Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар


тақырып Ахмет Ясауидің Түркі дүниесіне жасаған қызметтері



бет51/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59
Байланысты:
Ясауитану лекция А.Бейсенов (1)

12 тақырып
Ахмет Ясауидің Түркі дүниесіне жасаған қызметтері
1. Қожа Ахмет Ясауидің қызметтері
2. Ясауилікте зікір ұғымы
3. Қылует


1. Қожа Ахмет Ясауидің қызметтері
а. Тiлге қызметi. Түркi халықтары арасына ислам дiнiнiң таралу барысы бiрнеше ғасырларды қамтыды. Себебi, дiни iлiмнiң өзегi есептi дiни шығармалар ислам орталықтарында араб, парсы тiлдерiнде жарық көрдi. Орта ғасырлық оқымыстылар мен бiлiмдiлер бiлiмдi екендiктерiн көрсету немесе пiкiрiн өзгелерге жария ету мақсатында шығармаларын сол замандағы дiн тiлi, ғылым тiлi яки ортақ түсiнiстiк тiл - араб немесе парсы тiлдерiнде жазды. Сондықтан арабша, парсыша оқу-жазу бiлмейтiн ауыл халқына ақиқат iлiмiн меңгеру қиын екендiгi айтпаса да түсiнiктi. Тiл - адамдардың бiр-бiрiмен қарым-қатынас құралы немесе адамның iшкi ойын, сезiмiн сыртқа шығаруы емес пе?! Сондықтан, әке-шешесiне, құдай қосқан қосағына немесе адал досына айта алмайтын жан сарайындағы кейбiр қалау-тiлектерiн адам ұлы Жаратушысынан осы тiл арқылы жалбарынып сұрай алады. Дегенмен, Құран аяттарынан, Пайғамбардың хадистерiнен немесе ұлы имамдар мен әулиелердiң жалбарынуларынан алынған дұғалар да бар. Алайда, бұлар көбiнше араб немесе парсы тiлiнде оқылады. Әйтсе де шынайы дұға адамның жан сарайынан пәк сезiммен және шын жүрегiнен шыққан сөздер болуы керек сияқты. Ал осы тектес дұғалар ана тiлде жасалынады. Ал өзге тiл арқылы айтылатын дұға – жаттанды дұға. ¤йткені, дұға, өтініш адамның ең таңдаулы тілектері мен қалауларын қиыла сұрайтын, адамды тәкәппарлығынан түсіретiн тәрбие құралы десек артық етпес. Дұға ұлы Жаратушыға сүйіспеншілікпен бас ию арқылы құлдың рухы мен денесінің Аллаћпен байланысқа түсуі емес пе?! “Ғибадат – дейдi, Хазiретi Мұхаммед, - мүміннің миғражы” – яғни, құлдың Алласымен қауыштыратын тұрағы деп түсіндірген. Сондықтан дұға - бар болуы әуелден соңсызға дейін жалғасатын Аллаћ махаббаты мен адам махаббатының кездесетін нүктесі. Бұл нүктеде адам Аллаћты ойлай отырып, оған жақындайды. Ал осы нүктеге жету үшін адам мағынасын білетін сөздермен, түсінетін тілмен сөйлеп Хаққа жетуі, Жаратушымен қауышуы керек. Сондықтан Құл Қожа Ахмет араб, парсы тiлдерiн жетiк меңгерген болса да шәкiрттерiне бiлiмдi ана тiлiнде сусындатты. Бiрiншi болып түркi тiлiнде хикметтер жазды. Осылай түркi халықтарының көңiл көзiн ашуға, Алласымен ана тiлiнде қауышуға алғаш себепкер болды.
Мiне, кемеңгер бабамыздың бастауымен түркі тілінде дiни-сопылық шығармалар жарық көре бастады, исламдық-түркiлiк әдебиет дүниеге келдi, тiптi үлкен жетiстiкке жеттi. Ясауиден кейiн дүниеге келген шығармалардың авторлары, исламдық-түркiлiк әдебиеттiң өкiлдерi осы Ясауи бабамыздың iзбасарлары болатын.


Міскін әлсіз Қожа Ахмет, жеті атаңа рахмет,
Парсы тілін білсем де құп көремін түркіні.

Ясылық Ахметтiң алғаш түркi тiлiнде дәрiс беруi, хикметтер жырлауы арабша-парсыша түсiнбейтiн түркi халықтары үшiн заманында туған қажеттiлiк болса керек. Себебi, Орта ғасырлық ғалымдар мен білімділер арабша-парсыша сөйлеген, еңбектерiн арабша-парсыша жазған деп жоғарыда баяндалған болатын. Тiптi Ясауидiң заманында немесе одан сәл-ақ бұрын түркi халықтары құрған Селжұқ империясы өмiр сүрдi. Бiрақ аталмыш мемлекет түркiлердiң құрған мемлекетi бола тұра бұл империяның мемлекеттiк тiлi түркi тiлi емес, парсы тiлi болды. Аталған империяда парсы тiлiнiң ықпалы соншалық сұлтандардың есiмдерi де парсыша болған. Бiр халықты өзге халықтан ерекшелендiретiн бiрiншi кезекте – тiл. Осыған орай, Селжұқ сұлтандары - Алыпарслан мен оның ұлы Мәлікшахтың уәзірі - Низамү-л-Мүлктің ұлты парсы болатын. Ол өз атымен аталатын Низамийе медресесін ашқан. Бұл медресе сол замандағы қазіргі университет тәрiздi білім беретін білім ошағы болған. Ал осы медресе халықтың көзін ашатын оқу-ағарту қызметін парсы тілінде жүргізді.


Низамийе медресесінде жетілген ұлы ғұламалар еңбектерін парсы тілінде жазған, пiкiрлерiн парсы тiлiнде айтқан. Осы империяға қарайтын өлкелердегi мешiт-медреселердiң оқыту тiлi, хан сарайында қолданылатын тiл, ақын-жыраулар мен дәруiштердiң тiлi парсы тiлi болған. Осы себептi заманындағы ғұламалар мен дәруiштердi сынап Ахмет Ясауи хикметтерiнде былай дейдi

Қоштамайды ғалымдар сіздер айтқан түркіні


Білгендерден естісең ашар көңіл мүлкіні.
Аят, Хадис мағынасы түркі болса муафиқ (жақсы)
Мағынасына жеткендер, жерге қоя бөрігін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет