Әдебиеттер: Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
Н.Оралбай, К.Құрманәлиев, Ж.Балтабаева. Қазақ тілінің сөзжасамы. –А., 2014.
№4 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдары
Жоспар: 1. Сөзжасамдық талдау
2. Сөзжасамдық мағына
3. Сөзжасамдық құрылым (тип)
4. Сөзжасамдық үлгі
Лекцияның мақсаты:Сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдарын түсіндіру.
Лекцияның мазмұны: Туынды сөздің жасалуына байланысты пайда болған мағына сөзжасамдық мағына деп аталады дейді проф.Н.Оралбай (2002,29-б) Қазақ тілінің сөзжасамы деген еңбегінде. Мысалы, зейнеткер деген туынды түбірдің мағынасы жасы келіп зейнет демалысына шыққан адамды білдіреді. Зейнеткер атауы зейнет деген түбір сөзге –кер жұрнағының жалғануы арқылы жасалған.Зейнеткер сөзінің мағынасы осы сөзге негіз болып тұрған зейнет сөзінде де –кер жұрнағында да жоқ,аталған мағына зейнеткер туынды түбірінде ғана бар. Бұл туынды мағына сөзжасам негізінде пайда болған жаңа сөзжасамдық мағына. Туынды түбірдің жаңа лексикалық мағынасына арқау болған негізгі сөзжасамдық бірліктердің өзіндік қызметтері бар.Олар негізгі түбір сөз бен сөзжасамдық жұрнақ жаңа туынды мағына зейнет деген дерексіз заттық ұғыммен байланысты. Зейнет пен зейнеткер сөздерінің арасында мағыналық байланыс бар.Бір заттың ұғымынан екінші бір заттық ұғым жасалған.Оны жасауға сөзжасамдық бірліктердің үлесі бар.
Зейнеткер сөзінің лексикалық мағынасы – жасы ұлғайған,көп жылғы жұмыстан ұзақ еңбек демалысына шыққан адам деген ұғымды білдірсе, грамматикалық мағыналары – заттық ұғым,зат атауы,атау тұлғада,жекеше тұруы;сөзжасамдық мағынасы – зейнетдерексіз зат есімге - кер жұрнағы жалғану арқылы адам ұғымын беретін зейнеткер деген жаңа сөз, жаңа атау жасалды.
Туынды сөздің кұрамы күрделі.Туынды сөздің мағынасы өзін сұраушы тұлғалардың мағынасы арқылы негізделеді. Туынды сөздің деривациялық екінші мағынасы екі не бірнеше негіздің тіркесуі, қосылуы (қосарлануы), негіздің мағыналық дамуы арқылы және негізге сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.
Негіз сөздің мағыналары екіншілік: мағына жасау барысында толығымен қатыса бермейді. Туынды сөздің мағынасы мен оны жасаушы негіздердің мағыналары ешқашан бір-біріне толық сәйкес келмейді. Негіздердің құрамындағы мағыналар өздері белгілеп тұрған зат не құбылыстың ерекше белгілері мен қасиеттерін танытса, бұл ерекше мағына туынды сөздің, құрамында тек өзек сема мен ортақ семаға айналады. Туынды сөздің ерекше мағынасы өзін құраушы семалардың мағыналары арқылы уәжделіп, негізделгенімен, одан ерекше. Туынды сөздің таңбалап тұрған заты не құбылысының белгілері мен қасиеттері ерекше болады. Сондықтан оның ерекше мағынасы тек өзіне ғана тән номинативтік белгілер арқылы көрінеді.
Мысалы: Ақбота - қыз баланың аты ретінде қолданылатын туынды сөз. Ақбота сөзі — екіишілік метафоралық мағынада жұмоалып түр. Оның мағыналық құрылымы ақ және бота сөздерінің мағыналары арқылы уәжделген. Ең алдымен, Ақбота сөзінің жасалуының халықтық танымдык сипатына, яғни когнитивтік негізділігіне назар аударған жөн.
Біріншіден, түйенің ботасының кісі есімін негіздеуінің терең танымдык, дәстүрлік мәні бар. Қазақ кез келген төрт түлік мал баласының атын қыз балаға лайықтап, ат ретінде таңдап қоймайды. Айталық, Ешкібай, Ақлақ, Лақгүл, Бұзаугүл т.б. сияқты кісі есімдері болмайды. Ботаның қыз баланың есіміне негіз болуының өзіндік танымдық желісі - оның сүйкімділігі мен сұлулығы, әлсіздігімен бірге, жалпы түйе түлігінің касиеттілігі, діни ұғымда киелі саналатыны (Алланың 1001-атын білетін жануар тек түйе дейтін мифологиялық түсінік бар), ең көне заманнан бері қазақ баласының күн көріс тіршілігіне жарап, серік болуымен де астасып жатса керек.
Екіншіден, Ақбота деп ат қою тек қазақ халқының дәстүріне, ұлттық танымына тән. Өзге ұлт тілінде верблюженок "Ақбута", 'vуеr-blyood´ т.б. сиякты кісі есімдері кездеспейді. Өйткені орыс, ағылшын, түрік, ұйғыр халқының өмір-тіршілігінде түйенің айтарлықтай маңызы жоқ. Ал араб тілінде "кемаль"- түйе ұғымы арқылы негізделген Кемел, Кемал, Кәмиля, т.б. аттар жиі колданылады. Мұның өзі араб халқының табиғи өмір сүру ортасындағы түйенің қажеттілігі арқылы қалыптасқан дүниетанымымен тығыз байланысты.
Енді Ақбота атауын негіздеп тұрған сөзжасамдык тұлғалар иақ" және "бота" сөздерінің мағыналық құрылымына семалық талдау жасап көрелік.