Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет49/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59
Ғашықтар өлместен бұрын өледі екен.


Құл Қожа Ахмет нәпсіні тептім, нәпсіні тептім,
¤лместен бұрын жан берудің дертін шектім.
Құдайдың пенделері өздерін құдай жолына берсе де, үміт пен қорқыныш (хауф пен режа) арасында өмір сүруге міндетті. Құранда: “Аллаћтың мейірімінен үміттеріңді үзбеңдер” (Зүмер-53) және Пайғамбардың хадисінде: «Хикметтің кілті – Аллаћтан қорқу», - деген көптеген аят-хадистері бар. ¤йткені, Аллаћ құлдарының құлшылық жасауына мұқтаж емес, керісінше құлдары құлшылық жасап, Аллаћтың ырзалығын алуға, мұқтаж. Ахмет Ясауи де сопылықтағы хауф пен режаны былай түсіндіреді:


Қаћар атты қаћарыңнан қорқып жылар Қожа Ахмет,
Рахман атты рақымыңнан үміт қылар Қожа Ахмет.
Кемшілігім тұманды, кешір Алла күнәмді,
Күллі құлдың ішінде қылығы жоқ ұнамды
ғасы (асау) құл бар Қожа Ахмет. (28-х)


Тәубе қылсам кешер ме екен қадір Алла,
Кешпесе мен не етер ем жүзі қара.
Махшар барсам сондағылар бәрі куә,
Хақ жанында барлық істер оңай болар.

Жылауменен өтті ғұмырым ия, шаћым,
Есептесе мезгіл жетті қараңғылық кетсін ћәм.
Сенен өзге сүйенерлік жоқ панам,
Күндіз-түні тілегенім иман болар.

Адамды туралықтан айырып, азғындық жолға түсіретін жаман жолдың бірі - дүниеге қызығу, бірі нәпсінің жетегінде кету.


Адам жүрегіне Аллаћқа деген махаббатты емес, дүниеге деген махаббатты орнықтырса, ол адам - азғын адам. Себебі, дүние рахатына ұмтылған адамнан түрлі қылмыстар мен күнәларды кездестіруге болады және оның ахиреттегі өмірі жәћәннам болмақ.


Дүние үшін қам жеме, Хақтан өзгені айтпа,
Кісі малын жеме, қыл көпірден тұтар-а

-деп, дүние рахатына қызыққан азғындарды былай суреттейді:




Дүние менікі дегендер – малға иманын сатқандар.
Құзғын құстай нәжіске белшесінен батқандар,
Молда-мүфти атанып – арамнан мал тапқандар,
Ақты қара қылғандар тамұқта ертең жанады.

Ал нәпсіге құл болып, азғын жолға түскен залымдардың мойнына шайтан мініп, азғындық үстінен азғындай беретіні анық.




Басыңдағы нәпсіні қусаң бақ қалар,
Жолдан азсаң, абыройың тапталар.
Ерттеп мініп шайтан малғұн шаттанар,
Нәпсіңді теп, нәпсіңді деп пәтшағар. (31-х)

Ахмет Ясауи өз жастарымен салыстыра отырып, сопылықтың қыр сырларын айтып өткен. Диуани Хикметте Ахмет Ясауидің туылғаннан бастап, 63 жасқа дейінгі өмірін бір шолып өтсек, өзінің көкке ұшқанын, Пайғамбардан құрма алғанын, Шілтендермен шарап ішкенін т.б. баяндайды. Мұнда ол біздің түсінгеніміздей емес, басқа атақты сопылар сияқты, сопылық түсініктегі астарлы мағынада жазғанын ұғуға болады.




Тоғыз ай, тоғыз күнде жерге түстім.
Тоғыз сағат тұра алмадым көкке ұштым.
Ғаршы-күрсі босағасын барып құштым,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.

Бұл өлең шумағында Ахмет Ясауи өзінің дүниеге келгендігі туралы емес, сопылық жолға кіргендігі туралы баяндап отыр, яғни сопылық өмірде қайта туылғанын, (сопылықтағы уәладат) суреттеген.




Бір жасымда әруақ маған үлес берді,
Екі жасымда пайғамбарлар келіп көрді.
‡ш жасымда шілтен келіп халім білді,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.

Ұлы бабамыз сопылыққа кірген алғашқы жылдарын суреттеп, сопылықтың бірінші жылы рухтардан әсер алып, екінші жылы Құрандағы ұлы пайғамбарлардың тақуалығын, олардың негізгі ерекшеліктерін өзіне үлгі еткенін баяндайды. Сонымен бірге өздерінің тақуалығымен Аллаћ Тағалаға жақын болған қырық әулие сияқты өмір кешуге тырысқанын да суреттеген.




Төрт жасымда Хақ Мұстафа берді құрма,
Жол көрсеттім адасқанды салдым жолға.
Қайда барсам Қызыр бабам бірге болды,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.

Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Арыстан баб 500 немесе 700 жыл жасап, Пайғамбарымыздың аманатын (құрма) Ахметке берген екен. Алайда бір адамның 500 немесе 700 жыл жасауы мүмкін емес екені белгілі. Ал біз Арыстан бабтың ата-бабасы арқылы немесе оның шейхтары арқылы Пайғамбарымыздан ең соңғы болып, Арыстан баб оның тақуалық, әулиелік, исламдық жолын Ахметке үйреткен. Осыған байланысты аңыздарда да Диуани Хикметте де Пайғамбарымыздың осы тақуалық, әулиелік, сопылық жолын астарлы мағынада “құрма” деп баяндағанға ұқсайды. Диуани Хикметте те мұны "Жол көрсеттім адасқанды салдым жолға”, - деп қуаттап отыр.


