Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар


тақырып Ислам діні иман (сенім) негіздері



бет20/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59
Байланысты:
Ясауитану лекция А.Бейсенов (1)

4 тақырып


Ислам діні иман (сенім) негіздері



  1. ¦лы Аллаћқа және оның сипаттарына иман

  2. Періштелерге иман

  3. Кітаптарға иман

  4. Пайғамбарларға иман

  5. Ахырет күніне иман

  6. Тағдырға иман



Ислам діні иман (сенім) негіздері
Иман сөздікте «бір нәрсеге сену», «мақұлдау», «қабылдау», «бағыну» деген мағыналарды береді. Ал дініміз бойынша ұлы Аллаћтың дінін, Хазіреті Пайғамбардың баяндағандарын кесінді түрде көңiлмен мақұлдауды және тiлмен айтуды «иман» деп атайды.
Иман «жалпы (ижмали) иман» және «дара (тафсили) иман» болып екі түрге бөлінеді. Дініміздің негізі Аллаћтың барлығы мен бірлігін мойындау болғандықтан, мұсылмандар бір дәстүр ретінде өзінің мұсылман екенін білдіретін жалпы (ижмали) иманды былай айтады:
«Лә илаћә илла-л-лаћ, Мұхаммадун расулу-л-лаћи».
Мағынасы: «Аллаћтан басқа тәңірі жоқ, Мұхаммед оның елшісі».
Міне, жоғарыдағы мүбәрәк сөзді айтқан адам ислам дініне кірген және мұсылмандықтың алғашқы табалдырығын аттаған болып есептелiнедi. Яғни, біздің дініміздің негізі Аллаћты бірлеуден (тәухид) тұратындықтан, Аллаћтың бірлігін білдіретін қасиетті осы сөзді айту «жалпы (ижмали) иманға» жатады.
Сонымен қатар келесі иманның түрі - дара (тафлиси) иман, Аллаћтың сөзі - Құран Кәрім мен ардақты Хазіреті Мұхаммедтiң (ғ.с.) хадистерінде баяндалған мұсылман адамның мойындауы керек нәрселерді егжей-тегжейлеп, атап айтатын иманды айтады. Олар: ¦лы Аллаћқа, періштелеріне, Аллаћтың кітаптарына, пайғамбарларға, ахирет күніне, тағдыр мен қазаға сену.
Оны біз әрдайым «Әмәнтү би-л-лаћ» сөзімен былай деп түсіндіреміз:
«Мен ұлы Аллаћқа, оның періштелеріне, оның кітаптарына, оның пайғамбарларына, ахирет күніне, тағдырдың (жақсылық пен жамандықтың) Аллаћтан болғанына сенемін. ¤лгеннен кейін тіріліп есеп алаңына жиналу (махшар) шын. Мен Аллаћтан басқа тәңірі жоқ екеніне және Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін».



  1. ¦лы Аллаћқа және оның сипаттарына иман

Жоғарыда баяндалғаны сияқты имандағы алты шарттың біріншісі –Аллаћ Тағалаға иман.
Ислам сенімі бойынша Аллаћтың теңі, ұқсасы жоқ. Ол барлық нәрсенің жаратушысы және екі дүниенің иесі. Оның сипаттары мен қажетіне ешнәрсе жете алмайды. Оны Ықылас сүресінде былай түсіндіреді : «Ол Аллаћ бір. Аллаћ мұңсыз. Ол тумады да туылмады. Әрі оған ешнәрсе тең емес де” .
Бірақ Аллаћты заты (субстанциясы), сипаттары (атрибуттары) және іс-әрекеттерімен бір деп қабылдау мүмін мен мұсылманға жеткілікті емес. Ғибадаттарда да Аллаћты бірлеу керек, яғни құлшылықты тек Аллаћқа ғана жасау, одан басқа нәрсеге табынбау және құлшылық етпеу, тек Аллаћтан ғана көмек сұрау ислам дінінің басқа діндерден артықшылықтарының бірі болса керек. Ал Аллаћтан басқаға табынатындар мен жәрдем сұрайтындар мүмін немесе мұсылманға жатпайды.
Аллаћтың зати (субстанция) сипаттары:
а) Вүжуд. «Бар болу» деген сөз. Аллаћтың бар болуы өзіне байланысты, басқа арқылы емес. Бар болуы міндетті болған тек Аллаћ қана. Аллаћтың жоқ болуы мүмкін емес, ол адамның ақылына сыймайтын нәрсе. Адамдар Аллаћтың барлығына сенеді. ¤йткені бұл сенім адамның жаратылысында бар.
Құранда Аллаћтың барлығына көптеген дәлелдер келтірілген, онда жер мен көктің жаратылуы, күндіздің түнге, түннің күндізге ауысуы, мезгілдердің алмасып келеуі, әлемдегі тәртіп пен үйлесімділік Аллаћтың бар екендігіне дәлел болып табылады.
Әлем бар болу үшін бір ұлылыққа (барлық) мұқтаж, яғни әлем және ондағы жаратылыстар бар болуы жағынан ұлы Аллаћқа мұқтаж. Өйткені Аллаћ жаратпастан бұрын бұл әлем жоқ болатын. Ал Аллаћтың бар болуы еш нәрсеге мұқтаж емес.
ә) әл-Қидам - «барлығының бастауы жоқ», бұрыннан бар деген сөз. Аллаћтың бар болуы заты арқылы болған, кейіннен пайда болмаған. Оның барлығының бастауы жоқ. Аллаћтан басқа барлық нәрсе кейіннен пайда болған.
б) әл-Бәқаа - «барлығының соңы, ақыры жоқ», мәңгі-бақи болу деген сөз. Аллаћтың барлығының соңы жоқ. Бастауы болмаған нәрсенің соңы да болмайтыны белгілі. Сондықтан бастауы болмаған Аллаћтың соңы да болмайды.
в) әл-Уәхдания «жалғыз, дара және біреу» деген мағынаны береді. ¦лы Аллаћ заты мен сипаттары тұрғысынан бір. Оның серігі, ұқсасы және теңдесi жоқ. Аллаћ жаратылған нәрселердің ешқайсысына ұқсамайды, жаратылыстар да Аллаћқа ұқсамайды. Қасиеттi Құран Кәрiмде "Егер жер мен көкте Аллаћтан басқа тәңiрлер болғанда жер мен көк тас-талқан болып бұзылар едi."(Әнбия, 22), - дейдi.
г) Мухалафатун лил хауадис «Аллаћ кейіннен пайда болған нәрселердің ешқайсысына да ұқсамайды» деген мағынаны бiлдiредi. Оның ұқсасы және теңдесі жоқ. Аллаћтың кейіннен жаратылғандарға ұқсауы мүмкін емес. "Оның еш ұқсасы жоқ"(Шура,11); "Оның еш теңдесi жоқ"(Ықылас,4).
ғ) Қиям би нәфсићи «Бар болу үшiн басқа бiреуге мұқтаж болмау» дегендi бiлдiредi. Аллаһ бар болу үшiн басқа бiр жаратушыға яки, белгiлi бiр мекенге, уақытқа мұқтаж емес. Барлық нәрсе бар болуы үшін Аллаћқа мұқтаж, бірақ Аллаћтың бар болуы өзінен. Басқаға мұқтаж болу Аллаћқа тән емес.
Аллаћтың субути сипаттары:
а) Хаят Аллаћ «әрдайым тірі, әрі жанды» деген сипаты. Жансыздық пен өлім Аллаћқа тән емес. Барлық болмысқа жан беретін Аллаћ “хаят” сипатымен сипатталуы тиіс. Құранда "Мәңгiлiк өлмейтiн тiрi Аллаһқа тәуекел ет" (Фурқан, 58) - делiнген.
ә) Iлiм (илм) Аллаћ «барлық нәрсені біледі» дегендi бiлдiредi. Оның iлiмi шексiз. Оның білмейтін нәрсесі жоқ. Ол болғанды, болмағанды, өткенді, келешекті, жасырын мен анықты да біледі. Себебi, оның iлiмi кейiннен үйрену, оқу арқылы пайда болмаған. Iлiмiнiң бастауы жоқ.
б) Сәми - «есту» деген сөз. Аллаћ – естуші. Ол есту үшін құрал мен мүшеге мұқтаж емес. Ол анықты, жасырынды және сыбырды да естиді. Аллаһ Тағаланың өзiне жалбарынған құралдарының жасырын және құпия әртүрлi мiнәжаттары мен дұғаларын қабыл етiп, мұқтаждықтарын қамтамасыз етуi - Оның әр нәрсенi еститiн Сәми сипатының дәлелi болса керек.
в) Басар «Көру» деген мағынаны береді. Барлық нәрсені еститін Аллаћ, барлық нәрсені де көреді. Ешқандай нәрсе Аллаћтан жасырын қалмайды. Ол үлкенді, кішiнi, жасырынды, құпияны қысқасы бәрін көреді. Құранда: "Еш күмәнсiз Аллаһ көктегi және жердегi ғайбты (көмесi нәрселердiң бәрiн) бiледi. (Бұларды бiлген Аллаһ) Әлбетте, сендердiң барлық iстеп жатқан iстерiңдi көруде."(Хужурат, 18)-делiнедi.
г) Ирадә «Аллаћтың қалауы» деген сөз. Аллаћ не қаласа, сол болады. Адамдар бір нәрсені тілейді, бірақ Аллаћтың қалағаны болады. Аллаћ қалаған адамына денсаулық, байлық, ұрпақ және ғылым береді. Аллаћтың қалауынан тыс ешнәрсе жүзеге аспайды, асуы да мүмкін емес. "Ей, барлық мүлiктiң шынайы иесi - Аллаһым! Сен мүлiктi қалағаныңа берiп, қалағаныңнан қайта аласың. Қалағаныңның мәртебесiн көтерiп, қалағаныңды төмен түсiрiп қорлайсың. Күллi iзгiлiк пен қайырлы iстер тек қана Сенiңқолыңда. әлбетте, сенiң барлық нәрсеге құдiретiң толық жетедi.-деп айт "(Әли-Ғимран, 26).
ғ) Құдірет «күші жету» деген мағынаны береді. Аллаћтың күші шексіз. Оның барлық нәрсеге күші жетеді. Әлемдегі тәртіп пен үйлесімділік Аллаћтың құдіретінің нақты дәлелі болып табылады және Аллаћтың құдіретіне еш нәрсе тең келе алмайды.
д) Кәлам - «айту немесе сөйлеу» деген сөз. Аллаћ әуелден бері сөйеуші және сөйлегенде құрал мен мүшеге мұқтаж емес. Аллаћтың сөзі кейіннен жаратылған жаратылыстан емес. Ұлы жаратушымыздан түскен кітаптар мен уахилер осы сипаттың дәлелi.
е) Тәкуин «жарату, бар ету» мағыналарын береді. Аллаћ барлық нәрсені жаратушысы, яғни әлемдегі барлық нәрсені Аллаћ жаратқан.
Міне, жоғарыдағы Аллаћтың сипаттарына ешбір жаратылыстың сипаттары тең келе алмайды, оны ойлау да мүмкін емес. ¦лы Аллаћтың сипаттарының барлығы әуелден бері бар және мәңгілік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет