Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет16/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Беріктік принципі. Егер ғылыми принциптің жүзеге асу деңгейін оқытып үйретудің өз барысы бағалайтын болса, беріктік принципі бойынша окушының тиісті жұмысқа дайындығын бейнелейтін қорытынды нәтижені бағалауға мүмкіндік береді. Жоғарыдағы айтылған принциптер мыналардан көрінеді: біріншіден, үйренген қозғалыс дағдылары мен білімнің сақталуының қажетті ұзақтығында; екіншіден, стандартты емес жағдайда қажетті уақытта оларды пайдалану мүмкіншілігімен, сонымен қатар әуелде үйреніп алған дағдыларды біліммен байланыстыруда; үшіншіден, өте күрделі оқу материалын алдағы уақытта игеру үшін қажетті алғышарттар жасаумен көрінеді. Сөйтіп, беріктік принципі оқушының жеке жетістігі болып қалатын оқу материалын игеруді қамтамасыз етеді.
Беріктік принципін жүзеге асырудың бірден-бір шарты барлық оқытып үйрету принциптерін сақтау болып табылады. Басқа принциптердің ешқайсысында мұндай жан-жақты тәуелділік жоқ.
Беріктік принципінің жүзеге асырылуы екі бағытта жүреді:
Бірінші бағыт - арнаулы білімдердің беріктік бағытын қалыптастыруы. Бұның негізінде педагогика және психология курстарында ашылған ілімдік түсініктерді еске сақтаудың жалпы заңдылықтары болады. Оған жататындар: жинақтау, салыстыру жолымен ойлау жүйесінің белсенділігін арттыру, жаңа түсініктерді бұрын бар біліммен байланыстыру, негізгі идеяларды бөліп қарау, баяндау кезінде әдістердің әр түрін пайдалану т.б. Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет, кейбір ілімдік түсініктерді еске сақтау, қозғалыс-қимылдарын игерумен қатар (бір мезгілде) жүреді. Бұл ретте қимыл ақпаратты (информацияны) орындау үшін, материалдық негіз маңызына ие болады.
Оқушы ілімдік материалды есту және көру қабілетгіліктеріне сүйене отырып, есте сақтау мүмкіншілігіне ие болады.
Екінші бағыт - қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Қозғалыс дағдыларының беріктігі көптеген қозғаушы күштерге тәуелді. Дағдыны қалыптастыру заңдылықтарын есепке алу шараларынан, оқушы мүмкіншілігіне сәйкес келетін сипатынан т.б. Қозғалысты есте сақтаудың ерекше маңызы бар. Алайда түрлі қозғалыс міндеттерін шешуде есте сақтау механизмі әр түрлі болады. Шартты түрде бір өте қысқа мерзімде сақтаумен (мысалы, секіруді қалай дұрыс орындауға болады) және бірінен соң бірі келетін қозғалыс-қимылдары кешенінің есте сақталуы (мысалы, жалпы дене дамыту жаттығулар жиынтығы кешенінің орындалу кезегін есте сақтау).
Жеке қозғалыс-қимылы есте сақтау кабілетіне сүйенеді, содан кейін үйренген қимылға сәйкес келетін бұлшық ет сезінуін туғызады. Қажетті бұлшық ет сезімін қалыптастыруға жету үшін көптеген принциптер бар.
Дене жаттығуларына үйрету кезінде беріктік принципін жүзеге асыруға тән ерекшелік - дене мүмкіншіліктері даму деңгейіне қозғалыс дағдыларын меңгеру болып табылады. Берік дағдыларды қалыптастыру, дене мүмкіншіліктерінің қажетті даму деңгейі ғана емес (мысалы, арқан бойымен өрмелегенде - күш касиеті), басқа қасиеттерді де талап етеді (мысалы, шыдамдылық, икемділік т.б.) Мүмкіншіліктерінің, даму деңгейінің азайған кезінде оқушы қозғалыс-қимылын жалпы орындау мүмкіншілігін жоғалтып алуы мүмкін, бірақ оны орындаудың ережелерін есте сақтауы тиіс.
Баланың игерген қозғалыс-қимылдарының үлкен қоры ол жаңа дағдыларды қалыптастырудың алғышарты ғана емес, сонымен бірге оның беріктігінің іргетасы. Бұның барлығы да козғалыс-қимылдарын үйренуге және оны өмірде пайдалануға, дене дайындығының беріктігі туралы айтуға негіз бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет