Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет136/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   147
Бақылау сұрақтары:
1.Спорттық дайындық көпжылдық процес ретінде және құрылымы
2.Микроциклдағы жаттығуларды құру
3.Орта циклдағы жаттығуларды құру (мезоцикл)
4. Жаттығуды үлкен циклда (макроциклда) құру

28 Лекция сабағының тақырыбы : Спортшыны дайындау жүйесіндегі басқарау, жоспарлау, сұрыптау және бақылау




Сабақтың мақсаты: Студенттерге спорттық жоспарлау технологиясынан мағлұмат беру


Жоспары: 1. Спорттағы жоспарлау технологиясының жалпы ережесі
2. Келешектік жоспарлау технологиясы
3. Көпжылдық жаттығудың мақсаты және негізгі міндеттері
4. Жаттығудың 1 айлық және апталық жеке дербес жоспары
5.Жылдық циклда жаттығу-жарыстық процесті жоспарлау
6. Жедел (оперативті) жоспарлау
7. Спортшыны дайындаудағы есеп жүргізу және кешенді бақылау


Лекция мәтіні: Спорттық жаттығу процесін жоспарлау технологиясы, бұл әдістемелік және ұйымдастыру әдістемелік мақсат, яғни нақтылы уақыт аралығында, нақтылы міндеттерді анықтайтын, барынша мақсатқа лайықты құралдарын, әдістерін, шұғылданудың ұйымдастыру формаларын, материалдық-техникалық қамсыздандыруды, сонымен бірге нақтылы жаттығу құжаттарын дайындауды іріктеп үйлестіру және ықпал жасау болып табылады. Ол спорттық дайындық процесінің ұйымдастыру стратегиясын, әдістері мен тәсілдерін анықтайды.
Жаттығу-жарыстық процестің жоспарлау тақырыбы, спортшы жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған спорттық жетістікті дамытудың объективті заңдылықтары негізінде айқындалған оның мазмұны, формасы болып табылады. Жаттығу процесінің әртүрлі кезеңдерге мақсаты мен міндеттері анықталып белгіленеді. Алдыңғы жылдардағы жүктеме динамикасын талдау негізінде жаттығу жүктемесінің шамасын, оның көлемін және қарқындылығын белгілейді. Сонымен бірге, оның құралдарын , әдістерін бақылау сынақ талаптары мен басқа көрсеткіштерін айқындайды.
Жаттығудың жоспарын дайындау кезіндегі негізгі міндеті мыналардан тұрады, яғни спортшының дайындалғандық деңгейі, оның жасы спорттық дәрежесі, спорт түрінің ерекшелігі, спорт жарыстарының күнтізбесі (каленьдары) ескеріліп оқу-жаттығу процесін өткізу жағдайын жоспарланған уақыт кезеңіндегі спортшының үлгіленген жағдайының көрсеткіштері анықтайды, жаттығудың үйлесімді бағдарламасын белгілейді.
Көпжылдық спорттық дайындықтың әртүрлі сатыларындағы жоспарлау келесі формада іске асырылады: 1/ келешектік (бірнеше жылдарға); 2/ ағымдағы (1 жылға); 3/ жедел, оперативті (1 айға, аптаға, жеке жаттығу сабағына).
Келешектік жоспарлау құжатына оқу жоспары, оқу бағдарламасы, команданы дайындаудың көп жылдық жоспары, спортшыларды дайындаудың көпжылдық дербес жоспары жатады.
Оқу жоспары белгілі бір шұғылданушылар контингенті үшін оқу жұмысының негізгі бағыты мен созылу уақытын анықтайды. Ол оқу материалдарының өтілу жүйелілігін, негізгі тараулардың мазмұның әрбір тарау бойынша сағат көлемін, әрбір сабақтың созылу ұзақтығын алдын ала қарастырады.
Тәртіп бойынша, оқу материалы мына екі негізгі тарауға бөлінеді: ілімдік және практикалық .
Мысал ретінде, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде (БЖСМ) волейболдан оқу-жаттығу топтары үшін оқу жоспары 6 – кестеде ұсынылған.
6-кесте
БЖСМ (балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі) жаттығу топтары үшін Волейбол спорттық мамандығының оқу жоспары.



Дайындық түрлері

1-ші оқытып, үйрету жылы
(12-14 жас)

2-ші оқытып, үйрету жылы (13-15 жас)

3-ші оқытып, үйрету жылы (14-16 жас)

4-ші оқытып, үйрету жылы (15-17 жас)

1.Ілімдік дайындық

26

34

38

46

2. Жалпы дене дайындығы

102

125

122

90

3. Арнайы дене дайындығы

95

114

134

144

4. Әдістік дайындық

116

146

180

237

5. Тәсілдік дайындық

67

82

132

169

6. Интегралды дайындық

79

83

126

191

7. Нұсқаушылық және төрешілік дайындық

11

16

24

20

8.Емтихандар, бақылау сынақтары
Барлық сағат саны
Жаттығу күндерінің саны
Сабақ саны
Жарыстық күндер саны

24
520
184
208
24

24
624
226
260
34

24
780
216
260
44

30
936
210
364
50

Оқу бағдарламасы оқу жоспарының негізінде дайындалады және шұғылданушылар меңгеруге тиіс білім, біліктілік және дағдылардың көлемін анықтауы тиіс.


Бұл құжатта педагогикалық жұмыстардың барынша мақсатқа лайықты әдістері мен формалары айқындалады, сонымен бірге белгілі бір шұғылданушылар контингенті үшін оқу материалдарының ілімі мен практикасының негізгі мазмұнын береді (балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі дене мәдениеті ұжымдарының секцияларында таңдаған спорт түрімен шұғылданушылар).
Бағдарлама, тәртіп бойынша, келесі тараулардан тұрады: түсіндірмелік жазба; 2/ бағдарламаның материалдық мазмұны; 3/ бақылау нормалары мен оқу талаптары; 4/ ұсынылатын оқу құралдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет