Лекция тезистері №1 Лекция тақырыбы: Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасуы



бет19/21
Дата04.11.2023
өлшемі410 Kb.
#121985
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
СТИЛИСТИКА ЛЕКЦИЯ ОРИГИНАЛ

5. Бақылау сұрақтары:
1. Ғылыми стиль туралы жалпы түсінік?
2. Ғылыми стильдің басқа стильдерден ерекшелігі?
3. Ғылыми стильге жататын құжат түрлері?
6. Лекция тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.
«Қазақ тілінің стилистикасы» Алматы,1974, 2005.
2. А. Жапбаров «Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері»
Алматы, 1991.
3. Хасанова С., Жексембаева Ғ. «Қазақ тілінің стилистикасы» (жаттығулар жинағы)
Алматы, 1999.
4. М. Балақаев, М. Серғалиев «Қазақ тілінің мәдениеті» Алматы, 2004.
5. М. Балақаев «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» Алматы, 1965.
6. Н. Уәлиев «Сөз мәдениеті» Алматы, 1984.
7. Б. Адамбаев «Халық даналығы» Алматы, 1976.
8. Мұсабекова Ф. «Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы» Алматы, 1979.
9. Мұсабекова Ф. «Қазақ тілінің практикалық стилистикасы» Алматы, 1974.

14




1. Лекция тақырыбы: Публицистикалық стиль.
2. Лекция жоспары: 14.1.Публицистикалық стильдің түрлері
14.2. Публицистикалық стильдің ауызша- жазбаша
түрлері.
14.3. Публицистикалық стильдің лингвистикалық,
экстралингвистикалық белгілері.
14.4. Публицистикалық стильдің фонетикасы.
14.5. Публицистикалық стильдің лексикасы мен
фразеологиясы.
14.6. Публицистикалық стильдің морфологиясы мен
синтаксисі.
14.7. Публицистикалық стиль және көркем әдебиет стилі.
3. Лекция мақсаты: Студенттерге публицистика жайында мәлімет беру


4. Қысқаша теориялық мәлімет:
Публицистика (латынша «publicus»-көпшілік, «әлеумет» деген мағынада) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Публицистикалық стиль өзіне тән сипаты мен сөйлесу жағдайларының әртектілігіне қарай күрделі құбылыс болып табылады. Публицистиканың тілі мен стилі жөнінде көп айтылып жүрсе де бұл мәселенің арнайы функционалды-стилистикалық тұрғыдан зерттелуі жөніндегі еңбектер санаулы.
Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистика тілінің өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы, қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің ауызша және жазбаша түрлері болатынын айтады.
Публицистикалық стильге қойылатын талап – қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болу. Ол – тілдік құралдарды қолдана білуден байқалады.
Публицистика қоғам өмірімен тығыз байланысты болады. Оның үгіт- насихаттық сипаты басым. Публицистика өзінің тақырыбына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолданады, қажетті синтаксистік құрылысты пайдаланады.
Публицистикалық стильдің ауызша түріне радио, теледидар шолушылары мен комментаторлардың әңгімелерін т.б. жатқызуға болады.
Публицист бүгінгі күннің басты мәселелері ертеңгі күннің болашағын болжайтын зерттеуші қызметін атқаруы тиіс. Бұл газеттің кейбір жанрларын, бәрінен де бұрын мақала мәселесін жасауда айрықша қажет. Мазмұнның теориялық бағыты, стилистикалық талдау мен жүйеліліктің бірлестігі, жасалған ережелердің сендіруші деректері ғылыми тілдің кейбір құралдарының әр түрлі айтылымдарынан көрініс табады. Газеттің, бүкіл публицистиканың қандай да бір қоғамдық мәселені хабарлап, оған оқырманды сендіруге тырысуы, басқа функционалды стильдермен салыстырғанда экспресивтіліктің құралдары мен әдістерінің мөлшері публицистикалық тілде өте жоғары болатындығы кездейсоқтық емес. Газет тілінің экспрессиясы әр түрлі формада жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі біздің заманымызда бұқаралық оқырман жоғары білім мен мәдениетке ие болғанда, айтылымның өз құралы мен сипаты осыдан он шақты жыл бұрынға қарағанда басқаша екендігі көрінеді.
Публицистиканың негізгі ұстанымын В.Г. Костомаров экспрессия мен стандарттың қосарланған бірлігі ретінде анықтайды. Қандай да бір мөлшердегі экспрессия мен стандарттың қосындысына жалпы тілдердің барлығы да тән. Алайда дәл осы газет публицистикасында басқа тілдесу түрлеріне қарағанда бұл бірлік айтылымды ұйымдастырудың стилистикалық ұстанымы болып табылады. В. Г. Костамаровтың тұжырымдамасының құныдылығын осы мағынада түсіндіруге болады. (Л. И. Скворцов. Теоретические основы культуры речи. М., 1980, 76-б.).
Жазба публицистика баспасөз мәдениетінің өркендеп даму дәрежесін көрсетеді. Қазақстанда бұрын баспа орны болмаған, бірен- саран шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып басылып жүрді. Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі- «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» қиссасы 1816 жылы шықты.
1920 жылдары республикалық тұңғыш газет «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») шыға бастады. Бұл тұста қазақ публицистикасы жаңа белеске көтерілді.
Публицистика- елдегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге араласатын құрал. Онда еліміздің ішкі- сыртқы саясаты және мәдениет пен мораль проблемалары сияқты мәселелер сөз болады.
Кешегі кеңестік кезеңдегі әдебиетіміздің ірі өкілдерінің көпшілігі ( М.Әуезов, С.Мұқанов, С,Дөнентаев, т.б) өздерінің публицистикалық шығармалары арқылы көрініп, елге танылған. Келе-келе әдебиеттің көрнекті өкілдеріне, яғни ұлы жазушы немесе ақын дәрежесіне жеткен.
Публицистердің шығармаларының қай-қайсысында да болса да, азаттықтық, бостандықтың үні сезілетін. Бұл кезеңде шығарсаларда ауызекі сөйлеу тілінің әсері басым болған, сөз қолданылуы қарапайым болып, сөйлемдері қысқа- қысқа келген. Саяси- әлеуметтік термин сөздерді қолданғанда, олардың баламасы тек ана тілінен алынған.
Мысалы: революция- төңкеріс, совет- кеңес,
Режим- низам, помещик- алпауыт т.б
немесе термин сөздер бұрмаланып қолданған мысалы, көменес (коммунист), пәлсапа (философия), пидал (феодал) т.б. Осы күні мұның бәрі қалыпқа түсіп, әдеби нормаіа сай қолданылады. Бұл публицистикалық шығарманың тілінің сапалылығын арттырып, мазмұнды болуына үлкен ықпал жасады. Сонымен қатар публицистиканың өзі әдеби тілімізді жаңа сөздер, жаңа сөз тіркестері және күрделі сөйлем қолданыстарымен байыта түсті. Тілімізге еніп жатқан жаңа ұғымдар мен терминдер төл сөзімізге айналды.
Публицистикалық стильде тілдің эмоциональді элементтері және сөзді образды қолдану сияқты әдеби стильге тән құбылыстар да кездеседі. Бұл оның әдеби стильге жақындығын көрсетеді. Ал оның фактіні толық және жүйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын екені байқалады.
Публицистикалық жанрға – бас мақала, информациялық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет, радиохабары т.б жатады.
Негізінен публицистикалық саланың экстралингвистикалық негіздері базалықты ғана емес, жекешелене түскен стилистикалық белгілерді, стилистикалық және лингвистикалық құралдарды анықтайды.
Публицистикалық стиль біртекті емес, бір жағынан кітаби лексиканың, оның ішінде терминологияның (экономикалық, құқықтық, медициналық және т.б.) үлкен шеңберін қамтыса екінші жағынан ауызша сөйлесу, қарапайым ауызекі лексиканы, ереже бойынша арнайы стилистикалық мақсаттардағы сөздерді де қамтиды. Мұндай жағдайда сөздердің кейбір дәрежелері газетке тән болып табылады. Мысалы, қоғамдық-саяси терминология, арнайы газеттік кәсіби лексика, сонымен қатар, шет тілдік баламалардың үлкен шеңбері. Алайда соңғы аталғанның қолданылу жиілігі басқа сөйлесу салаларына қарағанда онша көп емес, осының күшімен аталған сөздер (олардың мағынасын ескергенде) газеттікке жатқызылуы мүмкін. Қандай жағдай болмасын публицистикалық сөйлеу саяси салада өте кең, бұған идиология, социал-демократ, социалист, сонополист, қайта құрудың бастаушысы, экстремизм және т. с. с. болады. (Сара Қоянбекова Публицистикалық стиль мәселелері. ҰҚК академиясының доценті, ф. ғ. к.)
Публицистикалық стильдің ауызша түрі- шешендік сөз. Публицистиканың бұл түрі өте ерте дамыған. Біздің дәуірімізге дейінгі 335 жылы жазылған Аристотельдің «Риторикасында» шешендік сөздің құрылысына жан- жақты талдау жасалынады. 1748 жылы Ломоносовтың «Краткое руководство к красноречью» деген кітабы басылып шыққан.
Қай халықтың болса да шешендік өнері оның мәдениетінің бөлінбес бір саласы болған. Қазақ тілінде шешендік өнерінің теориясы болмаған. Бірақ халқымыз бұған айрықша мән берген, шешендікті әдейі баптауды қажет ететін өнер деп емес, туа бітті қасиет деп түсінген. Халқымызда суырып салма шешендеріміздің, билік айтқан, әділдікті әдемі сөзбен жеткізе білген көсемдеріміздің көп болуы осының айғағы. Мысалға барымта, жер дауы, жесір дауы сияқты мәселелер немесе тойларда айтылатын мақтау сөздер, ақыл, кеңес, өсиеттер, қайысына ортақтасып көңіл айтулар осындай шешендік сөздер нәтижесінде дүниеге келген.
Қазіргі кезде шешендік өнерінің аясы кеңейіп қолданылуда. Идеология қызметкерлері, ақындар мен жазушылар яғни сазгерлер сөз өнерін дамытып, жалпы тіл мәдениетін арттыруға өздерінің үлестерін қосуда.
Публицистикалық стильде метафора жиі кездеседі, айтылмақшы зат пен құбылысқа жұрт назарын аудару үшін ол зат пен құбылысты басқа экспрессивті-эмоционалды реңі бар сөздермен ауыстыруда жиі қолданылады. М: жүгері- дала падишасы, мақта- ақ алтын, көмір- қара алтын т.б
Публицистикалық стильде жалпы саяси лексика, интернационалды терминдер жиі қолданылады: жоспар, съезд, өкімет, елбасы,елорда, мәжіліс, парламент, Астана т.б.
Публицистикалық стильде көркем сөз тәсілдерінің барлығы, сондай- ақ тұрақты сөз тіркестері, мақал мен мәтелдер, афоризмдер мол пайдаланылады. М: Кәрі Қаратау жотасы бүгін ажарлы- ақ. Күлімдеген күн көзінің аялаған нұрының астында шашырай жайылған қойдың алдын қайырмай, еркін жіберген Тұрсынбай қоржынындағы кітапқа қол салды...
Публицистикалық стильге тән терминдер көп болады. Мысалы солардың кейбірі- интервью (сұхбат), репортаж (жергілікті хабар), хроника (күнделікті хабар), корреспонденция (күнделікті оқиғалар туралы газет- журналға жіберілген хабар) т.б. Стильдің бұл түрінде диалектизмдер де кездеседі. Мысалы: Жаманның басы бойрадай , жерде жатқан төсеніп Мұндағы бойра- қамыстан тоқылған тоқыма. Бергі бұрышта сөқ салған көк шанаш тұрады. Шанаш- жылқының бас терісінен жасалған ыдыс. Түрлі тағамдардың бәрін сол шыптаның ішінен ұшыратуға болады. Шыпта- киіз үйдің ши құрған ішкі жағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет