Табиғаттың сауықтыру күштері - күн радиациясы мен су, сол сияқты гигиеналық қозғаушы күштері жеке және қоғамдық гигиена талаптарын сақтау дене тәрбиесінің өзгеше құралы ретінде әдістемелік мақсатқа сәйкес ұйымдастырылса, бұдан да басқа олар дене жаттығуларының шұғылданушыларға барынша тиімді әсер етуіне мүмкіндік жасайды.
Аталған құралдарды кешенді пайдалану дене тәрбиесінің білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерін толыққанды, міндетті түрде іске асыру жағдайы, сонымен бірге дене тәрбиесі жүйесінде ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбие құралдары қодданылып, барлық тәрбие түрлерінің негізгі байланысын көрсетеді.
Дене жаттығулары -Дене жаттығуларының пайда- болуы адам қоғамының ұзақ даму барысына жатады. Дене жаттығуларының пайда болуында шешуші рөлді материалдық өмір жағдайлары, атап айтқанда, бәрінен бұрын еңбек қызметі ойнады. Мұнда адамның жаттығу болмысын сапалы түрде түсінуінің үлкен маңызы бар. Адамды еңбекке дайындау үшін оның дене күшін дамытуға бағытты түрде әсер етуге және қозғалыс тәжірибесін балаларына үйретуге деген қажеттілікке байланысты дене жаттығулары пайда болды.
Дене жаттығулары бастапқы кезде еңбек қимыл әрекеттерімен тығыз байланыста болды. Дене жаттығуларының дамуына өнер, әскери қызмет, сонымен бірге құрамына дәстүрлі ойындар мен билер кіретін діни табынушылық салт-дәстүрлер елеулі әсер етті. Дегенмен, материалдық қажеттілік пен жағдай барлық уақытта дене жаттығуларының қалыптасып, дамуының қозғаушы күші болды. Дене жаттығуларын меңгеру басынан бастап басты негізде жетілген білімге, біліктілікке және дағдыға байланысты болды. Қоғамның және оның ішінде дене тәрбиесінің даму деңгейіне қарай дене жаттығуларының еңбекпен және басқа тікелей қолданбалы әрекеттермен байланысы тікелей тәуелділік сипатын жоғалтты. Енді олар белгілі бір өндірістік немесе әскери жағдайларға байланысты болмайды. Мысалы, табиғи жүгіруден (олжаны қуалау немесе жаудан құтылу үшін қашу), яғни белгілі бір қажеттіліктен немесе қауіптің дәрежесінен табиғи кедергілерге байланысты жүгіруден басқа осы нақтылы жағдайлардың нәтижесінде қысқа, орта және ұзақ қашықтыққа кедергімен секіру пайда болды.
Дәл осы сияқты найзаны аңшылықтағы сияқты белгілі бір нысанаға емес, ұзаққа лақтыру, ұзындыққа секіруді келісімді кедергілер арқылы орындай бастады және т.б. Дене жаттығуларын дерексіздендіру (абстрактілеу) нәтижесінде күрделі қозғалыс актілерінің жекелеген бөліктерін бөлек және оны дене тәрбиесінің мақсатына пайдалану келісім бойынша "табиғи" деп аталатын еңбек, әскери және тұрмыстық қызметтен тарихи алмасқан жаттығулардан басқа (жүру, жүгіру, өрмелеу, секіру, лақтыру, ауырлық көтеру, жүзу және т.б.) дене тәрбиесінің ілімі және іс-тәжірибесінің (практикасының) даму барысында арнайы жасалынған талдауға жұмсалатын жаттығулар қалыптасты.
Талдауға жұмсалатын жаттығулар қозғалыс негізіне үйрету, қозғалыс сапаларын дамыту, сол сияқты педагогикалық немесе емдік міндеттерді шешу үшін қолданылады. Бұған гимнастикалық қондырғылардың көпшілігінде орындалатын жаттығулар, дененің жекелеген бөліктеріне (аяқ, қол, кеуде және т.б.) арналған жаттығулар, әр түрлі заттармен орындалатын жаттығулар және т.б. жатады.
Дене жаттығулары еңбек негізінде пайда болғандықтан, еңбекпен ортақ қозғалыстары көп, яғни екеуінде де биомеханикалық, физиологиялық, биохимиялық ішкі құрылыстарында ортақтық көрінеді. Дегенмен, бұл дене жаттығулары мен еңбекті теңестіруге арналған негіз болмайды.
Еңбек адам мен табиғат арасындағы орындалатын қызмет жүйесі: табиғаттың сыртқы көрінісін өзгерту арқылы -адам оның заттарын өз қажеттілігіне жаратады және сонымен бірге ол өзінің де дене пішінін өзгертеді. Алайда өндірістік жұмыс барысында адамға дене еңбегінің әсер етуі өндірісті дамыту заңдылықтарына бағынышты бағытталған қозғаушы күш болып саналады. Қоғамдық өндірісте еңбек өнімділігінің арттырылуы басты негізде сол өндірістің жетілдірілуінің есебінен жүреді, мысалы, өндіріске автоматтандыруды ендіру. Яғни мүнда дене еңбегінің үлесі азаяды және оның тікелей жұмысының дене дамуына әсері де азаяды. Ал дене жаттығуларына келетін болдақ, олардың әсері дене тәрбиесі жүйесі заңдылықтарымен айқындалады.
Дене жаттығуларының көмегімен адамның дене және рухани қабілеттерін дамыту мақсатында бағытталған әсер ету іске асырылады. Жекелеген жағдайларда дене еңбегі дене жаттығуларымен үйлестікте, сыртқы ортаның қолайлы жағдайында (ормандағы, даладағы жұмыс), анықталған жүктеме өлшемімен өткізілсе дене тәрбиесінің көмекші құралы орнына жүреді. Бірақ бұлай пайдаланылған дене еңбегі дене тәрбиесінің мақсаты мен заңдылықтарына бағынып, оның қолданылуы мен бағыты өзгереді. Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, дене жаттығуларын дене тәрбиесінің заңдылықтарымен іске асатын қызмет ретінде айқындауға болады.
Дене жаттығуларының жіктелуі - бұл оларды барынша маңызды белгілеріне сәйкес өзара байланыстағы топтарға бөлу. Мұндай таратып, бөлудің нәтижесінде әрбір топ белгілі орын алатын және өз кезегінде майда топтарға бөлінетін жүйе пайда болады. Дене жаттығуларының жіктелуі мұғалімге сипаттық қасиеттерін бөлуге жәрдемдеседі, ал содан кейін көп деңгейде педагогикалық міндеттерге жауап беретін қажетті дене жаттығуларының орындалуын жеңілдетеді. Дене тәрбиесі туралы ғылым үздіксіз жаңа мәліметтермен толықтырылып отырылатындықтан, жаттығулардың жіктелуі тұрақты болуы мүмкін емес, яғни олар уақыт өте айқындалады. Дене жаттығуларының әрқайсысы бір емес бірнеше сипаттамалық белгілерге ие болады. Сондықтан бірдей дене жаттығулары әр түрлі жіктемелерде ұсынылуы мүмкін. Мысалы, белтемірге (турникке) тартылу анатомиялық белгісіне қарай құрылған жіктеме түрінде де (қолдың және иық белдеуінің бұлшық еттеріне арналған бұлшық еттер) және қозғалыс сапаларын дамытуы басымдылық көрсететін жіктемелерде де (күшті басымырақ дамытуға арналған жаттығулар) ұсынылуы мүмкін.
Әрбір қозғалыс-қимылының барлығы үшін арналған бірегей жүктеменің болуы мүмкін емес, олар барлық уақытта бірнешеу болады. Дене жаттығуларының жүктелуне арналған негіздемесіне педагогикалық міндеттерді шешуге арналған барынша маңызды белгісін санауға болады. Қазіргі уақытта дене жаттығуларының бірнеше жіктелулері бар.
1.Дене тәрбиесі жүйесінің тарихи жинақталған белгісіне қарай жіктелуі (гимнастика, ойындар, туризм, спорт). Бұл жіктелуге сәйкес тәжірибеде (практикада) пайдаланылып жүрген дене жаттығулары төрт топқа бөлінеді: ағзаның құрылысьі мен қызметіне әсерінің жіктелуі мен
тиімділігі бағаланатын, өнерлеп даярланған қозғалыс пен қимылдық әрекеттің әр түрлілігімен, сонымен бірге барлық қозғалыстың дұрыс орындалуымен, сұлулығьшен және үйлесімділік күрделілігімен сипатталатын гимнастикалық жаттыгулар; қозғалыс әрекетінің қорытынды нәтижесі (озу, жоғары секіру, дәл лақтыру және т.б.) және ағзаға бүтіндей әсер ету әсерлілігі бойынша бағаланатын және өзгеріліп отырылатын жағдайға сәйкес әр түрлі бейнедегі түрлерде орындалатын қозғалыс әрекетінің табиғи түрлерінен тұратын (жүгірулер, секірулер,лақтырулар және т.б.) ойын жаттығулары; жүру, жүгіру, секіру, кедергілерден өту, шаңғымен жүру, велосипед айдау сияқты ағзаға тиімділігі кешенді әсер етуімен және ара қашықтық пен кедергіден өтудің нәтижелілігімен бағаланатын туристік дене жаттығулары; барынша жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін маманданудың пәні болатын және олардың орындалуы бірегей республикалық спорттық жүйелеуге (классификация) сәйкес өнерлеп стандартталған қозғалыс әрекетінің сол топтарын біріктіретін спорттық жаттығулар. Алғашқы үш топтың кейбір дене жаттығуларын, егер оларға аталған белгілері тән болса, соңғы топқа жатқызуға болады (спорттық гимнастикалық жаттығулар, спорттық ойындар жаттығулары, спорттық туристік дене жаттығулары). Жоғарыда
келтірілген жіктелудің шарттылығы дене жаттығуларының осы топтарын сипаттайтын белгілердің айырмасынан көрінеді. Сондықтан, мысалы, жүгіру әр түрлі әдісте орындалатын болса да барлық төрт топта да көрсетілген. Жіктелу дене жаттығуларының сипатында жалпы бағдарлау ретінде ғана есептеледі.
2. Бұлшық ет қызметінің ерекшелік белгісі бойынша дене жаттығуларының жіктелуі (немесе қозғалыс сапаларын көрсетудегі басымырақ қажеттілік белгісіне немесе қозғалыс сапаларын дамытуға басымырақ әсер ету белгілеріне) қатынастың қысқа уақыт аралығындағы шұғылданушылардан талап етілетін барынша күш салуды көрсететін жылдамдық-күш дене жаттығулары (мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіру, лақтыру және т.б.); төзімділікті көрсетуді, яғни қатынастық ұзақ уақыт кезеңі бойынша үйлесімді күш салуды талап ететін дене жаттығулары (мысалы, орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғымен жүру және т.б.); қатаң уақыт белгілеген орындау жағдайында қозғалыс үйлесімділігін көрсетуді талап ететін дене жаттығулары (мысалы, гимнастикалық қондырғылардағы жаттығулар, суға секіру және т.б.); өзгеріп отыратын жағдайға сәйкес үнемі ауысып отыратын күш салу деңгейінде қозғалыс сапасын кешенді көрсетуді талап ететін дене жаттығулары (кимыл-қозғалыс және спорттық ойындар, жеке сайыстар).
Мұндай жіктелу кейбір шарттылықтарына қарай бірінші жағынан, яғни оның жәрдемімен қозғалыс сапаларын дамытуда қажетті күткен нәтижеге тиімді жетуге болады (демек, қозғалыс сапаларын дамыту деңгейін бақылау үшін жаттығуларды іріктеу), екінші жағынан, сол немесе басқа сипаттағы жаттығуларды орындау тиімділігі үшін қандай сапаны игеру қажет екенін білуге болады.
Білім беру міндетін шешу үшін дене жаттығулары мәніне қарай былай жіктеледі: негізгі дене жаттығулары (немесе жарыстық), яғни оқубағдарламасындағы білім беру міндеттеріне сәйкес оқып, үйрену болып саналатын қозғалыс әрекеті немесе кейде жарыстық сабақ (мысалы, XI
сынып оқушылары үшін "атка" қолды тіреп секіру); ұштастыру дене жаттығулары, яғни жүйке-бұлшык ет ширығуы мен сыртқы белгілерінеқарай ұқсас қимыл-қозғалыстарының мазмұнының арқасында негізгі дене жаттығуларын жеңілдететін қозғалыс әрекеті (мысалы, екі аяқты ашып "ешкіден" ұзындыққа секіруді меңгеру үшін жерге таянып жатудан, қолды тіреп, аяқты алшақ ұстап еңкеюге ауысу ұштастыру жаттығуы болып табылады); дайындық дене жаттығулары, яғни негізгі дене жаттығуларын табысты үйрену үшін қажетті дене сапаларын дамытуға жәрдемдесетін қозғалыс әрекеттері (мысалы, белтемірге тартылу, арқанға өрмелеудің дайындық жаттығуы қызметін атқарады). Бұл жіктелу шартты, өйткені екі жағдайда да бөлінбейтін болғандықтан, қозғалыс сапаларын дамыту мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар мұнда өнерлеп бөлінеді. Алайда бұдан жіктелудің іс жүзіндегі мәні жоғалмайды. Бұл әрбір кезеңдегі басты міндеттерді шешу үшін оны шешуге көп мөлшерде жәрдемдесетін қажетті дене жаттығуларын іріктеуге жәрдемдеседі.
Жекелеген бұлшық ет топтарының белгісіне қарай басым дамыту дене жаттығуларын жіктеу: қол және иық иіні, кеуде және мойын, аяқ және жамбас бұлшық еттері үшін. Бұл жіктелудің ішінде жаттығуларды мына кіші топтарға бөлу алдын ала ескеріледі: спорт құрал-жабдығымен және құрал жабдықсыз, жеке және жүппгн жаттығулар, күшті және иілтіштікті дамытуға арналған жаттығулар. Жаттығудың бұл түрін мысалы, жіліншік-табан, тізе буыны және т.б. жаттығу топтарына одан әрі бөлшектеуге болады. Бұл жіктелудің жоғарыдағы басты белгілерінен басқа анатомиялық және басқа да белгілерінің негізі қаланған, күш және иілгіштікті басым дамыту, спорт қондырғыларының саны немесе олардың болмауы. Мұнда,жіктелудің шарттылығы осылар, дегенмен бұл оның, әсіресе, жалпы дамыту жаттығуларының,денешынықтыру минуттарының кешенін, бірнеше бұлшық ет топтарының біріне немесе басқасына бір шеңберде әсер ету (локальді) қажет болғандығы, жаттығуларды дайындау кезінде іс жүзіндегі мәнін төмендетпейді. Жалпы жіктелуден бөлек жеке жіктелулер бар: әр түрлі спорт түрлеріндегі, биомеханикадағы (статикалық, динамикалық циклдік, құрастырылған дене жаттығулары және т.б.), физиологиядағы (максимальді, субмаксимальді, үлкен және бірқалыпты қуатпен).
Мұғалімге көп түрлі жаттығулардың арасынан қойылған міндетті шешуге барынша көп дәрежеде сәйкес келетіндерін таңдап, іріктеуге мүмкіндік беретін әр түрлі белгілеріне қарай құралған бірнеше жіктелулердің болуын оңды құбылыс деп бағалаған жөн. Табиғаттың табиғи күштері мен гигиеналық қозғаушы күштері дене тәрбиесінің құралы ретінде Адам өзін қоршаған ортамен үнемі өзара байланыста. Ағза мен ортаның бірлік заңдылықтары осыдан көрінеді.
Метеорологиялық ауа райы жағдайының үнемі өзгеріп отыруы (күн сәулесінің таралуы, ауаның, судың температурасы, жауын-шашын, ауаның қозғалысы және оның иондалуы, теңіз деңгейіндегі және теңіз деңгейінен жоғарғы атмосфералық қысым) белгілі бір физиологиялық және психикалық реакция туғызатын ағзаға, яғни адамның денсаулық жағдайының және жұмыс қабілетінің өзгеруіне, дене жаттығуларының әсерлілігіне, орындалу әдіс және тәсілдеріне, жарақат алуға ұрындыратын жағдайға әкелуі мүмкін. Олай болса, оқушылардың дене жаттығуларын орындау кезінде сыртқы қозғаушы күштердің әсерін ескеру қажет. Дене жаттығуларымен шұғылданушыларға сыртқы орта қозғаушы күштер әсерінің сипаты және шамасын басқаруға, болжалдауға ұмтылыс ғылымның дербес бұтағы - спорт биометрологиясын құруға әкелді.
Дене тәрбиесі жүйесінде табиғаттың табиғи күштерін пайдалану екі бағытта іске асырылады:
Дене жаттығуларымен шұғылдану үшін барынша жайлы жағдай жасауға серіктес қозғаушы күші ретінде табиғаттың табиғи күштерінің әсерін дұрыс сауатты есепке алып пайдалану керек. Олар озғалыстың адам ағзасына тигізетін әсерін толықтырады және арттырады.
Табиғаттың табиғи күштері арнайы процедура, күн, ауа және су ваннасы түрінде салыстырмалы дербес сауықтыру және шынықтыру құралы болып саналады. Бұл процедуралар еңбек және оқу жүйесінің күн тәртібіне кіргізіліп, ұтымды пайдаланылса, белсенді демалыс түрі болып, қалпына келтіру тиімділігін арттырады және жағымды көңіл-күй туғызады.
Табиғаттың табиғи күштерін пайдалану кезіндегі басты талаптардың бірі оларды дене жаттығуларымен үйлестікте жүйелі және кешенді қолдану болып табылады.
Табиғаттың табиғи күштерін ұтымды пайдалануды анықтау үшін шұғылданушылардың ерекшеліктерін және педагогикалық міндеттердің сипатын ескеру қажет. Табиғаттың табиғи күштерін дұрыс пайдалану шынығу әсерлілігі механизмін тасымалдауды, яғни адамның дене тәрбиесі жүйесінде жинақтаған шынығу тиімділігін еңбек, оқу және әскери кызметте іске асыруға мүмкіндік береді, барынша жоғары жүктемелерді орындау үшін мүмкіндік туғызады, атап айтқанда, адамның жұмыс істеу қабілетін арттыру, ағзаның радиацияға, артық жүктемеге, теңселуге, тербелуге және т.б. төзімділігін арттыру сияқты барынша жоғары деңгейде ерік-жігер сапаларын көрсетулеріне мүмкіндік жасайды.
Дене тәрбиесі жүйесінің сауықтыру бағытындағы принципінің дене жаттығуларымен шұғылдану адамның өмір қызметіндегі органикалық бөлігіне айналғанда ғана іске асырылуы мүмкін. Басқа жағынан, дене жаттығуларын орындауда қажетті гигиеналық талап өлшемін (нормасын) сақтағанда ғана күтілген нәтиже береді. Дене тәрбиесінің өзгешелік ерекшелігі жоқ құралы ретінде гигиеналық қозғаушы күштер дене тәрбиесінің міндеттерін толық бағалы шешу үшін үлкен маңызға ие болады. Педагогикалық жұмыс барысы қаншама жақсы ұйымдастырылғанымен, тамақтану және ұйықтау тәртібі бұзылған жағдайда күтілген нәтиже бермейді (мысалы, егер сабақ антисанитарлық жағдайда өтетін болса).
Дене тәрбиесінен мектеп бағдарламасында мектеп оқушыларының гигиеналық білімін мазмұндайтын ілімдік мәліметтер тарауы қажеттілікке байланысты ендірілген.
Гигиеналық қозғаушы күштер шартты түрде екі топқа бөлінетін кең ауқымдағы әр түрлі құралдар тобын құрайды.
Бірінші топқа дене тәрбиесі жүйесінен тыс адамның өмір қызметін қамтамасыз ететін мына құралдары жатады: еңбектегі, оқудағы, тұрмыстағы, демалыстағы, тамақтанудағы жеке және қоғамдық гигиена талаптары, яғни дене жаттығуларымен толық қанды шұғылдану үшін жасалынатын жағдай.
Екінші топты дене тәрбие жүйесіне кіретін құралдар құрайды: демалыс және жүктеме тәртібін гигиеналық талапқа сәйкес үйлестіру, арақашықтықта дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету, дене жаттығуларымен шұғылдану үшін сыртқы жағдайды жасау (ауаның тазалығы, жарықтың жеткіліктілігі, ауаны өнерлеп иондау, спорт құрал-саймандарының жарамдылығы, киімнің ыңғайлылыгы және т.б.) және дене жаттығуларын орындап болғаннан кейін қалпына келтіру (массаж, монша, ультра күлгін сәулемен емдеу және т.б.).
Осы құралдарды жүйелі және кешенді қолданғанда ғана максимальді әсер алуға болады.