін, ең алдымен сөзжасамдық тұлгалардың қосылуы, бірігуі, тіркесуі негізінде сөзжасамдық процесс жүруі қажет.
Сөздердің тууында сөзжасамдық тәсіл мен үлгіден басқа сөзжасамдық қалып та болады. Табиғи тілдің дамуында жаңа туынды атау туғызу үшін қалыптасқан белгілі қалыптар бар. Мұндай қа лыптар кез келген тілде болуы занды. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық қалыптардың да өзіндік белгілері мен заңдылықтары, ерекшеліктері бар. Сөзжасамдық қалып туынды сөзді жасаудың негізгі жолдарын белгілейді. Сөзжасамдық үлгі белгілі бір тұлғалардың жасалуын ғана белгілетін болса, сөзжасамдық қалып ұғымы одан гөрі кең. Сөзжасамдық қалып жаңа туынды сөз жасалуының жалпы қасиеттері мен заңдылықтарын айқындай алады. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тәсілдердің әрқайсысының өзіне тән сәзжасамдық қалыптары бар. Фонетикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы екі сөзжасамдық қалып пайда болған: дауысты дыбыстардың сәйкесуі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар және дауысты дыбыстардың сәйкесуі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар. Мысалы: Дауысты дыбыстар сәйкестігі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар: Көз-көр, ауа-әуе, аса, есе, ызу-із, түс-тыс, қол-қыл, ак-әк, асыру-әсірелеу т.б. Ал бұлардың белгілі тектес дыбыстар арқылы туынды сөз жасауы сөзжасамдық үлгіні құрайды. Дауысссыз дыбыстар сәйкестігі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар: Кел-кет, көз-көр, ез-ер, боз-бор, өгіз-өкір, күн-күй, соль-сор (тұзды жер), қон-қоң, тұрық-сырық, тығу-сүгу, тіре-шіре, торлау-шырмау, атырау- ажырау-айыру, тақым-жақын-тақау, таяу-жақын, сөз-сөй(ле), т.б.
Семантикалық тәсілдегі сөзжасамдық қалыптар сөздердің синонимдік, антонимдік, көпмағыналылық сипаты арқылы пайда больгп, дамыған. Мысалы: үй-үй-үй; үйір-үйір-үйір; ат-ат-ат-ат; Жан-жан-жан-жан т. б.
Аналитикалық тәсілдің негізгі қалыптары: сөздердің бірігуі, тіркесуі және қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: асқабақ, Сарыарқа, Ақтоты, қолғап, аққу, т.б.; Әке-шеше, кемір-шал, бақа -шаян, жігіт-желең, ұзынды-қысқалы, т.б.; көзі ашык, қолы ұзын, қолы қысқа , қас пен көздің арасында, сөз салды, көз салды, ой салды т.б. Қалыптасқан сөзжасамдық қалыптардың негізінде жасалған жаңа атаулар тілдің ішкі заңдылығына сәйкес жасалғандықтан, халықтың дүниетанымына негізделіп, уәжділігі айқын болады.
Сөзжасамдық үлгі дегеніміз - туынды сөздердің құрамындағы бір тұлғаның ортақ болуы арқылы қалыптасқан екіншілік мағыналы туынды сөздер. Құрамындағы бір сөзжасамдық тұлға ортақ болғандықтан, жаңадан жасалған туынды сөзде де ортак сема қалыптасады. Яғни бір сөзжасамдық үлгі негізінде туынды атау пайда болады.
Зерттеулерде айтылып жүргеніндей сөзжасамдық үлгі синтетикалық сөзжасам тәсіліде айқын көрінеді. Айталық, себепші негізге - шы сөзтудырушы тұлғасының жалғануы арқылы, кісінің мамандығына, кызметіне қатысты атаулар туындай алады. Мұның өзі негізгі -шы, -ші сөз тудырушы тұлғаның қосатын мағынасына сәйкес келеді.
Мысалы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет