Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет25/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
Ә) Қосымша әдебиеттер

  1. Құнанбайұлы А., Қара сөздер. Алматы, 1993.

  2. Нұртазина Н. Қазақ мәдениетi және Ислам.

  3. Есім.Ғ. Суфизмге кіріспе/Сана болмысы/Саясат пен мадениет туралы ой. Алматы, 1998

  4. Бүгiнгi дiнтану мәселелерi. Түркiстан, 2004

  5. Шакизадұлы Н., Ералиева Ж. Әдептiлiк қағидалары. Алматы, 2000

5 тақырып
Ислам діні ғибадат (құлшылық) негіздері

  1. Кәлимә шәћәдат

  2. Намаз

  3. Ораза

  4. Зекет

  5. Хаж (қажылық)



Ислам діні ғибадат (құлшылық) негіздері
Ғибадат - құлшылық деген сөз. Терминдiк мағынасы Жаратушы күшке құрмет көрсету, сыйыну және табыну деген мағыналарға сәйкес келедi.
Мұсылмандық ғибадатты былай жiктей аламыз:

  1. Денемен жасалған ғибадат (Намаз оқу, ораза тұту, Құран оқу және жақсы iстер т.б.),

  2. Дүние-мүлiкпен жасалатын ғибадат (Зекет беру, садақа беру тб.).

  3. Дене және дүние-мүлiкпен жасалынатын ғибадат (Қажылық, умра).

Мұсылманға ұлы Жаратушының барлығы мен бірлігін сеніммен немесе жүрекпен илану жеткіліксіз, ұлы Аллаћты амалмен де бірлеу керек, яғни құлшылықты тек Аллаћқа ғана жасап, әрбір мұсылман тек Аллаћқа ғана бас июі тиіс.
Ардақты пайғамбарымыз: “Мұсылмандық негіз бес нәрсенің үстіне орнатылған. Аллаћтан басқа ешқандай тәңірдiң жоқ екендiгiне және Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екендiгiне сену, намаз оқу, Рамазанның оразасын ұстау, зекет беру және қажыға бару”, - деп белгілеген.
Дегенмен құдайдың негiзгi әмiрлерiн орындау үшiн мұсылман адамның жаны мен тәнiнде мынандай шарттардың болуы тиiс (мүкәллаф):

  1. Ақыл-есі дұрыс болу;

  2. Балиғат жасына жеткен болу.

Ал жындылар мен балиғат жасына жетпеген жасөспірімдер Аллаћтың әмірлері мен тыйымдарын орындауға жауапкер емес (Ислам діні бойынша балиғат жасына жету қыз бала үшін 9-15, ер бала үшін 12-15 жас аралығы).
Исламның шарттары:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет