Әдебиеттер тiзiмi:
А) Негiзгi әдебиеттер
Хизметли С. Дiнтану. Шымкент, 2001
Есiм Ғ., Артемов А., Қанаев С., Бiләлов Г. Дiнтану негiздерi. Алматы, 2003
Исаұлы М., Жолдыбайұлы Қ. Ислам ғылымхалы. Алматы, 2003
Жолдыбайұлы Қ. Ақиқат шуағы. Алматы, 2004
Кислук К., Кучер О. Религиоведение. Ростов, 2003
по.ред.Писманик М. Религия в истории и культуре: учебник для студентов. Юнити, 2000
Ислам энциклопедиясы, Алматы, 1995
Яблоков И.Н. Основы религиоведения. Москва, 1994
Құран, қазакша мағынасы және түсінігі. Ауд. Алтай Х.
Максуд Р. Религии Мира Ислам. Москва, 2000
Ә) Қосымша әдебиеттер
Құнанбайұлы А., Қара сөздер. Алматы, 1993.
Түркiстан халықаралық энциклопедиясы. Алматы, 2000
Түркістан тарихы мен мәдинеті. Түркістан, 2000
Есім.Ғ. Суфизмге кіріспе/Сана болмысы/Саясат пен мадениет туралы ой. Алматы, 1998
Шакизадұлы Н., Ералиева Ж. Әдептiлiк қағидалары. Алматы, 2000
6 тақырып
Исламның ахлақ (мораль) негіздері
¤зімізге байланысты міндеттеріміз
Аллаћқа байланысты міндеттер
Пайғамбарға байланысты міндеттер
Жанұяға байланысты міндеттер
Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
Қоршаған ортаға байланысты міндеттер
Отанға байланысты міндеттер
Ахлақ “мінез-құлық”, “адамгершілік” деген мағыналарды білдіреді. Мiнез-құлық - адамның жаратылысынан қалыптасқан немесе тәрбие арқылы қабылдаған қасиеті. Осы бiр қасиеттiң келетін қайнары бірі - жаратылыстан келетін мінез, ал екіншісі - дін. Сондықтан адамның мінезі бір дінге негiзделмесе, оның бақытқа, рухани кемелдікке жетуі қиын. ¤йткені, адамға әдiлет пен әдiлетсiздiктi, имандылық пен азғындықты, пайда мен зиянды ажыратып білуге көмектесетін - дін. Сондықтан діні жоқ халықтардың болашағы жоқ.
Мұсылмандық ахлақ Құран мен Сүннетте орын алғаны сияқты адамның өзіне, жаратушысына, туыстарына және өмір сүрген ортаға байланысты міндеттер мен жауапкершіліктерден тұрады. Дініміздегi адам мiнез-құлығына мән берудiң мақсаты - адамды дүние мен ахиретте бақытты қылу, тыныш өмір сүрумен қамтамасыз ету. Сондықтан Құран Кәрімде иман, ғибадат тақырыптары орын алғаны сияқты ахлақ негіздері де өзектi мәселе ретiнде қарастырылған.
Мұсылмандық мiнез-құлықтың басты үлгiсi - ардақты Мұхаммед пайғамбардың асыл мiнезi. Осы мәселе бойынша өзінің бір хадисінде: “мен жақсы мінезді (ахлақты) толықтыру (тәмәмдау) үшін жіберілдім”, - деген. Тағы бір хадисінде: “мүміндердің иман тұрғысынан ең жақсылары - мінезі жақсы болғандар” - демекшi, ислам діні - адамның мінезіне де көңіл бөлетін дін.
1. ¤зімізге байланысты міндеттеріміз
Әрбір мұсылманның өзіне байланысты біршама міндеттері мен жауапкершіліктері бар. Адам өз рухы мен денесіне қажетті нәрселермен өз дәрежесінде қамтамасыз етуге, ғылым, білім үйренуге, өзін-өзі жетілдіруге, денсаулығын сақтауға, еңбек етіп адал жолмен ризығын табуға, жақсы амалдар істеп, жамандықтан аулақ болуға, қоғамға пайдалы, адал адам болуға міндетті, яғни ақыл-есі түзу, өз еркі өзінде болған адамның жоғарыдағыларды орындауға жауапты. ¤йткені Аллаћ Құранда: “кім зәрредей жақсылық жасаса сауабын көреді, ал зәрредей болса да жамандық жасаса, оның жазасын көреді” (Зилзал -7-8), - деген. Сонымен қатар адам Аллаћтың барлығын тануға және оған құлшылық жасауға міндетті. ¤йткені Аллаћ:“мен жындар мен адамдарды тек маған құлшылық етсін деп жараттым” – дегені сияқты, адамның Аллаћқа құлшылық жасауы тиіс.
Аллаћқа сенген адамның оның пайғамбарын да мойындап, оған бағынуы керек. Яғни, Аллаћты сүйген пенде оның пайғамбарын да сүйеді. Демек, мұсылмандық Аллаћқа бағынудан, оны сүюден, әрі ардақты Пайғамбарды да сүюден тұрады.
Сонымен қатар адамның әке-шешеге, жанұяға, қоғамға байланысты біршама міндеттерін орындау да өзіндік міндеттері болып табылады.
2. Аллаћқа байланысты міндеттер
Адамның ахлақи жағынан алдымен Аллаћқа байланысты жауапкершілігі орасан зор. Сондықтан адамның Аллаћқа деген біршама міндеттері бар. ¦лы Жаратушымыз адамзатқа сансыз нығметпен (игілік) қоректендіріп, адамды жоқтан бар етіп жаратқан. Ойлап қарайтын болсақ, бұл дүниеде өмір сүрудің өзі де бір мұғжиза.
Адамның осындай артықшылықтар берген Аллаћқа байланысты біршама міндеттері бар:
Күмәнсіз Аллаћтың бір екенін мойындап, оған ешқашан серік қоспау;
Адамзатқа денсаулық, бақыт, дәулет, жар, жора-жолдас, бала-шаға, атақ-даңқ берген Аллаћқа сену;
Өмірдегі жақсы-жаман жағдайларда тек Аллаћты паналау;
Адам өміріндегі пендешілігіне байланысты бірсыпыра қателер істеуі мүмкін. Міне, осындай жағдайларда Аллаћтан кешірім сұрап, тәубе ету;
Аллаћ кейде адамға жамандық-жақсылық көрсетіп сынауы мүмкін. Осындай жағдайларда Аллаћқа қарсы келмеу және оны ұмытпау;
Аллаћтың берген нығметіне (игілік) шүкіршілік ету;
Аллаћтың белгілеген жолымен жүріп, халал-харамды (адал-арам) әрдайым еске ұстау;
Аллаћқа берген сөздерді әрдайым орындау;
3. Пайғамбарға байланысты міндеттер
Ал ардақты Пайғамбарға деген міндеттеріміздің бастысы - оның әкелген дінінің тура екендігіне және оның пайғамбарлығына иман ету. Аллаћ Тағала құлдарына тек өзіне ғана табынуды бұйырумен бірге, пайғамбарына да бағынуды бұйырған. ¤йткені, адамның пайғамбарға сенбей, Аллаћты тануы және оның әмірлері мен тыйымдарын орындауы мүмкін емес. Біз пайғамбарды сүйеміз, оны құрметтейміз. ¤йткені адам баласының ішінде құрметтеуге лайық - тек Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар. Бұл дүниеге осы күнге дейін Пайғамбар сияқты кемеңгер адам туылған емес. ¤йткені ол өзінің парасаттылығымен, жоғары адамгершілігімен, көркем мінезімен тек мұсылмандарға ғана емес, бүкіл адам баласына үлгі болған кемеңгер адам. Мұсылмандар ардақты пайғамбарға құдай сияқты табынбайды және оны жамандамайды. Тек оны пайғамбар ретінде өзінен, жанұясынан және дүниесінен де артық сүйеді.
4. Жанұяға байланысты міндеттер
А. Жанұя және оның маңызы
Тарих бойында бас қосып отау тігуді адам баласы саналы түрде алдына мақсат қоя отырып, жанұя тәртібімен жүзеге асырған. Бұл адамның басқа жандылардан артықшылығы болып табылады. Құран Кәрім мен пайғамбардың айтқанындай, жанұя құрудың басты мақсаты - сау ұрпақ өсіріп, адамзаттың жалғасуын қамтамасыз ету. Адамдар басқа жандылар сияқты үйленбестен балалы бола берер, бірақ баласын асырап, оған рухани нәр беру, бір ананың қолынан келе бермейдi, келсе де ұзақ уақытты талап етеді және адамның мәдениетті болуы да осы жанұядан бастау алады. ¤йткені дiни сенім, адамдық құндылық, ұлттық салт-дәстүр мен жақсы әдеттер осы жанұяда туындайды. Жанұя құру – қызғаныштан пайда болатын проблемалардың алдын алады және қоғамдық жүйенің жақсы қалыптасуына ықпалы зор. Шаңырақ көтеру және осының негiзiнде қалыптасатын жоралар ер-әйел қатынасындағы биологиялық қанағаттандыруларды ислам дініндегі зинаны ауыр күнә деп тыйым салуына байланысты абыройлы жолмен қалыптастырылған. Сондай-ақ дамыған, кемелденген қоғамды қалыптастырудың ең негізгі шарты болып есептелінетін хақтар мен жауапкершіліктер жанұяға байланысты ерекше назарға алынған, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) жанұя мүшелерінің хақтарына немқұрайдылықпен қараған пендеге нәпіл намаз оқуға, нәпіл ораза ұстауға т.б. ғибадаттарды орындауға хұқық бермеген.
Бүкіл адамзат пен мұсылмандардың бір-бірімен байланысты мәселесi бойынша алдында тұрған негізгі мәселесі хақтары мен міндеттері болғандықтан, мұсылман ахлақшылары Құран мен Сүннет негiзi бойынша жанұя мүшелерінің де өздеріне байланысты міндеттерін белгілеген.
Ә. Ерлі-зайыптылардың міндеттері
Ерлі-зайыптылар бір шаңырақтың негізін қалаушылары, яғни бір шаңырақ ері мен әйелінің бас қосып, отау тігуінен басталады. Ерлі-зайыптылық үйленумен, Аллаћ пен халық алдындағы заңды некемен жүзеге асуы тиіс.
Мұсылмандық пен түркі дәстүрiнде жанұя көсемі – ер адам. Ислам діні мен дәстүріміздің жанұя мәселесінде оның жақсы қалыптасуы үшін, жанұяны басқару ер адамға жүктелуі, әйел затын төмен санау, оның хұқығын шектеу деп түсінбеген жөн, керісінше ондайларға жол берілмейді, ахлақ принциптерінен, Жаратушымыздың пайғамбарға айтқандарынан мұндай мәселе кездеспейді. Сонымен қатар әйелдiң еріне бағынуы - шарасыздықтан емес, ахлақи бір құндылық. Құранның: «әйелдермен жақсы байланыста болыңдар» (Ниса-19) - деуі, Пайғамбардың да: «адамдардың ең жақсысы жарымен жақсы қатынаста болғандар», - деп түсіндіруі - жоғарыда баяндағандарымыздың дәлелі.
Мұсылмандықта бірден артық әйелмен үйлену бұйрық емес, қажет жағдайда жүзеге асыруға болатын рұқсат. Ал негізгісі – бір әйелмен үйлену.
Б. Әке-шешеге байланысты міндеттер
Ислам діні жанұяның құрушысы болып табылатын әке-шешеге құрмет көрсетуді бұйырады. Адамның дүниеге келуіне себепкер болған әке-шеше - құрмет пен сүйіспеншілікке ең лайық жандар. Құранда Аллаћ былай дейді: «Раббыларың тек өзіне құлдық етулеріңді, әке-шешелеріңе жақсы қарауларыңды кесінді түрде әмір етті. Олардың бірі немесе екеуі де сенің қолыңда қартайса, тіпті оларға «үћ» деп те айтпа, оларды жазғырма, екеуіне де сыпайы (жақсы) сөйле. Оларды қорғап, қанатыңның астына ал және «Раббым ! кішкентай кезімде олар мені қалай мәпелеп өсірсе, сен де оларды қорға» – деп дұға ет» (Исра-23-24). Ал пайғамбар үлкен күнәларды былай тiзбектеген: «Аллаћқа ортақ қосу, әке-шешеге қарсы келу және жалған куә болу … ».
Әке-шешеге жақсылық жасап, оларды ренжітуден аулақ болу туралы көптеген аят-хадистермен бірге, ахлақ кітаптарында да осы тақырып жайында көп баяндалған. Онда әке-шешенің қоғамдағы хұқықтарымен бірге балаларының оларға байланысты орындалуы тиіс біршама міндеттері бар және оларды біз былай тiзбектей аламыз: материалдық-рухани қажеттіліктерiн қамтамасыз ету, бақытты, тыныш орта қалыптастыруға тырысу, олар сұрамай тұрып беру, олар жайлы ешкімге шағымданбау, жамандығын жасырып, жақсылығын асыру, тапсырмаларын ренжітпестен орындау, тірі кездерінде құрметтеп, өлгеннен кейін де артынан дұға оқып тұру, харам емес жағдайларда өсиеттерiн орындау, сауап істері мен ғибадаттарына көмектесу, өлерiндегi өсиеттерін орындау және оларды жақсылықпен еске алу, өлгеннен кейін де орындарын білдірмей, достарымен, жақсы көрген адамдарымен байланыс үзбеу, сонымен қатар діннің, салт-дәстүрдің ұнататын жораларын орындау.
В. Әке-шешенің балаларына байланысты міндеттері
Ерлі-зайыпты бас қосып шаңырақ көтергеннен кейін, олардың ұрпағын жалғастыратын балалары болатыны белгілі. Сол кезден бастап оларды «ата-ана» дейміз. Ата-ана құдай алдында балаларына дұрыс тәрбие беруге міндетті. ¤йткені, адам дүниеге келгендегi бірінші ұстазы - әкесі мен шешесі, яғни дүниеге келген нәресте әке-шешесіне қарап өседі, әке-шеше балаға қандай жол көрсетсе, бала да өмір бақи сол жолмен кетеді. Сондықтан әке-шеше балаларына дұрыс тәрбие беруге, оларға жақсы үлгі болуға, өмір сүретін қоғамына сай тәрбиелеуге, діни-имандылық тәлiм-тәрбие беруге, білім беруге, адал табыспен, ризықпен асырауға міндетті.
Г. Ағайын-бауырлардың өзара міндеттері.
Бір жанұядан өрбіген жанұяның мүшелеріне аға, іні, қарындас, әпке, сіңлілер жатады, яғни бұлар бір-біріне бауыр болып есептелінеді. Бір жанұяда өскен бауырлар, бір табақтан ас ішіп, бірдей тәрбие көреді. Сол себептен бауырлар да бір-бірімен ренжіспеуі, ренжіссе де кешірімді болулары тиіс. Олар бір-бірімен мал-мүлік үшін таласпауға, бір-бірін орнына қарай құрметтеуге міндетті. Бауырлар кейін өсіп, жеке-жеке отау тіккенде де тату-тәтті өмір кешіп, ағайындық байланыстарын өмір бойы жалғастырулары тиіс.
Ал ағайын-жекжаттарға туыстық сезіммен қарап, оларды орнына қарай құрмет көрсетуге, басына қиын іс түскенде қол ұшын беруге, олардан мүлдем қол үзіп кетпеуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |