Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет129/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Бақылау сұрақтары:
1.Спорттық жаттығудың негізгі жақтары
2. Спорттық- әдісдік дайындық
3.Спортшының дене дайындығы
4. Спортшының психикалық дайындығы
5. Жаттығу және жарыстық жүктемелер

27 Лекция сабағының тақырыбы: Спорттық дайындық процесін құру негіздері


Сабақтың мақсаты: Студенттерге спорттық дайындық процесін құру негіздерінен білім беру
Жоспары: 1.Спорттық дайындық көпжылдық процес ретінде және құрылымы
2.Микроциклдағы жаттығуларды құру
3.Орта циклдағы жаттығуларды құру (мезоцикл)
4. Жаттығуды үлкен циклда (макроциклда) құру


Лекция мәтіні: Жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау процесі шартты түрде өзара байланыстылықты құрайтын мына үш бөліктен тұрады: процесті құру, оны іске асыру және дайындықтың барысын бақылау.
Дайындықты құру процесінде жаттығу процесінің тұтастығы біріктірілген компоненттердің (жүйелер, жақтары және бөліктері) тұрақты тәртіптегі шамасын, олардың бір-бірімен ара қатынасын және жалпы бірізділігін көрсететін белгілі бір құрылым негізінде қамтамасыз етіледі.
Жаттығу құрылымы мына ерекшеліктерімен сипатталады:
1/ жаттығу мазмұнындағы элементтердің өзара байланыстағы тәртібімен (құралдары, жалпы және арнайы, әдістік және тәсілдік дайындық әдістері және т.б.);
2/ жаттығу жүктемелері параметрлерінің қажетті айырмашылығымен;
3/ олардың кезінде жаттығу процесінің фазалары мен сатыларында (стадия) әртүрлі бөліктерінде (жеке сабақтарда және оның бөлімдерінде, сатыларында, кезеңдерінде, циклдарында) белгілі бірізділікпен жаттығу процесі заңды өзгерістерге ұшырайды.
Жаттығу процесі жүретін уақыт шегі көлеміне сәйкес былай айырмаланады:
а/ микроқұрылым – жеке жаттығу сабағының құрылымы, жеке жаттығу күнінің құрылымы және микроцикл (мысалы, апталық); б/ мезоқұрылымға микроциклдердің аяқталу шамасындағы кіретін жаттығу сатыларының құрылымы (уақыт жиынтығымен, мысалы, бір ай шамасында); в/ макроқұрылымға – жарты жылдық, жылдық және көпжылдық түріндегі үлкен жаттығу циклдарының құрылымы.
Жаңа бастаған спортшыдан спорттық шеберлік шыңына дейінгі көпжылдық спорттық дайындық процесі спортшылардың жасына қарай және спорттық дәреже (квалификациалық) көрсеткіштеріне байланысты көпжылдық дайындығының жеке сатылары кіретін жүйелі сатыланып кезекпен келетін үлкен сатылары түрінде ұсынылуы мүмкін (- сурет).



Кезеңдері

І

ІІ

ІІІ

ІV

V



VІІІ




Алдын ала дайындық

Бастапқы маман
дану

Тереңдетіліп маман
дану

Спорттық жітілдіру

Жоғары жетістік
тер

Жетістікті ұстау,
сақтау

Жаттық
қандықты сүйемел
деу

Шұғылдану жылдары

1-2-3

4-5

6-7

8-9-10

4-12ж

-

-

Сатылары

Базалық дайындық

Жеке мүмкіндіктерін максимальды пайдалану

Спорттық ұзақ жасау


21-сурет. А- көпжылдық дайындық процесі құрылымының мысалы ретіндегі, үлгісі; б- спорттық жетістіктің шартты түрдегі деңгейі.


Жекелеген спорт түрлерінде көпжылдық жаттығу процесінің сатылары мен кезеңдерінің арасында анық шекара, сол сияқты уақыттық шек жоқ.


Көпжылдық жаттығу процесін үйлесімді құру келесі қозғаушы күштерді есепке алу негізінде іске асырылады. Таңдап алған спорт түрінде ең жоғары көрсеткіштегі жететін үйлесімді жас шегінде; бұл нәтижелерге жету үшін жүйелі жаттығудың жалғастырылуы; көпжылдық дайындықтың әрбір кезеңінде жаттығудың басымырақ бағытталуы; спортшы шұғылдануды бастаған паспорттық жасы, және арнайы жаттығуды бастаған биологиялық жасы; спортшының жеке ерекшеліктері және оның шеберлігінің өсу қарқыны.
Спортшының көпжылдық жаттығу және жарыстық процесі келесі әдістемелік ережелердің негізінде құрылады.

  1. Барлық жастағы спортшылар топтарындағы дайындықты ұйымдастыру формаларының, әдістерінің, құралдарының, мүмкіндіктерінің үйлесімді сабақтастығын қамтамасыз ететін бірегей педагогикалық жүйе. Көпжылдық дайындықтың тиімділігінің негізгі өлшем белгісі таңдап алған спорт түрі үшін үйлесімді жас шегінде жететін ең жоғарғы нәтиже болып табылады.

  2. Барлық жастағы спортшылар топтары үшін дайындық процесінде жоғары спорттық шеберлік қатынасындағы мақсатты бағыттылық.

  3. Көпжылдық жаттығу процесінде спортшы дайындығының әртүрлі жақтарының үйлесімді сәйкестігі.

  4. Олардың ара қатынасы біртіндеп өзгеретін жалпы және арнайы дайындық құралдары көлемінің үздіксіз өсуі. Жыл өткен сайын жаттығу жүктемесінің жалпы көлеміне байланысты арнайы дайындық құралдары көлемінің салмағы артады және осыған сәйкес жалпы дайындықтың үлестік салмағы азаяды.

  5. Жаттығу және жарыстық жүктеменің көлемі мен қарқынының үдемелі артуы. Кезектегі жылдық циклдың әрбір кезеңі алдындағы жылдық циклдың сәйкес кезеңдерімен салыстырғанда жаттығу жүктемелерінің барынша жоғары деңгейде басталып және аяқталуы тиіс.

  6. Көпжылдық дайындық процесінің барлық сатыларында жаттығу және жарыстық жүктемелер спортшылардың жеке мүмкіндіктері мен биологиялық мүмкіндіктеріне толық сәйкес келетін болған жағдайда ғана жаттығу және жарыстық жүктемелерді пайдалану процесінде, әсіресе балалармен, жас жеткеншектермен шұғылдану сабақтарында бірізді үйлесімділікті қатаң сақтауда ғана жан-жақты дайындық үздіксіз артады.

  7. Көпжылдық дайындықтың барлық сатыларында спортшылардың дене сапаларын бір уақытта тәрбиелеу және жас кезеңдерінде жекелеген сапаларын басымырақ дамыту барынша бұл үшін қолайлы. Егерде адамның қозғалыс қызметінің барлық жақтарының жасына қарай даму заңдылықтарын негізінен өзгертпеуі тиіс педагогикалық тиімді әсер ету қамтамасыз етілген жағдайда мектепте оқыған жылдарында балалардың барлық дене сапаларын дамытуға мүмкіндік болады.

Мына төмендегі кестеде мектеп жасындағы балалардың бойы мен салмақ көрсеткіштері және дене сапаларының дамуының сезімталдық (сенситивтік) кезеңдерінің үлгісі көрсетілген.
3-кесте
Мектеп жасындағы балалардың дене сапаларының дамуы мен бой, салмақ көрсеткіштерінің өзгеруінің сезімталдық (сенситивтік) кезеңдерінің үлгісі.



Бойы, салмағы көрсеткіштері мен дене сапалары

Жас мөлшері




7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

Бойы
















+

+

+

+







Салмағы
















+

+

+

+







Максимальды күші



















+

+




+

+

Шапшаңдығы




+

+

+













+

+

+

Жалдамдық күш сапасы







+

+

+

+

+

+

+







Төзімділік (аэробты мүмкіндігі)




+

+
















+

+

+

Жылдамдық төзімділігі

























+

+

+

Анаэробты мүмкіндігі

























+

+

+

Икемділігі (иілгіштігі)

+

+

+

+




+

+













Қозғалыс үйлесімділік қабілеті







+

+

+

+
















Тепе-теңдік сақтау

+

+

+

+

+

+

+

+









Көпжылдық дайындық кезеңіндегі жаттығу процесінің басымырақ бағыттылығы дене сапалары дамуының сенситивтік (сезінгіш) кезеңдері ескеріліп анықталады. Сонымен бірге, сол жаста белсенді дамымайтын дене сапаларын тәрбиелеуге назар аудару мақсатқа лайықты болады.


Әртүрлі физиологиялық механизмдердің негізі қаланған жалпы төзімділікті және күшті жалпы төзімділік пен жылдамдық сапаларын дамытудағы сәйкес келушілікті сақтау әсіресе ерекше маңызды.
Қыздарда дене сапаларының қалыптасуының сенситивтік кезеңі ер балаларға қарағанда бір жыл ерте келеді.
Көпжылдық жаттығу процесін үйлесімді құру үшін кез келген спорт түрінде жоғары спорттық нәтижелерге жетуге қажетті уақыт мерзімдерін есепке алу қажет. Тәртіп бойынша қабілетті спортшылар алғашқы үлкен табысқа 4-6 жылдардан кейін, жоғары спорттық нәтижелі жетістікке 7-9 жылдық арнайы мамандандырылған дайындықтан кейін жетеді.
Спортшылардың көпжылдық дайындық процесі шартты түрде төрт сатыға бөлінеді: алдын-ала дайындық, бастапқы спорттық мамандану, таңдаған спорт түрінен тереңдетіп мамандану, спорттық жетілдіру (4- кесте.)
4-кесте
Спортшылардың көпжылдық дайындыын құрудың үлгі-кестесі.



Көпжылдық дайындық сатылары

Сатылардың ұзақтығы


Жаттығудың басымырақ бағытталуы

Спорт мектебіндегі оқу тобы


Алдын-ала дайындық сатысы

3 жыл

Денсаулықты нығайту және дене дамуын жақсарту. Дене жаттығуларын орындау әдістерінің негіздерін меңгеру. Әртүрлі спорт түрлерімен шұғылдану негізінде жан-жақты дене дайындығын қалыптастыру. Спортпен шұғылдануға қызығушылықты ояту. Ерік-жігер сапаларын тәрбиелеу. Алдағы уақытта шұғылданатын спорт түрін анықтау.

Бастапқы дайындық тобы.

Бастапқы спорттық мамандану сатысы

2 жыл

Жан-жақты дене дайындығына жету. Таңдаған спорт түрімен басқа жаттығулардың әдістерінің негіздерін меңгеру. Негізгі дене сапаларын тәрбиелеу. Әртүрлі спорт түрлерінен жарыстарға қатысу жолымен жарыстық тәжірибе жинақтау (көпсайыстық дайындық негізінде). Спорттық мамандықты айқындау.

Бірінші, екінші оқу жылдарындағы оқу-жаттығу топтары.

Таңдаған спорт түрінен тереңдетіп мамандану сатысы

2-3 жыл

Таңдаған спорт түрінің әдістерін және арнайы дене сапаларын жетілдіру. Дайындалғандық деңгейін арттыру таңдаған спорт түрінен жарыстық тәжірибені жинақтау. Ерік-жігер сапаларын жетілдіру.

Үшінші-бесінші жылдардағы
оқу-жаттығу топтары.

Спорттық жетілдіру сатысы

2-3 жыл

Таңдаған спорт түрінің әдістерін және арнайы дене сапаларын жетілдіру. Дайындалғандық деңгейін арттыру. Қажетті жаттығу жүктемелерін меңгеру. Шұғылданған спорт түрінен алғашқы үлкен жетістік зонасы үшін тән спорттық нәтиже көрсету (спорт шебері нормасы). Жарыстық тәжірибе және психикалық дайындықты жетілдіру.




Көпжылдық дайындық сатыларының ұзақтығы спорт түрінің ерекшелігіне, шұғылданушылардың спорттық дайындық деңгейіне байланысты. Дайындық сатылары арасында айқын шекара болмайды. Кезектегі келесі дайындық сатысына өту мәселесін шешу кезінде спортшының паспорттық және биологиялық жасын, оның дене дамуы мен дайындалғандық деңгейін, жасына қарай жаттығу және жарыстық жүктемені табыспен орындау қабілетін ескеру қажет.


Әртүрлі спорт түрлерінен көпжылдық жаттығу процесінің дайындық сатыларының жас шекарасының үлгісі 5-ші кестеде берілген.
5-кесте
Көпжылдық жаттығу процесіндегі дайындық сатыларының жас шекарасының үлгісі.



Спорт түрі

Алдын-ала дайындық сатысы (жасы)

Бастапқы спорттық мамандану сатысы (жасы)

Таңдаған спорт түрінен тереңдетіп мамандану сатысы (жасы)

Спорттық жетілдіру сатысы (жасы)

1

2

3

4

5

Спорттық гимнастика

7-9 (ер бала)
6-8 (қыз)

10-11
9-10

12-13
11-12

14 және үлкен
13 және үлкен

Суға жүзу

7-9

10-11

12-13

14 және үлкен

Баскетбол

8-10

11-12

13-15

16 және үлкен

Футбол

8-10

11-12

13-15

16 және үлкен

Волейбол

9-10

12-13

14-16

17 және үлкен

Конькиде шапшаң жүгіру

9-11

12-13

14-15

16 және үлкен

Жеңіл атлетика

9-11

12-13

14-15

16 және үлкен

Шаңғы спорты

9-11

12-13

14-15

16 және үлкен

Шайбалы хоккей

9-11

12-13

14-16

17 және үлкен

Бокс

10-12

13-14

15-16

17 және үлкен

Күрес

10-12

13-14

15-16

17 және үлкен

Велоспорт

10-12

13-14

15-16

17 және үлкен

Академиялық есу

10-12

13-14

15-16

17 және үлкен

Байдарка және Канаэ есу

10-12

13-14

15-16

17 және үлкен

Мылтық ату

10-12

13-14

15-16

17 және үлкен

Осы заманғы бессайыс

10-12

13-14

15-16

17 және үлкен

Ауыр атлетика

10-12

13-14

15-16

17 және үлкен

Семсерлесу

10-12

13-14

15-16

17 және үлкен

Ат спорты

11-13

14-15

16-17

18 және үлкен





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет