Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет2/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Ясауитану лекция А.Бейсенов (1)

2. Діннің пайдалары
Адам "дене" (тән) мен "рух" (жан) деген екі жаратылыстың бірігуінен тұрады. Егер адам денесіне керек қажеттіліктермен (тағам, сусын, киім-кешек, ауа) қамтамасыз етпесе, дененің өмір сүруі тоқтайды. Сондықтан әрбір адам денесін денеге қажет нәрселермен қамтамасыз ету керек екендігін біледі.
Ал дін – рух, көңіл азығы. Сондықтан бір адамның толық бір бүтін адам болуы үшін дін керек. Егер адам діннің азамзатқа қажеті жоқ деп түсінсе, өзі де ешбір дінді ұстанбаса, ол адам жарым жан адам іспетті рухани дүниесі кедей, азғындаған адам болып табылады және ол адамнан түрлі қылмыстар мен күнәлі істер күтуге болады. Ал дін болса, адамның кез келген қылмысқа баруына тосқауыл болады, рухына моральдық азық болады.
Дін дегеніміз - сенім. Осы сенім бойынша өмір сүретін адам ауыр қылмыстар мен күнәлі істерге бармайды. ¤йткені дүние жүзіндегі діндердің қайсы бірін алып қарасақ, оның ешбірі жеке адамға, қоғамға зиян беретін жолдарға баруға тыйым салады. Тіпті дін - адамның көңіліндегі, жүрегіндегі көңiл, жүрек кiрлерiнен тазалаудың негізгі құралы.
Дін адам психикасындағы үрей, қорқыныш, қайғы, үмітсіздік сияқты кейде адамның басына келетін қиыншылық жағдайда көмек береді. Яғни, адам осындай қиын жағдайларда өз сеніміндегі құдіретті құбылысқа жалбарынып, көңілін орнына түсіреді, руханият дүниесі тыныштық табады.
Сонымен бірге дін қоғамның тәртіпті, бақытты болуын қамтамасыз етеді. ¤йткені дінге шын сенген адам жаманшылыққа бармайтыны сияқты, дін мықты қалыптасқан қоғамда да қылмыстар мен күнәлі істер кездесе бермейді және ол қоғамның болашағынан үлкен үміт күтуге болады. Ал дін мен рухани байлығы әлсіреген қоғамдардың ұзақ өмір сүруі өте сирек. ¤йткені ол қоғамда діннің әлсіреуі адамдардың азғындауына, бір-біріне деген мейірімсіздігіне, олардың түрлі қылмыстар мен күнәлі істерге баруына жол ашады және қоғамды дінсіз, қоғамдық тәртіп құралдарымен жөнге келтіру өте қиын. Ал дін адамның жүрегінде орын тепкендіктен, дін арқылы қоғамдағы адамдарды тәртіпке келтіру соншалықты қиыншылық туғызбайды және жоғарыда баяндағанымыздай, дүниедегі діндердің ешбірі адамдардың жаман жолдарға баруына жол бермейді. ¤йткені қоғамдық тәртіп құралдары адамның сыртқы көрінісіне назар аударса, дін адамның сыртқы көрінісіне, әрі ішкі дүниесіне де көңіл бөледі.
Сол діндердің бірі ислам діні адамның ақылын, ұрпағын, намысын, дінін және мүлкін қорғауға бағытталған. Ислам діні бойынша адамға немесе қоғамға пайдалы нәрселер «халал» немесе «парыз», ал керісінше зиянды нәрселерге тыйым (харам) салынған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет