Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет59/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Әдебиеттер тiзiмi:
А) Негiзгi әдебиеттер

  1. Зейбек Н.К. Иасауи жолы. Анкара, 2003

  2. Кенжетаев Д. Қ.А.Ясауи дүниетанымы. Түркiстан, 2004

  3. Атик М.К., Дәуренқұлов Қ., Мырзабеков М. Ясауитану оқу құралы. Түркiстан, 2002

  4. Пьлев А. Ходжа Ахмед Ясави: Суфиский поэт его эпоха, творчества. Алматы, 1997

  5. Абуов А. Мировозрение Ходжа Ахмета Ясави. Алматы, 1997

  6. Құран, қазакша мағынасы және түсінігі. Ауд. Алтай Х.

Ә) Қосымша әдебиеттер

  1. Көпрүлү М.Ф. Қ.А.Ясауи танымы және тағлымы. Шымкент, 1999

  2. Мырзахметов М. Иасауи тағлымы. Түркістан, 1996

  3. Жандарбеков З. Түркістанның қысқаша тарихы. Түркістан, 2000.

  4. Нұртазина Н. Қазақ мәдениетi және Ислам.

  5. Түркiстан халықаралық энциклопедиясы. Алматы, 2000

  6. Түркістан тарихы мен мәдинеті. Түркістан, 2000

  7. Жармұхамедұлы М. Қожа Ахмет Иасауи және Түркістан. Алматы, 1999

  8. Иасауи жолы журналы. Түркiстан, 2004



15 тақырып
Ахмет Яссауидің түркі дүниесіндегі орны

Орта Азиядағы түркі тайпалары арасында Х ғасырдың ІI ші жартысынан бастап ислам діні кеңінен тарала бастады. Ал ХІІ ғасырда Ахмет Ясауидің иршадымен (жол көрсету) ислам дінінің таралуы жергілікті халықтың мәдениетін қамти жаңа арнаға түсті.


Түркі сопылығы тарихында суфизмнің негізін салушы Ахмет Ясауи исламнан бұрынғы буддизм, тәңiршiлдiк пен бақсылық, манихеизм мәдениетін білетін түркі тайпаларына ислам дінін сопылық жол арқылы қабылдауға болатынын көрсетті, сол арқылы түркі тайпалары арасына мұсылман-түркі мәдениетінің негізін қалады. Ол түркі халқына ақылды, білімді және даналықты қолдана отырып, туралық пен әділетке барудың жолын көрсетті. Ахмет Ясауи түркі халқының көңіліне сопылық жол арқылы құдай махаббатына алып баратын жолды ашып берді, адамдарды бір-бірімен көңіл, бірлік, достық тілімен таныстырды. Адамдарға адамды отан үшін емес, отанды адам үшін сүюді үйретті. Әзіреті Сұлтан қоғамдағы бірлік пен достықтың негізін қалап, көпшіліктің көңілін таба білді, жартыны емес, бүтінді сүйді, бөлінуді емес, бірігуді үйретті. Ол тек қаладағы тұрғындарға ғана емес, ауыл мен қырлардағы жұртқа түсінікті тілмен сөйлеп, өзіне жақын ұстауға тырысты. Түркілердің бір пікірде болуын қалап, ол түркілер арасына байланыс көпірін салды. Түркі халқының көңіліне махаббат пен сүйіспеншілік ұрығын септі.
Әлі исламды қабылдай қоймаған, ислами әмірлерден хабарсыз түркі халқына ислам дінін қабылдауды оңайлату үшін, Ахмет Ясауи дiни төзiмдiлiк есігін ашты, мұсылмандық шарттарды, иман негіздері мен ахлақи құндылықтарды ежелгі түркі халқының жора-қағидалары және ұлттық мінезімен байланыстырды.
Оның шүкір, сабыр, әмірлерді тыңдау, сыр сақтау, риязет, жалғандықтан ұзақ болу, әділет, туралықты қалау, менмендіктен аулақ болу, адамдарға кешірімді болу, үлкендерге құрмет көрсету, жүктелген міндетті орындау, мұқтаждарға жәрдемдесу т.б. адамдық құндылықтарын ғасырлар бойы түркі халқы ұстады. Оның құрған Ясауилік жолы бүкіл түркі ұлтына өнеге болды. Ясауидің құрған түркі сопылық жолы алдымен Сырдария (Сейхун) жағалуы мен Түркістанға таралды.
Сырдария (Сейхун) жағалауы мен Хорезм өңіріндегі көшпелілерге және Бұлғар өңіріне таралған Ясауилік жолы монғол шапқыншылығынан кейін, Хорасан, Әзірбайжан өлкесіне тарала отырып, ХІІ ғасырда Анадолыға жетті. Ясауи шейхтары мен дәруіштері шағын топтарға бөлініп, олардың Анадолы мен Балқанға көшуі ХІ‡ ғасырда да жалғаса берді. Сары Салтұқ сияқты Ясауидің ізбасарлары Тракия және Балкан аймақтарына Ясауидің философиясы мен дүниетанымын таратты.
Ясауи тариқаты мен мәдениеті арада қаншама ғасырлар өткеніне қарамастан, заман өткен сайын дами түсті. Тіпті ол ‡ндістан мен Анадолы сопылығының дамуына да ықпал жасады.
Түркі дүниесінің, тіпті басқа халықтардағы дәруiштердiң көңіліне терең ұялаған Ахмет Ясауи 70 жылдық кеңестік дәуір жүйесінің езгісіне қарамастан, түркі халқының есінен шықпады, керісінше қуаттана түсті. Әсіресе соңғы он жылдықтағы Кеңес үкіметінің ыдырап, атеистік тәрбиенің жойылуына байланысты, Ахмет Ясауидің есімі, дүниетанымы көпшілік қауымға кеңінен танытыла бастады. Дегенмен Ясауи мұрасын зерттеу сонау ХIХ ғасырда-ақ қолға алынған болатын. Атай кетсек, ұлы бабамызды ғылыми тұрғыдан алғаш оның сопылық дәстүрі, теоремасын зерттеген түрік ғалымы - Ф.Көпрүлү. Сонымен қатар А.К.Боровков, В.А.Гордлевсий, Э.А.Бертельс, М.Б. Массон тәрізді орыс зерттеушілері Ясауи тақырыбына арнайы еңбек арнамаса да діни тақырыптарда жазған көлемді мақалаларында Ясауидің түркі халықтарының рухани өсуіне, өзін-өзі танып білуге үлкен еңбек сіңіргенін, оның мұрасына назар аудару қажеттігіне ерекше тоқталып өткен.
Ясауидің рухани дүниетанымын зерттеуге Еуропа және Америкада тұратын ясауитанушылар И.Меликофф, Анна-Мария Шиммель, Бодроглигетти сияқты ғалымдар ат салысып келеді. Қазіргі Америка Құрама Штаттарында тұратын аса көрнекті ясауитанушы Девид Де Вис есімі ғылыми ортаға Алтын Орда дәуірі кезіндегі ислам мен шамандық діни сенімдері туралы еңбектерімен жақсы таныс. Қазір Түркияда яссауитанушы К.Эраслан, К.Зейбектің еңбектері танымал.
Ал Қазақстанда Ясауи творчествосы филологиялық салада Ә.Қоңыратбаев, Қ.Сүйінішәлиев, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедов еңбектерінен орын алған. Дүниетанымдық тақырыбы бойынша Ясауи мұрасының бүгінгі өркениетпен байланысын ғылыми тұрғыдан жүйелеп, оның бүкіл әлем философиясына қомақты үлес қосқанын негіздеп талдап берген ясауитанушылардың қатарына А.Н.Нысанбаев, М.Орынбеков, Қ.Х.Тәжікова, А.Абуов, Д. Кежнжетай еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай-ақ 1992 жылдан бастап, түркі дүниесінің атақты ғалымдары Ахмет Ясауи жайлы зерттеулер жүргізіп, мақалалар, кітаптар жазып, симпозиумдер өткізіп келеді. Ясылық Ахметтің отаны, әрі сүйегі жатқан ұлы Түркістан қаласында 1991 жылы 6 мамырда алғашқы президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы мемлекеттік университет ашылды. Келесі жылы Қазақстан мен Түркия республикаларының келісімімен, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта ашылды. Міне бұл университеттің ашылуы бабамыздың түркі дүниесіндегі қаншалықты орны бар екендігін көрсетеді.
Бүгінде университетіміздің Түркістан қаласынан басқа Шымкент, Кентау, Тараз және Алматы қалаларында филиалдары бар.
Түйiн ретiнде айтар болсақ Ахмет Ясауи - исламның нағыз өзін түркі рухында ұсынған адам, Аллаћқа ғашықтық, адам сүйіспеншілігі, діндарлық, басқа діндер мен мәзћабтарға оң көзбен қарайтын дiни төзімділік, білімге көңіл бөлетін, асқа, еңбекке құрмет көрсететін, әйел мен ерді тең ұстауға тырысатын ұлы ойшыл. Ахмет Ясауи - түркі дүниесінің ортақ рухани атасы.


* Ұлы адамдарға құрмет ретiнде айтылатын сөз. Қазақ тiлiне “әзiрет” болып енген.

* Ортаға ақша тастап ойнайтын ойын, осы ойын түрi ислам дiнi бойынша тыйым салынған.

* Некесiз ер мен әйелдiң бiрге болуы, зинақорлық - ислам дiнi бойынша үлкен күнәлардың бiрi.

*Милади “туылу” деген мағынаға сәйкес келедi, яғни хазiретi Иса пайғамбардың туылуынан бастап саналатын жыл санағы. Бүгiнгi күнi қолданып жүрген жыл санағымыз арабша “милади” деп аталады.

* Аллаһқа серiк қосқандар

* Мұсылмандық жыл санақ. Аталмыш жыл санақ 622 жылы Мұхаммед пайғамбар мен меккелiк мұсылмандардың Меккеден Мединеге қоныс аударуынан басталады

* Құдайдың әлемге қойған заңдылығынан тыс, адамдардды сендiру үшiн пайғамбарларға берген Аллаһтың төтенше рұқсаты.

* Бiр мәселе жайында Мұхаммед пайғамбардың жауап қатпауы, яғни “дұрыс”, “келiстiм” дегенi.

* Хазiретi Мұхаммед Мединеге келген кезде яһудилердiң ашура күнi ораза ұстағанын көрiп, «Бұл қандай ораза?- деп сұраған. Сонда олар: «Аллаһ бұл күнi Мұса мен Исрайл ұрпағын дұшпандардан құтқарған, сондықтан Мұса осы күнi ораза ұстайтын, - дескен. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с): сендерге қарағанда мен Мұсаға әлдеқайда жақынмын»-деген де осы күнi ораза ұстауды әмiр еттi (Бұхари, Саум, 69).

* Пайғамбарымыз Хз.Мұхаммед (ғ.с) аптаның дүйсенбi және бейсенбi күндерi ораза ұстайтын және «Менiң iстерiмнiң ұлы Раббыма ораза ұстаған кезiмде ұсынылуын қалаймын» (Әбу Дәуiд, Саум, 60), - дейтiн.

* Хазiретi Мұхаммед: (ғ.с) «Әр айда үш күн ораза ұстағың келсе, айдың 13, 14, 15-шi күндерiнде ұста»- деген. (Бұхари, Әнбия, 377).



* “Шәкiрт”, “жолын қуушы” деген мағыналарға сәйкес келедi. Яғни, бiр шейхқа қол берген. Оның рухани iлiмдерiн меңгеруге бет алған адам.

* жол, сопылық жол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет