2. Періштелерге иман Аллаћтың әр түрлі жаратқандары бар. Сол жаратқандарының бірі – періштелер. Періштелер адамның көзіне көрінбейтін жаратылыстар. Олардың жаратылыстары біздің жаратылысымызға сәйкес келмейді және біздің көзімізге көрінбейді. Бiрақ біз оларды көре алмадық деп жоққа шығара алмаймыз. ¤йткені Аллаћ Тағала мен оның пайғамбарлары періштелердің бар екенін бізге білдірген.
Періштелер Аллаћқа қарсы келмейді және оның әмірлерінен шықпайды. ¤здеріне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындайды. Олар жемейді, ішпейді, шаршамайды және жалықпайды. Періштелер нұрдан жаратылған. Оларда жыныстық қасиеттер жоқ. Аллаћ періштелерден кейбіреулерінің ажалы келгенде жанын алады. Періштелерді жаратқан Аллаћ оларға түрлі жұмыстар міндеттеген.
Періштелердің толық саны бізге беймәлім. Бірақ, Құран Кәрімде және пайғамбарымыздың хадистерінде кейбір періштелердің аттары мен қызметтері көрсетілген.
Періштелердің өз орындарына қарай:
Арзи (жер беті) періштелер;
Сәмәуи (аспан) періштелер;
Арши (ғарыш) періштелері болып бөлінеді.
Дегенмен, періштелер арасындағы ұлық періштелер Құран Кәрiм мен Хадис Шәрiптерде аттары мен қызметтерi баяндалған:
Жебiрейiл – төрт ұлық періштенің бірі. ¦лы Аллаћтан пайғамбарларға хабар тасушы, дәнекер періште;
Исрафил – оған жүктелген міндет, Аллаћтың бұйыруымен сұрды (керней) екі рет үрлегенде қиямет болады. Яғни бірінші рет үрлегенде қиямет болады. Екінші рет үрлегенде адам, жан-жануарлар тіріледі;
Әзiрейiл – жандылардың жанын алу қызметіне тағайындалған ажал періштесі. Міне осылар, төрт ұлық періштелерге жатады. Одан басқа:
Кираман Катибин – адамның оң мен сол жағындағы періштелер. Адамның оң жағындағы періште адамның жақсылығын, ал сол жағындағысы жамандығын жазып отырады.
Мүнкәр және Нәкiр - ¤лімнен кейін қабірде адамның жасаған істері жайлы сұрайтын періштелер.
Хамеле-и Арш - ғарышты көтеретін періштелер.
Хазене-и жәннәт уә жәћәннәм - жұмақ пен тозақ істерін жүргізуге міндеттелген періштелер. Бұлардың саны өте көп, олар әсіресе жәннәтта мүміндерге қызмет қылумен айналысады.
Мұқарребун періштелер - ¦лы Аллаћқа да, адамдарға да өте жақын, мейрімді періштелер т.б.