Бес жасында:


Бес жасымда шариғатқа белім бұрдым,
Дін жолында ораза ұстап, әдет қылдым.
Күндіз-түні ораза ұстап әдет қылдым,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.

Алты жасында:


Алты жаста тұрмай қаштым халайықтан,
Көкке шығып, дәріс алдым мәләиктан.

Жеті жасында:


Жеті жаста Арыстан бабам іздеп тапты,
Әр сырымды пердемен бүркеп жапты.

Сегіз жасында:


Сегізімде сегіз жақтан жол ашылды,
Хикмет айт деп басыма нұр шашылды.
Билхамдиллаћ Пір Мұған мәй ішкізді,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.


Құл Қожа Ахмет, ер болмасаң өлген жақсы,
Қызыл жүзің қара жерде солған жақсы.
Топырақ сынды жер астында болған жақсы,
Заты ұлық Қожам, сыйынып келдім саған.

Ахмет Яссауи өзінің өмірінде сопылықтың жетпіс мақамынан өткендігін:


Он тоғызымда жетпіс мақам анық болды,
Зікір айтып іші-тысым таза болды.
Хауф халін басынан кешіргендігін:
Құл Қожа Ахмет жасың жетті жиырма бір,
Не қылғайсың күнәларың таудан ауыр.
Қиямет күн азап қылса Раббым Қадыр,
Ей достар не деп жауап айтам міне.
Сондай-ақ ол фена мақамын басынан кешіргендігін:
Мен жиырма екі жаста фена болдым,
Шипа болып, шын дертке дауа болдым.
Жалған ғашық шын ғашыққа куә болдым,
Сол себептен Хаққа сиынып келдім міне.
Диуани Хикметте:
Мен жиырма сегіз жаста ғашық болдым,
Кеште жатпай бейнет тартып садық болдым.



  • деп ол “сыдқ” мақамын басынан өткізгенін білдіреді. Сонымен қатар Ахмет Яссауи сопылықтың қырық алтыншы жылы "“зәуқ"”мақамын көргенін былай суреттейді:


Қырық алтымда дәм-тұзым (зәуқ) толып тасты,
Рахметіңнен тамшы тамып шайтан қашты.

Тасаууф тарихындағы атақты сопылардың бірі Халлаж Мансұрдың (ө.922) сөздері мен аңыздары мұсылман халықтары мен сопылық шығармаларда өшпес із қалдырған. Сопылық жол осы Халлаж Мансұрдың арқасында жаңа бір кезеңге өткен. Оның бүгінге дейін аты өшпеуі “әнә-л-Хақ” (мен құдаймын) деген атақты сөзіне байланысты. Бұл сөзің тікелей, тура мағынасы ислам сенім негіздеріне қайшы келгенімен, сопылардың түсіндіруі бойынша түсінуі қиын, бірақ түпкі мағынасы дұрыс айтылған сөз. Халлаж Мансұрдың сөзіне түсінбеген замандастары оны өлім жазасына кескен.


Халлаж Мансұрдың атақты осы сөзін Имам Ғаззали жақтап, оны былай түсіндіреді: “Егер бір шыны ыдысқа кез келген реңдегі сусын құйсаң, шыныдан шынының бейнесі емес, сусынның реңі көрінеді. Міне осы сияқты жүрегіндегі Аллаћтың көрінісін көрген сопы, өзін емес, Жаратушысын көреді. Сондықтан ол өзін “әнә-л-Хақ” деп жар салуы мүмкін.” (Сопылықтағы Уахдет-і Ужуд)
Ахмет Ясауи де Халлаж Мансұрдың атақты осы сөзінің түпкі мағынасын түсініп, оны қолдаған атақты сопы.

Махаббат жолында ғашық болып Мансұр өтті,


Белін байлап Хақтың ісін мекен тұтты.
Жәбірлеу, қорлауды да көп есітті,
Ей, мұсылман мен де Мансұр болдым міне.

Ғашық Мансұр “Әнә-л-Хақты” тіліне алды,
Жәбірейіл келіп, “Әнә-л-Хақты” бірге айтты.


“Әнә-л-Хақтың” мағынасын білмес надан,
Дана керек бұл жолдарда таза мардан.
Ақылды құлдар Хақ жолын жадына алған,
Жаннан кешіп жаратқанды сүйдім міне.

Шах Мансұрдың “Әнә-л-Хақы” бекер емес,
Жолды тапқан біз сияқты тобыр емес.
Оңбағандарға бұл сөздер керек емес,
Қандар жұтып мен де куә болдым міне.
Сопылықтағы “шариғат”, “тариқат”, “хақиқат” және “мағрифат” жолдары да Диуани Химеттің ішінде көп баяндалатын тақырыптардың бірі.
Ахмет Ясауи шариғатсыз адамға қалған үш жол жабық екендігін былай түсіндіреді:
Шариғатсыз қадам қоймас тариқатқа,
Тариқатсыз қадам қоймас хақиқатқа.
Бұл жолдардың негізі бар шариғатта,
Бәрін оның шариғаттан білмек керек.
Ал тариқат жолдарынан толық өткен сопыны:
Ада қып бар жұмысын тариқаттың,
Тариқат дариясына сүңгір достар.
Тариқаттан кейінгі жол мағрифат жайлы:
Махаббаттың дариясына шомып жүріп,
Мағрифаттың гәућарын алғым келер.
Хақиқат жайлы:
Хақиқат дариясына шомған кісі,
Көзі – жас, өзі мұңдық болған кісі.
Дәмдіде сары қаймақ сол дәмдісі,
Бақытқа дидар көрген батар достар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет