Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет54/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
Ясауитану лекция А.Бейсенов (1)

3-Қылует (Халует)
Ахмет Ясауидің 63 жасынан кейін жер астынан өзіне орын қаздырып, соған түскені белгілі. Осы түскен жерін біз “қылуетхана” дейміз.
Қылует - адамның бір шетте ешкіммен сөйлеспестен тек зікір, дұғамен айналысатын орын дегенді білдіреді. Кашшани қылуетті “тірі жанға көрінбейтін жерде сырдың (көңілдің) Аллаћпен тілдесуі, оған жалбарынуы” деп суреттеген.
Қылует - тек Ахмет Ясауидің шығарған қағидасы емес. Осылай өмір сүру Хазіреті Мұхаммед пайғамбардан, тіпті одан бұрынғы пайғамбарлардан қалған жол.
Мұхаммед пайғамбар өзінің пайғамбарлығынан бұрын, яғни пайғамбарлық келетін жылы адамдардан бөлек, Рамазан айында Хира үңгірінде іштей (батыни) құлшылық қылатын. Тіпті, пайғамбарлық кезеңінің өзінде Рамазан айының соңғы он күнін итикафпен өткізетін. Міне, бұлар қылуетке жатады.
Мұхаммед пайғамбардың жолы бойынша Ахмет Ясауи де қылуетті қалыптастырған. ¤зі де жас кезінен Мұхаммед пайғамбардың сүннетін қатты ұстағанына байланысты пайғамбар жасы болған 63 жасқа келер-келмес “пайғамбар жасынан аспаймын” деген оймен өзінің мектебiнiң маңайынан жер астынан орын қазып, баспалдақпен түсетіндей етіп жасатады және Мұхаммед пайғамбардың “өлместен бұрын өліңдер” хадисіне сай, қабірді, өлімді елестететін, күн көзі түспейтін қараңғы бұл жайда ол Аллаћқа зікір айтумен, оған құлшылық жасаумен, Диуани Хикмет жазумен, нәпсі тәрбиелеумен шұғылданған. Кейбір аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауи қылуетте 63 жасынан бастап, 120, 125 немесе 133 жасына дейін өмір сүрген.


Әдебиеттер тiзiмi:
А) Негiзгi әдебиеттер

  1. Ясауи Қ.А. Диуани Хикмет. Алматы, 1998

  2. Ясауи Қ.А. Пақырнама және мiнажатнама. Түркiстан, 1992

  3. Зейбек Н.К. Қ.А.Ясауи жолы және таңдамалы хикметтер. Анкара, 2003

  4. Зейбек Н.К. Иасауи жолы. Анкара, 2003

  5. Кенжетаев Д. Қ.А.Ясауи дүниетанымы. Түркiстан, 2004

  6. Атик М.К., Дәуренқұлов Қ., Мырзабеков М. Ясауитану оқу құралы. Түркiстан, 2002

  7. Пьлев А. Ходжа Ахмед Ясави: Суфиский поэт его эпоха, творчества. Алматы, 1997

  8. Абуов А. Мировозрение Ходжа Ахмета Ясави. Алматы, 1997

  9. Құран, қазакша мағынасы және түсінігі. Ауд. Алтай Х.

  10. Антология мысли, Суфизм. Москва, 2002

  11. Эрнест К. Суфизм. Москва, 2001

  12. Ахметбек А. Қожа Ахмет Ясауи. Алматы, 1998



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет