Белсенділік принципі. Оқушының белсенділік сипаты оның оқу жүйесіне саналы түрдегі қатынасының басты көрсеткіштерінің өлшемі болып табылады. Саналылық арқылы белсенділікке, міне осы екі принциптің өзара байланысы осында. Белсенділіксіз саналылық жай ғана жасалынған іс болып, қажетті емес қимылға әкелуі мүмкін. Тек қана саналы белсенділік арқылы ғана алға қойылған міндетті шешуге болады.
Дене тәрбиесінің ілімінде белсенділік екі жақты қаралады. Бір жағынан, белсенділік баланың мінез-күлқының белгісі есебінде, екінші жағынан, оқу ісінің сипаттамасы ретінде. Мүның өзі оқытып үйретуде бар мүмкіншіліктерді толық ашып көрсетуге мүмкіндік беретін, оқушы белсенділігінің саналылығы арқылы дамыту маңызын шартты түрде көрсетеді.
Кез келген оқытып үйрету ісіндегі табыс оқушы белсенділігінің дәрежесіне байланысты. Белсенділік бірнеше түрде көрінуі мүмкін: қозғалыс белсенділігі турінде, арнаулы білімдерді қабылдаудың белсенді жүйесі турінде, жеке дара жаттығумен шұғылдануға ұмтылу түрінде, жаттығу үшін жеке дара жағдай жасау түрінде, сонымен бірге кез келген жағдайда ұстамдылық, тәртіптілікті көрсету түрінде. Қозғалыс белсенділігі дене тәрбиесін үйретуде ең негізгі сипаттамалық белгілерді көрсетеді. Қажетті қозғалыс белсенділігін көрсетпей қарапайым дене жаттығуларын игеру мүмкін емес. Қозғалыс белсенділігінің деңгейі дене жаттығуларына үйрету кезеңдеріне байланысты өзгеріп отырады. Қозғалыс қимылдарын жетілдіруден гөрі қозғалыс-қимылымен таныстыру кезінде қозғалыс белсенділігі төмен болады. Оқытып үйрету уақытын қысқартқан кезде қозғалыс белсенділігі елеулі түрде артады.
Білім алудың белсенді жуйесі үйренетін материалды зерттеуді, оны болашақта қолдану үшін шығармашылық өзгерістер жасауды қарастырады. Ақыл-ой қызметінің белсенділігін арттыруға бағдарламалық оқудың көп жәрдемі бар. Ол ақыл-ой операциясын жетілдіріп отырады (салыстыру, талдау, жинақтау, құрастыру т.б.).
Жеке дара жаттығуға ұмтылыс түріндегі белсенділік үздіксіз дене жаттығуларына денені толық жетілдіруге деген сұраныс түрінде көрінуге тиіс. Сондай қажеттілікті тәрбиелеу қазіргі кезеңдегі балалардың қозғалыс белсенділігіндегі жетіспеушіліктерді жою сияқты өте күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі.
Жүйелі түрдегі дене жаттығуларына деген қажеттілік жаттығу үшін жағдай жасауда баланы белсенді етеді. Ақырында сондай белсенділікті тәрбиелеу - оқушының өмірге деген тұтынушылық көзқарасын жоюдағы мүмкіндік жолының бірі. Оқушы белсенділігін анықтайтын қозғаушы күштердегі ішінен оқыту және қанағаттану құбылыстарының маңызы бар.
Әрбір жас ерекшелік кезеңіне сай адамның белсенділік деңгейін анықтайтын белгілі себептер шоғыры тиесілі, олар мыналар:
- мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларында биологиялық қажеттілікті канағаттандыруға байланысты дәлелдер басым болады;
- орта және жоғары сынып оқушыларында қарьщ-қатынас және таным қажеттілігін қанағаттандыру себептері;
- жасөспірім жаста және ересектерде адам қызметін едәуір дәрежеде белсендірек ететін адамгершілік реттерінің әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыру себептері;
- оқушы белсенділігіне әсер ететін қанағаттанудың қозғаушы күші есебінде, әр түрлі бейнеде көрінеді;
- мұғаліммен және бірге оқитын жолдастарымен қарым-қатынасына қанағаттануы;
- оқудың табыстары мен болашағына қанағаттану, өз қозғалысының және оны қамтудың сыртқы жағдайларына қанағаттану.
Белсенділік деңгейі қанағаттанғандық өлшеміне тікелей тәуелді емес. Мысалы, оқудағы табыстар белсенділіктің артуына және төмендеуіне әкелуі ықтимал. Қимыл-қозғалысына қанағаттану А.С.Макаренконың айтуы бойынша "Зоологиялық қимылға" айналуы мүмкін.
Белсенділік принципін жүзеге асыра отырып, кейбір төмендегі ережелерді сақтаған жөн:
- қойылатын талаптар оқушы ұстанатын себептер сипатын есепке алу керек. Егер балада оқу міндеттерін орындауға кедергі келтіретін себептер көбірек болса, онда олар жоғары деңгейдегі себептермен жақындасу үшін пайдалану қажет. Ол үшін ойын және жарыс әдісі, оқушының тапсырманы орындауын мұғалімнің бағалауы, жолдасының тапсырманы қалай орындағанын оқушының бағалауы, өзін-өзі бағалауы т.б. әдістерін қолдануы қажет;
- оқушының белсенділігі оған қойылатын талаптардың тиімділігіне тікелей байланысты екендігін білу;
- белсенділікті арттыруға септігін тигізуде үйреніп жатқан қозғалыс-қимылдар арасындағы сабақтастық байланысына, оқушының саналы түрде түсінуі арқылы жетуі, үйреніп жатқан қимылды игеріп болмай, келесі қимылды игеру қиындық туғызатынын білу;
- қажетті белсенділікті қалыпты ұстау және арттыруға бала назарын тұрақты және шапшаң дамытудан бастау керек. Ол үшін механикалық жаттауды қажет етпейтін оқушы санасын арттыратын үйретудің белсенді әдістеріне жүгіну;
- тек қана білім мен дағдыны меңгеруде ғана емес, дағдыны қалыптастырудың өзінде де оны әр түрлі жағдайларда қолдану, қозғалыс қызметінің т.б. күрделі кездейсоқ жағдайлардан шыға білуде де белсенділік танытуға жәрдемдесу;
-оқу-тәрбие жүйесінде әрбір оқушының белсенділігі ұжым қызметіне бағытталуы үшін, ұйымдастырудың керек екендігін білу;
-оқушы белсенділігі, мұғалімнің басшылық роліне қарама-қайшы болмауы керек. Сондықтан да оқушыға барлық педагогикалық істерді еркіне бағыну емес, оқушы өзінің белсенділігін жеке үмтылыс-талпынысын көтеру есебінде бағалайтындай етіп ұйымдастыру қажет.