Оқытып үйрету әдістері
Сөзді пайдалану әдістері
|
Көзбен көрсету, көрнекілік әдістері
|
Практикалық әдістер
|
1
|
2
|
3
|
-әңгімелесу
-суреттеу
-түсіндіру
-сұхбаттау
-талдау
-тапсырма беру
-нұсқау беру
-бағалау
-бұйыру
-санау
|
-көрсету
-плакат, видео,
кино бағдарламал
ды қосу; суреттерді бормен тақтаға салу, оқу құралдары, кино-фильмдер.
-дыбыстық және сәулелік (сигналдау)
белгілеу.
|
Қатаң уақытпен белгіленген регламенттегі жаттығулар әдістері
-Бөліктермен үйрену
-Бүтіндей үйрену
|
Бөлікпен, уақытпен белгіленген регламенттелген жаттығулар
-Ойындық
-Жарыстық
|
Бұл аталған әдістердің үш тобы оқушыны оқып, үйренетін қозғалыс әрекетіне ағзаның әр түрлі қабылдаушы, талдаушы жүйелерінің талдауымен қамтамасыз етеді. Оқушы мұғалімнің, түсініктемесін тыңдайды, қарайды, өзі қозғалыс барысын сезінеді. Жұмысқа екі белгі беру (сигнал) жүйесінде тартылады. Қозғалыс әрекеттеріне үйретуде іс-тәжірибелік әдістер маңызды рөл атқарады.
Дене тәрбиесі сабағында сөзді пайдаланып, қолдану әдістері Сөз арқылы мұғалім өз қызметінің көптеген салалық қызметтерін іске асырады (үйлесімдік, ұйымдастыру, зерттеу), сонымен бірге оқушыларымен өзара қарым-қатынас орнатады, олармен пікірлеседі. Сөз барлық оқытып үйрету жүйесінің белсенділігін арттырады, яғни барынша толық және нақтылы мәлімет алады, оқу міндетін терең ұғынуға, белсенді ат салысуға жәрдемдеседі. Сөзбен айтып, үйрету арқылы мұғалім оқушылардың оқу материалын меңгерулерінің нәтижесін талдайды және бағалайды, сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалай білу қабілетін дамытады.
Қорытындысында, ауызша сөзбен түсіндірусіз мұғалім бүкіл оқу барысы мен оқушылардың мінез-құлқын басқара алмайды.
Осындай бейнеде дене тәрбиесі пәні мұғалімінің сөздің екі қызмет түрін пайдалануға мүмкіндігі бар: біріншіден, мағыналық, оның жәрдемімен оқытып, үйретілетін материалдың мазмұны ұғындырылады, екіншіден, көңіл-күйлік, яғни оқушылардың көңіл-күйіне әсер етуге мүмкіндік береді.
Сөздің мағыналық қызметін іске асыру үшін педагогтің сөзі үйреткен тәрбиеленушілеріне дәл және ұғымды, түсінікті болуы тиіс. Нақтылы бұл талап келесі әдістемелік ұсыныста сипатталады.
Сөздің мағыналық мазмұны оқушылардыц ерекшеліктеріне және оқытып үйрету міндеттеріне сәйкес келуі тиіс. Сонымен, жаңа қозғалыс әрекетін оқытып, үйретпес бұрын алдын - ала түсіндіру, ал содан кейін қозғалыс әрекетінің негізгі үйрету әдісінің бөлшектерін сипаттауды пайдалануы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |