Лекция тезистері №1 Лекция тақырыбы: Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасуы


Лекция тақырыбына сәйкес бақылау сұрақтары



бет4/21
Дата04.11.2023
өлшемі410 Kb.
#121985
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
СТИЛИСТИКА ЛЕКЦИЯ ОРИГИНАЛ

5. Лекция тақырыбына сәйкес бақылау сұрақтары:
1. Стилистиканың даму тарихы
2. Тіл ярустары стилистикасы?
3. Лингвистикалық стилистиканың басқа ғылым салаларымен байланысы?
4. Лингвистикалық стилистиканың зерттеу объектісі?
6. СӨЖ тапсырмалары:
1. Стилистика, тіл мәдениеті, әдеби тіл теориясы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары (Реферат).
7. Лекция тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.
«Қазақ тілінің стилистикасы» Алматы,1974, 2005.
2. А. Жапбаров «Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері»
Алматы, 1991.
3. Хасанова С., Жексембаева Ғ. «Қазақ тілінің стилистикасы» (жаттығулар жинағы)
Алматы, 1999.
4. М. Балақаев, М. Серғалиев «Қазақ тілінің мәдениеті» Алматы, 2004.
5. М. Балақаев «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» Алматы, 1965.
6. Н. Уәлиев «Сөз мәдениеті» Алматы, 1984.
7. Б. Адамбаев «Халық даналығы» Алматы, 1976.
8. Мұсабекова Ф. «Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы» Алматы, 1979.
9. Мұсабекова Ф. «Қазақ тілінің практикалық стилистикасы» Алматы, 1974.
2


1. Лекция тақырыбы: Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары
2. Лекцияның жоспары: 1. Тілдің стилистикалық құрылымы
2. Функционалды стиль туралы ұғым
3. Стиль – стилистиканың негізгі ұғымы
4. «Стиль» терминінің әртүрлі түсініктері, оның себептері
3. Лекцияның мақсаты: Студенттерге стилистиканың негізгі ұғым категориялары
жайында түсінік беру.


4. Қысқаша теориялық мәлімет:
Тіл ғылымының басқа салалары сияқты стилистика ғылымының да өзіне тән категориялары бар. Стилистикалық категориялар стильдік белгілерден шығады. Функциональдық стильдердің өздеріне лайық стильдік ерекшеліктері болады. Публицистикалық стильге тән образдылық, ғылыми стильде жалпы қорытындылар мен дерексіздік, ресми стильге тән нақтылық, міндеттілік болу т.б. Осы стильдік белгілеріне қарай әр стиль туралы толық мәлімет алуға болады. Ол туралы мәтін құрастырылып, осының бәрі функциональдық семантикалық-стилистикалық категорияның моделі әр мәтіннің өрістік жүйесінен көріне алады, әр түрлі дәрежедегі тілдік және мәтіндік тәсілдер орталық және шеткі болып бөлінеді, олар жиынтығы арқылы ажыратылады.
Стилистикалық категориялардың қатарына бағалау категориясы, акценттік категориясы, гипотезиялық категория, диалогтық категория, «автор бейнесі» категориясы, мәтін категориясы жатады.
Акценттік категория-мәтіндік категориялардың бірі. Акценттік категория концептуалды тілдік бірліктердің мағыналық жақтан көңіл аударуын қажет етеді, адресат автордың көзқарасына көз жеткізу сенімділігін көрсетеді, сол арқылы қабылдаушы мен тыңдаушының ортақ түсінікке ие болуын қамтамасыз етеді.
Ғылыми стильде кездесетін стилистикалық категориялардың бірі-гипотезиялық категория. Гипотезиялық категория әр түрлі тілдік тәсілдерді оның ішінде белгілі болжамға негізделген жүйелілікті көрсетеді, мәтіннің белгіленген жазықтығындағы жалпы функциясы және семантикасының қалыптасқан сөз гипотездері немесе гипотезиялық құбылыс болып саналады.
Стилистикалық категорияның тағы бір саласы-бағалалау категориясы.
Кез-келген ғылыми мәтін оқырманның атынан бағалау тұрғысынан қаралмаса, оның мамандықты керек ететін ғылыми білімі негізделмейді. Оқырманның объектіге қарым-қатынасы белгілі бағалау тұрғысынан айқындалады. Егер ғылыми стильде автор өзінің зерттеуіне сенімді болса, онда тыңдаушы тұрғысынан толық баға алады.
Стилистикалық категориялардың қатарына автор бейнесі категориясы жатады. «Автор бейнесі» категориясы жазушының өз дәуірінің әдеби тіліне, оны түсініп сезінуіне, поэтикалық сөз өрнектеріне деген қарым-қатынасына тікелей қатысты. Қазіргі қазақ стилистикасында автор бейнесі категориясын келешекте жаһандану үрдісімен жан-жақты талдап оқытуды талап етеді.
«Функционалды стиль» ұғымы-қазіргі стилистикадағы негізгі ұғым. Функционалды стильдер тілдің қолданысымен, қызмет етуімен тікелей байланысты, яғни шынайы сөйлеуде, мәтінде көрінеді. Функционалды стильдерде әртүрлі тілдік деңгейлердің тұлға-бірліктері мен олардың стильдік бояуға ие түрлері белгілі бір қатынас саласында қызмет ету міндеттеріне сәйкесті түрде бірігеді. Функционалды стильді В.В.Виноградов: «Стиль-бұл жалпыхалықтық, жалпыұлттық тілдің белгілі бір саласында тілдік қарым-қатынас құралдарының сұрыпталып тіркесу, қолдану тәсілдерінің қоғамдық тұрғыдан қабылданған, функционалдық тұрғыдан шартталған, іштей біріккен жиынтығы. Ол басқа мақсатқа қызмет ететін, басқалай қызмет атқаратын өзі сияқты бейнелеу тәсілдерімен бір қатарда тұрады».
Функционалды стильдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар тілден тысқары (экстралингвистикалық) және таза тілдік болып екі топқа бөлінеді. Функционалды стильдерді сипаттауда олардың екеуі де ескеріледі.
Тілден тысқары стиль құраушы әсерлерге қоғамдық сана формасы және соған тән ойлау түрі, сөздің ауызша не жазбаша көрінісі, сөздің жанрлық ерекшелігі, қарым-қатынастың түрі (көпшілік не жекелік), баяндау түрі (әңгімелеу, суреттеу, ойталқы), жағдаяттық-қоғамдық факторлар (сөздің тоны, сөйлеу актісінің түрі, тыңдаушы ерекшелігі) т.б. жатады. Бұлар объективті факторларды құраса, автор ұстанымы, оның даралығы сияқты субъективті факторлар да болады.
Бұл факторлардың барлығы да сөз сипатына тікелей әсер етеді, бірақ олардың стиль құраушылық дәрежелері бірдей емес.
Тілдің негізгі қатысымдық (коммуникативтік) қызметінен өзге де қызметтері бар екені белгілі. В.В.Виноградов функционалды стильдерді топтастыруда осы қызметтерін басшылыққа алады. «При выделении таких важнейжих общественных функций языка, как общение, сообщение и воздейтвие, могли бы быть в общем плане структуры языка разграничены такие стили: обиходно-бытовой стиль (функция общения); обиходно-деловой, официально-документальный и научный (функция сообщения); публицистический и художественно-беллетристический (функция воздействия)» [11,6]. Алайда, тіл қызметтерін бұлай бөлу өте жалпылама және стиль түрлері де олардың ауқымына сыя бермейді.
Негізгі стиль құраушы факторлар функционалды стильдердің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Стиль жүйелілігінің негізіне оны құрайтын тілдік бірліктердің бір мақсат негізінде өзара тығыз байланысып бірігуі жатады. Мысалы, ғылыми стильде жалпылама, дерексіз мәнге ие бірліктер белсенді рөл атқарса, көркем стильде керісінше , көркем-бейнелі тілдік нақтылыққа ие бірліктер маңызды болады.
Тілдің өзінде, бір жағынан, стильдік тармақтарға жіктеліп дамыған сайын белгілі бір функционалды стильге тән тілдік құралдар тұрақтала түседі. Екінші жағынан, функционалды стильде оны құраушы факторлардың әсерімен тілдік бірліктердің белгілі дәрежедегі өзгерісі, ауысуы жүзеге асады. Соның нәтижесінде бір тілдік бірліктің өзі қай стильде қолданылуына қарай мағынасы жағынан функционалдық сипатқа ие болады.
Қазіргі кезде стилистика ғылымында функционалды белгісі жағынан стильдердің бес түрі ажыратылады. Олар: ғылыми, ресми, публицистикалық, көркем сөз және ауызекі тұрмыстық сөйлеу стильдері. Функционалды стильдердің әрқайсысы стилішілік тармақтарға жіктеледі. Мысалы, ғылыми стильдің таза ғылыми, ғылыми-оқулық, ғылыми-көпшілк сияқты тармақтары болса, ресми, іс қағаздары стилінің де ұйымдық, өкілеттік, анықтамалық-ақпараттық сияқты тармақтары бар, сол сияқты публицистикалық стиль де іштей жанрлық ерекшеліктеріне қарай көптеген түрге жіктеледі.
Тілдік қолданыста функционалды стильдердің әр түрінің элементтері араласа жұмсалып, көп қабатты стильдік құбылыстар да пайда болады. Бұл жағдай стильдердің өзара әсері және олардың ішінде ұсақ жанрларға жіктеу нәтижесінде жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет