Жұмыс көлемі. Спорттық жаттығу процесінде созылу ұзақтығы әртүрлі жаттығулар, яғни бірнеше секундтардан 2-3 сағаттарға және одан да көп уақыттарға созылатын жаттығулар пайдаланылады. Бұл әрбір нақтылы жағдайда спорт түрінің жекелеген жаттығулар немесе жаттығулар кешені шешетін ерекшелігімен, міндеттерімен, анықталады.
Лактатсыз анаэробтық мүмкіндіктерін арттыру үшін барынша тиімдісі орташа қарқында орындалатын қысқа уақыттық (5-10 сек.) жүктемелер болып табылады, яғни едәуір үзіліс (2-5 мин.) қалпына келуге мүмкіндік туғызады. Жүктеме кезіндегі лактатсыз анаэробтық көздердің толық таусылуы, сондықтан гликолиз процесін жетілдіру үшін жоғары тиімділікте болып саналатын олардың қорын арттыру 60-90 секунд бойында максимальды жұмыс қарқындылығына әкеледі.
Бұлшық етте сүт қышқылының максимальды пайда болуы әдетте 40-50 секундтан кейін пайда болатынын, ал жұмыс гликолиз есебінен әдетте 60-90 секунд бойы жалғасатынын ескеріп, осындай ұзақтықтық жүктемелер гликолиттік (глюкозаның ыдырауы) мүмкіндіктердің арттырылуы кезінде пайдаланылады.
Лактат мөлшерінің шамасы елеулі төмендемеу үшін демалыс үзілісі ұзаққа созылмауы тиіс. Бұл гликолиттік (гликолитического) процестің қуатының жетілуіне және оның сыйымдылығының артуына мүмкіндік жасайды. Аэробтық сипаттағы жүктеменің созылу ұзақтығы майды алмасу процесіне қарқынды қатыстыруға әкеледі және олар қуаттың басты көзіне айналады.
Әртүрлі аэробты құрайтын өнімділікті кешенді жетілдіру тек жеткілікті деңгейдегі созылған бір реттік жүктемеде немесе қысқа уақыттық жаттығулардың көп саны арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
Әртүрлі қарқындағы ұзақ жұмысты орындау шамасына қарай әртүрлі органдар мен жүйелердің қызметінде тек сандық қана емес, сапалық өзгерістер де болады.
Жүктеме қарқынының айырмасы (қозғалыс шапшаңдығы, жылдамдық немесе оны орындау қуаты, жаттығу қашықтығының бөліктерінен өту уақыты және ара қашықтық, уақыт бірлігіндегі жаттығуды орындау тығыздығы, күш сапаларын тәрбиелеу процесіндегі меңгеретін ауырлық мөлшері және т.б.) және жұмыс көлемі (сағатпен, километрмен, жаттығу сабағы санымен, жарыстық сөрелер, ойындар, айқастар, комбинациялар, элементтер, секірулер және т.б.) спортшының дайындығына және қызметтік (функционалдық) жағдайына, біліктілік дәрежесіне байланысты өзгереді.