Бақылау сұрақтары:
1.Дене тәрбиесінің негізгі құралы ретіндегі дене жаттығуларына сипаттама беріңіз.
2. Табиғатгың сауықтыру күштері мен гигиеналық қозғаушы күштердің дене тәрбиесінің ерекше кұралы ретіндегі мәнін түсіндіріңіз.
3. Дене жаттығуларының қалай жіктелетінін анықтаңыз.
№6 Лекция сабағының тақырыбы : Дене шынықтырудың әдістері.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге дене тәрбиесінің әдісерін оқытып үйрету.
Жоспары:
1. Бастапқы түініктер: «әдіс», «әдістік-тәсіл», «әдістеме», «әдістемелік тұрғыдан келу», «әдістемелік бағыт».
2. Жүктеме мен демалыс дене тәрбиесі әдістерінің өзара байланыс компоненттері ретінде.
3. Арнайы әдіс (қатаң регламентті жаттығулар әдісі, ойын және жарыс әдістер) жалпы педагогиалық (көрнекілік және сөйлеу) әдістер.
4. Идеомоторлық, психореттегіш және соған ұқсас әдістер; дене тәрбиесіндегі сенсорлық-коррекциялық, ақпараттық және т.б техникалық қондырғылар.
Лекция мәтіні: Дене тәрбиесіндегі сабақ беру пәндері ретіндегі арнайы білім мен қозғалыс-қимылы әрекеті мұғалімнен белгілі бір оқытып үйрету жолдарын білуді талап етеді. Оқытып үйретудің әдістері өте көп және оның бірде біреуі әмбебап бола алмайды.
Оқытып үйрету әдісінің сипаттамасын білу, осы әдістердің көп түрлілігін дұрыс бағдарлауға және оқу міндеттерінің барынша тиімдісін таңдап алу үшін мүмкіндік береді.
Әдіс (метод) - бұл әр түрлі жағдайда және әр түрлі оқушылар контингентімен кең ауқымдағы міндеттерді шешуге болатын әрекет түрі. Мысалы, көрсету әдісімен қозғалыс әрекетін таныстыру және оны жетілдіру, балалармен және ересектермен жұмыс істеу кезінде барынша әр түрлі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Әдістемелік тәсіл - бұл тек кейбір нақтылы жағдайларда, жекелеген міндеттерді шешу кезінде іске асырылатын әрекет түрі. Мысалы, жаттығуды оқушыларға қырынан қарап түрып көрсету.
Сонымен, егер әдістер кешенімен (мысалы, түсіндірумен, көрсетумен және іс жүзінде үйретумен) алға қойылған міндетгі орындауға болса (мысалы, секіруді үйрету), онда әдістемелік тәсілдердің жүйесі белгілі бір нақтылы оқытып үйрету жағдайымен сәйкес келетін әдістерді іске асырудың нақтылы түрлері ретінде алға шығады (мысалы, секіруді көрсету кезінде қырынан немесе қарсы алдынан немесе екеуін де көрсету). Кез келген әрбір әдісте неше түрлі әдістемелік тәсілдер болуы мүмкін. Олардың көптігі соншалықты атауын санап жаңылысасың.
Олардың бірсыпырасы ізін жойып отырады, түр өзгерістеріне ұшырайды, мұғалімнің шығармашылығында жаңалары пайда болады. Бұл, негізінен, мұғалімнің сабақ беру деңгейінің айырмашылығынан, атап айтқанда, олардың әдістемелік тәсілдерді меңгеру деңгейімен түсіндіріледі. Тәжірибесіз мұғалімдер әдісті әдістемелік тәсілдің тек сыртқы сипаты ретінде қабылдайды. Мысалы, жанама жаттығулардың жүйесін құрастыра алмау бөліктерге бөліп үйрету әдісінің әдістемелік тәсілге айналуына әкеледі, яғни педагогикалық іс-тәжірибеде кейбір жекелеген жағдайларда қолданылады.
"Әдістеме" сөз ұғымы "Дене тәрбиесінің ілімі және әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде" деген тарауда кең мазмұндалғаннан басқа бөлек те мазмұнмен жиі қолданылады. Бұл жағдайда әдістемеге әдістемелік тәсілдердің жүйесі кіреді, кейде нақтылы бір қозғалыс әрекетіне үйрету үшін сабақты ұйымдастыру түрі болып табылады. Бұған "Қысқа қашықтыққа жүгіруді үйрету әдістемесі" жатады.
Оқытып үйрету әдістеріне қойылатын жалпы талаптар Қайсы бір әдістердің әрбір нақтылы жағдайда қолданылуы бірқатар талаптарды сақтаумен қамтамасыз етіледі:
Достарыңызбен бөлісу: |