Лекция тезистері №1 Лекция тақырыбы: Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасуы



бет16/21
Дата04.11.2023
өлшемі410 Kb.
#121985
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
СТИЛИСТИКА ЛЕКЦИЯ ОРИГИНАЛ

Бұйрық- мекемедегі, ұйымдағы, ведомостводағы кадрларға байланыс мәселелерді- оларды іріктеу және орналастыру, азаматтарды жұмысқа қабылдау және босату, басқа жұмысқа ауыстыру мәселелерін шешуге бағытталған ресми құжаттардың бірі.
Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттар арқылы реттеліп басқарылып отырады. Бұйрық беру құқығына, әдетте, бірінші басшы-несиені реттеуші әкімшілік басшысы ие. Кәсіпорын директоры мен оның орынбасарлары- құрылымдық бөлімше жетекшілері нұсқау, жарлықтар бере алады.
Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық- жарлық құжаттары арқылы реттеліп басқарылып отырады. Бұйрық беру құқығына, әдетте, бірінші басшы- несиені реттеуші әкімшілік басшысы ие. Кәсіпорын директоры мен оның орынбасарлары – құрылымдық бөлімше жетекшілері нұсқау, жарлықтар бере алады.
Басшылықтың алқалық органдары (кеңестер, съездер, конференциялар т.б.) шешім қабылдау барысын қағазға түсіріп белгілейтін хаттаманың бір бөлігі болып табылатын шешімдер шығара алады.
Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істері, жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу- беру, тауарлар өткізу мен қызмет көрсетуді ұсыну, ұйымдастыру мәселелері бойынша басқару жөніндегі шешімдерді белгілейді. Олар сондай- ақ, жоғары органдардың шешімдерін орындау, шаралар белгілеу, орындау мерзімі мен бақылауды және оған жауаптыларды анықтау керек болғанда шығарылады.
Бұйрық нормативті және жекелік болуы мүмкін. Мысалы, еңбек тәртібі ережелерін бекіту туралы бұйрық директордан бастап, барлық қызметкерлерге қатысты, сондықтан ол нормативті болады. Ал өтемақы төлеу туралы бұйрық жеке адамдарға қатысты болғандықтан жекелік болады.
Бұйрықтың жобасы кәсіпорын мамандары тарапынан әзірленеді де, орынбасарлармен, қызмет бабы бойынша бастықтармен, заңгермен, бас бухгалтермен, кадрлар бөлімі бастығымен келісіп, директор қол қояды. Бұйрық беру тәртібі бұзылғанда, оның заңды күші жойылып, кері қайтарылады. Бұйрық жобасына оның қажеттігін, заңдылығын негіздейтін құжаттар қоса тіркеледі.
Бұйрық, егер оның мәтінінде өзге мерзім көрсетілмесе, қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қол қою құқығына мекеме басшылары, олардың орынбасарлары, сондай- ақ біліктілігі жоғары басшының тапсыруымен кейбір құзырлы адамдар ие бола алады.
Егер мәтінде бұйрықтың аяқталу мерзімі көрсетілмесе, оның күші тұрақты болады. Оның күшін мекеме басшысы жаңа бұйрық шығарып қана жоя алады, немесе жоғары құзырлы орган, немесе сот жояды.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кәсіпорынның бланкісіне толтырылады және мынадай деректерден тұрады: кәсіп орын атауы, құжат түрінің атауы (бұйрық), мерзімі, индексі (нөмірі), мәтін тақырыбы (бекіту туралы, тапсырма туралы т.б.), бақылау туралы белгі, мәтін, қойылған қол, бұрыштама, құжаттың орындалғаны туралы, мәліметтердің магнит таспасына аударылғаны туралы белгілер.

б асқа жұмысқа ауысуына


д енсаулығына байланысты
зейнеткерлікке шығуына

Жарлық-басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Оған директордың орынбасарлары, өз өкілеттіктері шегінде құрылымдық бөлімше басшылары қол қояды.


Жарлықтың мәтіні бұйрықтағыдай құрамды бөліктерден тұрады.
Жарлық құжатының сапалы болуы пішімі жағынан толық, анық, дәл болуына да байланысты.
Хаттама-жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және мазмұны жазылмаған ықшамды түрде болып келуі мүмкін.
Іс қағаздары туралы 1990 жылғы шілдеде «Тіл туралы заң» қабылданып, күшіне енуіне байланысты, төл тіліміздің дамуына жол ашылды, тілді дамытудың түрлі шаралары жан- жақты қарастырылды.
Қазақ тілінің мәртебесі артып, іс- қағаздарының қазақ тілінде жүргізілу әрекеттері жасалынуда. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық т.б. мәселелерде маңызы зор, яғни іс қағаздары арқылы қарым-қатынастың мәні артып отырады. Іс қағаздарын дұрыс жүргізу нәтижесінде, ұйымның мекеменің, үкіметтің қоғам дамуындағы адамдармен қарым-қатынасы, ынтымағы, бірлігі артады.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу- пән ретінде жоғары және орта дәрежелі арнаулы оқу орындарында оқытылып келеді.
Іс қағаздарының түрлері өте көп. Мақсаты мен мазмұнына қарай жеке адамға қатысты және қызметтік деп бөлінеді. Қызметтік іс қағаздары мекеменің немесе мекеме басшысының атынан жазылса, жеке іс қағаздары жеке азаматтар атынан жазылады.
Қызметтік іс қағаздарына мекемелер мен ұйымдардың іс жүргізу барысында дайындайтын барлық құжаттарын жатқызуға болады. Мысалы қызметтік хаттардың барлығы, бұйрықтың түрлері, хаттама, қаулы, жарғы т.б. Жеке адамға қатысты іс қағаздарына- өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, төлқұжат, куәліктің түрлері т.б.
Іс қағаздары формасына қарай типтік, трафареттік, еркін мәтінді болып үшке бөлінеді. 1) Типтік іс қағаздары- қалыптасқан мәтін- үлгі бойынша, А4 форматты іс- қағазына жазылатын іс қағаздары. Мысалы: өтініш, арыз т.б.
2) Трафареттік іс қағаздары- мәтіннің белгілі бөлігі алдын- ала типографиялық әдіспен басылып, дайындалған құжат түрлері. Мысалы: анықтама т.б.
3) Еркін мәтінді- қалыптасқан үлгі бойынша емес, оны жазушы адамның еркінше, яғни мәтіні еркін түрде жазылатын құжат түрі. Мысалы: пікір, күнделік т.б. Шығу, жасалу деңгейіне қарай іс қағаздары екіге бөлінеді.
1) Түпнұсқалық 2) Көшірмелік.
Түпнұсқалық іс қағаздарына кез- келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы (оригиналы) жатады. Көшірмелік іс қағаздарына- түпнұсқаның мәтіні ол күйінде, өзгеріссіз сақталып алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. Оған кез- келген құжат көшірмесі (диплом, бұйрық) үзіндісін (хаттамадан, бұйрықтан үзінді т.б. орыс тілінде выписка из протокола деген сөз тіркесі қолданылатын.), дубликатын жатқызуға болады.
Үзінді дегеніміз- құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін нұсқасы Дубликат дегеніміз- құжат жоғалған кезде берілетін құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі. Мысалы: сынақ кітапшасын жоғалтып алсаңыз, орнына дубликат беріледі.
Адамдардың күнделікті қарым- қатынасы қарапайым тұрмыстық деңгейде өмірдің әртүрлі жағын қамтиды. Осыған орай сөйлеу лексикасында аузекі сөйлеу тілі мен әдеби сөздер көптеп қолданылады.
Мәдениеті жоғары, білімді, парасатты адамдар ауызекі дөрекі, былапыт сөздерді аластырмай, өз ойын мәдениетті түрде жеткізуге дағдыланады. Ауызша әдеби сөйлеу адамдардың әр түрлі тақырыпта өзара сұхбаттасуынан, лекция оқуынан, интервью берген кезеңінен, теледидарда сөйлеуінен көрінеді. Ауызша әдеби сөйлеу лексикасының қолданылу реті, оның жазба түрімен бірдей болмайды. Іс қағаздарының түрі боп саналатын ауызекі сөйлеу тілі элементінде интонациялық, эмоциялық ерекшеліктер көзге көрініп тұрады. Іс қағаздарының жазба түрінде бұндай ерекшкліктер болмайды.
Іс қағаздар тілінің ерекшелігі, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.
Іс қағаздары тілінің міндеті- барлық адамдарға практикалық маңызы бар мағлұматтарды хабарлау, нақты жол көрсету. Іс қағаздарының тіліне ресмилік, дәлдік, сіреспелік, илікпеушілік тән. Іс қағаздарының үлгісін жалаң түрде көрсетуден гөрі, олардың әрқайсысымен жеке-жеке тілдік формасы, мазмұны, грамматикалық ерекшеліктері ескере отырып танысу қажет. Іс қағаздарының негізі XVIII ғасырдың екінші жартысында хандардың, патшаның жарлық- өкілдері хаттары т.б. арқылы қаланып, күні бүгінгі дейін (XVIII, ХІХ, ХХ, ХІ) маңызын жоймай келеді.
Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Іс-қағаздарын жазу-жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі. Іс қағаздарында қолданылып отырған ақпарат, мәліметтердің барлығы да мұқият тексерілуі керек.
Өтініш- ресми іс-қағаздарының бірі. Ол қызметке орналасуда, демалыс сұрауда, қандай да бір көмек сұрауда, жұмыстан шығарда, бір қызметтен екінші қызметке ауысуда және тағы басқа жағдайларда мекеме басшысы атына белгілі бір тәртіп бойынша жазылады. Ең алдымен, қағаздың оң жақ бұрышына кімге және кімнен екені жазылады. Онда мынадай мәліметтер болуы керек: мекеменің атауы, мекеме басшысының және өтініш иесінің қызметі, атақ- дәрежесі және аты- жөні (барыс және шығыс септіктерінде). Соңынан өтініш иесінің қолы, күні, айы, жылы көрсетіледі. Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол бойынша бұйрық шығарылады. Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті еңбекті демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс), мерзімі көрсетілуі тиіс.
Өтініш таза қағазға, кейде арнайы бланкке жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет