Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет19/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Көрнекілік принципі. Көрнекілік принципінде көрсетілген оқыту заңдылығы, ақиқат шындықты және тануды төмендегі ережелерден байқауға болады: "Даму тіршілігінен абстрактілі ойлауға және одан тәжірибеге айналу". Яғни ғылыми таным жүйесін оқытып үйрету кезіндегі таным жүйесімен салыстыруға болмайды. Дегенмен де, білімді қабылдау механизміндегі белгілі бір ұқсастық жоғарыда айтылып кеткен ережені адамның білімді және дағдыны меңгерудегі типтік жүйесі есебінде, оқытудың жалпы әдісі есебінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл ереже көрнекілік принципін жүзеге асыруда үш өзара байланысты сатыны айқындап, оның мазмұнының барлық тереңдігін ашып көрсетеді.
Біріншіден, көрнекілік принципі көптеген талдаушы (анализаторлық) жүйеге әсер ету жолымен қозғалыс-қимылын игеру үшін ең кең көлемдегі бағыттаушы күші болады. қозғалыс-қимылдарына қойылған талапқа сай орындалуын қадағаласақ, нағыз көрнекі болатындай әдістерін қолдануды қажет етеді.
Қозғалыс-қимылдарына үйрету осы қимылдар туралы түсініктерді қалыптастырудан басталады (оның құрылымы, қолдану әдістері т.б.). Түсініктің қалыптасуына көру, есту, бұлшық еттері арқылы сезіну және сезінудің басқа да органдары қатынасатын болса, онда түсініктің шамасы толық мағынасында болмақ. Әр түрлі сезім органдарының көмегі арқылы оқушы алатын қозғалыс- қимылдарының сипаттары, бірін-бірі бағыттап және толықтыра отырып, мидың талдаушы-жинақтау қызметінің нәтижесінде үйренетін қимылдар жөнінде толықтай түсініктер жиынтығын жасайды. Көптеген әдістемелік қиыншылықтар үйренетін қимылды орындау кезінде кездеседі. Мұндай жағдайларды азайту үшін баланын қажетті бұлшық еттерін сезінуін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Сондықтан да оқытып үйретудің бастапқы кезеңінде оқушы үйренетін қимылды әлі орындауға мүмкіндігі жоқ кезеңде, жетіспеген бұлшық ет сезінуінің орнын толтыру үшін, көрнекі түрде қабылдаудың әр түрлі үлгідегі әдістер құрамын қолдану, сонымен бірге бұрын үйренген қозғалыстар құрамын қолдануға, оқушы назарын бұрын үйренген қозғалыстар ұқсастығына аударуға, ұштастырушы жаттығуларын қолдануға, сөзбен бейнелеп салыстыруға, идеомоторлы жаттығуларға, сонымен қатар дене көмегіне жүгінгені жөн.
Бұл жағдайда, кейбір оқушылардың көру арқылы берілген тапсырманы тиімді түрде қабылдап, есту арқылы жүзеге асыратындығын қарастырған жөн.
Бірінші және екінші белгі беру (сигнал) жүйелерінің (И.П.Павлов) арасындағы қатынастың әр түрлілігі есепке алынса, кейбір оқушылар үшін оқу материалын пәндік-сезімдік тұрғыдан жеткізу ең нәтижелі болуы мүмкін. Ал екіншілері үшін сөзбен және қисындық (логикалық) әдістер арқылы жеткізу тиімді болмақ. Осы ерекшеліктерді білу мүғалімге принципті шешуді жекелендіруге мүмкіндік туғызады.
Екіншіден, оқушының көрнекі түрде қабылдайтыны түсінікті, сонымен бірге саналы түрде түсінгені талап етіледі. Елестету деңгейінде түсінуді тереңірек игеруге, жүйелер мен құбылыстардың мақсатын, оның заңдылықтарын тануға мүмкіндігі жоқ екені белгілі. Нақты қозғалыс-қимылдарын қабылдаудан оқушы қимылдың осы түріне тән жалпы белгілерді саналы түрде түсіну деңгейіне көтерілуге тиіс. Мұның өзі тек жекелеген дәлелдерді ғана емес, зандылықтардың көрнекілігін де қажет етеді. Мысалы, мұғалім лақтырудың нақты түрін көрсете отырып, әр түрлі жағдайларда барлық бір тектес лақтыру түрлерінің жалпы заңдылықтарын ашып, бөліп көрсетуі (оқушы түсіну үшін) керек. Олай болмаған жағдайда, көрнекілік дидактикалық құндылығын жойып, ойластырылмаған көрініске айналады. Үйренетін қимылдың мақсатын саналы түсіну, осы қимылдың іс жүзіндегі маңыздылығы болашақ іс-қимыл қызметінде неге пайдалануға болатындығын түсінумен аяқталу керек.
Үшіншіден, жаттығулардың көрнекті, әсерлі болуын принцип талап етеді. Оқушыны жаңа ой туғызуға, қозғалыс міндетгерін шешудің ең тиімді жолдарын іздеуге итермелеуге, белсенді қимылдарға ұмтылдырады. Белсенді қимыл сапалылықтың жоғары өлшемі, үйреніп жатқан дене жаттығулары туралы қалыптасқан түсініктің сенімділігі есебінде қалыптасуы қажет.
Сөйтіп, көрнекілік принципі барлық оқытып үйрету жүйесінің жан-жақты сипаты деп танысақ, нақтылық пен дерексіздіктің бірлігі есебінде диалектикалық сипаттар тығыз байланыста деп білеміз.
Көрнекілік принципін сауатты түрде жүзеге асырудың маңызы көп жақты:
- бейнелеудің көрнекілігі принципі арқылы адамға тән көп жақты және нақты қозғалыс әлемін таниды;
- көрнекілік қимылды игеру барысын жеңілдетеді, себебі есте жақсы сақталатын "тірі" қозғалыстарды қабылдау нәтижесінде оқушының танымдық қызметі жетіледі;
- көрнекілік бала дамуының қозғаушы күші есебінде қызмет атқарады немесе оның сезім аясына (сенсорлық сферасы) әсер етеді. Көрнекіліктің жәрдемімен бір немесе өзге қозғалыс тобы жөнінде абстрактілі деректер үшін негіз жасалады. Мысалы, ойға түсіру, ойлау байқағыштық қасиетгерді дамытады. Олай дейтін болсақ шығармашылық қызметтің арттырылуына жағдайдың бар екендігін айта аламыз, яғни көрнекілік дене жатгығуларына оқушылардың оған деген қызығушылығын арттырады, нәтижесінде жүйелі түрдегі жаттығуға қажеттілікті дамытуға мүмкіндік туғызады.
Көрнекілік принципін дұрыс жүзеге асырмау педагогикалық тиімділіктің төмендеуіне алып келеді. Өзінің тиімділігімен және әсерімен көрнекілік оқушыны басты міндетті шешуден басқа жаққа алып кетуі мүмкін, себебі жәй еліктеу жолымен дене жаттығуларын орындауға болмайды.
Сезіммен қабылдауға сүйене отырып, оқушы үйренетін қимылдың сыртқы жақтарына ғана назар аударады, яғни оның ойы бір жақты болып қалыптасуы мүмкін. Нәтижесінде психикалық жұмыс барысының деңгейі төмендейді, үйренем дейтін қимылдың заңдылықтары мен байланыстары туралы деректер мен түсініктер кең көлемде пайда болмайды.
Көрнекілік принципін жүзеге асыру тәсілдері көптеп саналады, сондықтан оларды екі белгісіне қарап сұрыптаған жөн: бір не болмаса басқа талдаушы жүйеге әсер ету белгілері бойынша (көру, есту, қозғалу және сөз көрнекілігі тәсілі) және дене жаттығуларының әдістерінің бөліктерін игеру үшін бағыттаушы негізі бойынша (бағыт, амплитуда, күш, ырғақ және қозғалыс екпіні туралы түсініктерді қалыптастыру тәсілдері).
Осы сұрыпталудың шарттылығы әрбір топтың ішіндегі жекелеген тәсілдердін, тығыз өзара байланысынан (мысалы, көрнекіліктің көру тәсіліне, сөз көрнекілігінің тәсілдері жәрдемдеседі), сонымен қатар топтардың арасындағы өзара байланыстардан көрінеді (мысалы, көрнекілік тәсілі көмегімен қозғалыстың бағыты туралы түсінік қалыптасады).
Көру көрнекілігі екі түрлі жағдайларда байқалады: дене тәрбиесі іс-тәжірибесінде көрсету деп аталатын табиғи көру көрнекілігі туралы (адамның дене жаттығуларьш орындауы) және көрсету (демонстрация) деп аталатын, өнерленген түрде (мұғалімнің суреттерді, үлгілерді, фотографияларды, кинограммаларды, кинофильмдерді,шарнирлі модельдерді пайдалану).
Бейненің көру арқылы есте сақталуы, дене жаттығуларыньщ айқындығын байқайтын көру органдарының белгі берудің үлкен көлемдегі тепе-тендігіне байланысты. Үйренетін қозғалыс-қимылдарыньщ құрылымын ескере отырып, оқушы берілген тапсырманың әдістерінің негізіне, оның жетекші бөлшектеріне назар аударуы керек. Осы негізде бөлшектерді айырып қарамай-ақ қимыл туралы жалпы түсінік қалыптасады. Одан кейінгі бақылауды әдістің жеке бөліктерін айырып қарауға бағыттаған жөн (мысалы, әуелі өте қажеттілерін немесе ете ірілерін, сосын содан кейінгі ұсақтарын). Кейіннен, бөліктерді ойластыру және оларды әдіс негізінің айналасына топтастыру арқылы дене жатгығуларын тұтас бір бөлік есебінде тереңдей түсіну қалыптасады. Қимылдың бөліктерін және оны тұтастай қабылдау жаттығуды орындайтын адамның бойының ұзындығынан үш-төрт есе асатын қашықтықтан тиімді болмақ. Жақын қашықтықтан қимылды тұтастай қабылдау нашарлайды. Егер дене жаттығуларын көрсету ашық және кернекі түсінік арқылы таным жүйесін арттыратын болсақ, көрнекі құралдарды көрсету, оқушыдан шартты жинақталған өнерленген түрдегі нақты қозғалыстарды талап ете отырып, дерексіз ойлау арқылы осы жүйені жеделдетеді. Бұл жағдайда ең жоғары дидактикалық тиімділік көрнекі құралды көру арқылы таным міндеттерінің жетілуі мүмкін (бұрын игерілген қимылдармен салыстыру, жаттығу әдісінің негіздерін бөліп қарау т.б.).
Есту көрнекілігі жаттығудың ұзақтығы және қозғалыс екпінділігін, қимыл ырғағын дыбыс арқылы қалыптастыру үшін дыбысты шығарып, естіртудің әр түрлі әдістері қолданылады. Олар метрономмен ырғақты байқаттыру, дауыспен белгі беру, алақанды шапалақтау, ысқырғышпен дыбыс беру және т.б. Мысалы, секірудегі жүгіру ретінде дыбыстау қозғалыстың қажетті ырғағын қалыптастыруға жағдай туғызады. Дыбыстау белгілерінін сипатына қарап, жаттығу әдісінің кейбір бөліктерінің орындалуын бағалауға болады. Мысалы, "ауыр" қадамдар жүгіріс әдісінің бұзылғандығынан хабар береді.
Қозғалыс көрнекілігі баланың қозғалыс-қимылдарын орындау барысында онда пайда болатын бұлшық ет сезімдерінің есебінен дене жаттығулары туралы түсінікті қалыптастырады. Үйренетін қимылдың ерекшелігін сезіну-бақылаудан тыс қимылдар элементтерінің мақсатын түсінуден (екпін күшін пайдалану, тұтастай актіде күшті дұрыс пайдалана білу т.б.) немесе алдын ала қалыптасқан ойлау, естуді нақты бұлшық ет сезінуімен байланыстыру қажеттілігінен туындайды. Ырғақтық сезімталдық дене жаттығуларын орындау, қарсыласпен жақындасқан кездерде, спорттық қондырғыда жаттығу жасау кезінде қалыптасатын қозғалыс көрнекілігін толықтырады (күрес, спорттык гимнастика және т.б.).
Сөз көрнекілігі үйренетін дене жаттығуларының мақсатын, әсіресе, тура бақылауға киын және тиімсіз белшектерін үқыпты түрде түсіндіру есебінде, қозғалыс-қимылы туралы түсінікті қалыптастыруға қолданылады. Сонымен қатар қанатты сөздерді, дәл эпитеттерді қолдану, шынайы сезімталдық үшін жағдайды жасауға жәрдемдеседі. Қорытындысында дұрыс қолданылған әрбір сөз үйреніп жатқан қимылды талдауға көмектеседі, сезімдік қабылдауды құрастырады (синтездейді) және нактылайды. Жинақталған түсініктерге жол ашады, оқушы назарын қимылдың қажетті кезеңдеріне аударады.
Қозғалыстың бағыты жөнінде түсінікті дұрыс қалыптастыру үшін, әр түрлі бағыттағы көрнекілік тәсілдерді пайдалану қарастырылады.
Оған жататындар:
1) Арнаулы жабдықтар (мысалы, белгілі бір биіктіктегі керілген жіп арқылы допты лақтыра отырып, оқушы тиімді бұрышты анықтау арқылы лақтыру дағдысын жинақтайды);
Залдың белгілі бір нүктелері, оқушының айналасындағы заттар (мысалы, алаңның бұрышында орналасқан биіктікке секіру кезеңінде пайдаланатын бағаналары жүгірудің басталатын жерін анықтайтын бағыт қызметін атқарады);
Оқушы денесінің бөліктері (мысалы, алға созылған сол қолға оң аяқтың серпілуі).
Қозғалыстың теңселу шегі (амплитудасы) туралы түсінікті қалыптастырудың көрнекілік тәсілдері жоғарыда келтірілген бағыт тәсілдерді ғана емес, сонымен қатар кейбір әдістемелік тәсілдерді қолдануды қарастырады:
- арнаулы жабдықтарды, мысалы, қажетті биіктікке тартылған резина лентасына аяқты серпу арқылы тигізу;
-оқушыны қоршаған орталар, мысалы, "керілген садақ" тәрізді лақтыру үшін сермеу жағдайында қолды жар қабырғасына тигізу;
-оқушы денесінің бөліктері, мысалы, қолмен сермеу арқылы иық буындары деңгейіне жеткізу;
- жаттығуды жасау кезінде бар мүмкіншілігінше орындау жөнінде нұсқау беру;
- қажетті және мүмкін шайқалу шегі туралы түсінік беру үшін дене көмегінің бастапқы қалпын реттеу.
Көрнекілік тәсілдері ретінде қозғалыстың екпіні және ырғағы туралы түсінікті қалыптастыру үшін, мынандай тәсілдерді кеңінен қолданған дүрыс. Мысалы, дауыстап есеп жүргізу арқылы шапалақ соғу, музыка үнін пайдалануды қарастырған жөн. Жоғарыда айтылған кейбір әдістерді оқушы өз бетімен қолдану арқылы үн тәсілдерін тиімді пайдалану тәжірибесі де болуы мүмкін.
Көрнекілік принципін жүзеге асыру тәсілдерінің сипаттамасынан көргендей, оның мазмұны бір-бірімен тығыз байланыста. Мысалы, көру көрнекілігін пайдалана отырып, қозғалыс бағыты туралы нақты түсінік алуға болады. Өз кезегінде, қозғалыстың бағыты туралы түсінікті жасау үшін, көру көрнекілігі тәсілдерінің біреуіне жүгінеді.
Көрнекілік принципін жүзеге асырудың тиімділігі мына ережелерді сақтаған жағдайда ғана артпақшы:
1. Оқытудың кез келген кезеңінде көрнекіліктің әр түрлі тәсілдерін тұтастай қолдану қажет. Бірақ тұтастық, өзара тепе-теңдікті білдірмейді. Қимылды игеру жағдайында талдаушылық (анализаторлық) жүйенің өзара бірлесіп қимыл жасау сипатын өзгертеді. Осыған байланысты көрнекіліктің әртүрлі тәсілдерінің маңыздылығы да өзгеріп отырады. Егер жаттығуларды үйретудің бірінші кезеңінде көру арқылы қабылдау басты рөл атқаратын
болса, көрнекіліктің тиісті тәсілдеріне басты назар аудару қажет. Олай болған жағдайда, өз кезегінде қозғалыс талдаушыларының (анализаторларының) рөлінің артуымен бірге қозғалыс кернекілігі тәсілдерінің рөлі де артып отырады.
2. Кері байланысты қолдану көрнекілік әдістерінің тиімділігін арттырады. Өте тез арада кері байланыстың нәтижесін айна алдындағы жасалынатын жаттығулардан байқауға болады. Кешіктірілген кері байланысқа бейнемагнитафон немесе кино қондырғысының көмегімен алдын -ала жазылған бейне таспаны қарау жатады.
Көрнекілік принципін әр түрлі жастағы балалардың психикалық дамуының ерекшеліктерін есептей отырып, жаттығушылардың барлық жастағы топтарында жүзеге асыруға болады. Төменгі жастан сезіммен қабылдаудың көбірек болуы және түсінік жөнінде жеткілікті қордың болмауы мұғалімді көру көрнекілігінің табиғи тәсілдерін қолдануға күш
салдырады. Оқушының білімді игеру жағдайына және абстрактілі ойлаудың дамуына байланысты сөздің бейнелілігін анықтайтын өнерлеп (символикалық) көру көрнекілігінің рөлі артады.
Көрнекілік принципін жүзеге асыруда оқушының тәжірибесінде болған түсінік-түйсіктерге сүйенген дұрыс. Жаңа қимыл-қозғалыстарды қалыптастыру үшін бар түсініктерді осылай қолдануды кейде ішкі немесе орта көрнекілік деп атайды. Бұл жағдай келесі қозғалыс-қимылына үйретуде, көрнекілікті немесе басқа да тәсілдерді пайдалануда оқушының қозғалыс тәжірибесі мен бар білім деңгейін есепке алуды міндеттейді.
Оларға сүйене отырып, қозғалыс міндеттері туралы анық түсініктерді
қалыптастыру жеңіл болмақ. Жақсы белгілі қимылмен бейнені (аналогияны) жасау арқылы үйрету қазіргі таңда өте тиімді болып есептеледі. Мысалы, құлаш ұру (кроль) әдісімен жүзуге үйретуде пайдаланылатын әдістемелік тәсілдер ретінде мынандай сөздер әдісін мұғалімге қолдануға болады "аяғыңмен педальді айналдырмай, допты аяқпен қағу керек" деген принципті сөздер жоғарыда аталған жүзу әдісін үйретуді жылдамдатады.
Көрнекілік тәсілдерді қозғалыс-қимылының сыртқы түрі арқылы бұлшық еттің жиырылуы жаттығудың динамикалық бейнесін қалыптастыруға жәрдемдесуі керек. Мұны мына мағынада түсінген дұрыс, қозғалыс талдаушылық (анализаторлық) жүйенің бірде-біреуі қажетгі тиімділікті қамтамасыз ететін бұлшық еттердің жұмысы жөніндегі тепе-
теңдікті (адекватты) бере алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет