Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет47/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Бақылау сурақтары

  1. Қандай дене сапаларын білесіз?

  2. Дене сапаларына анықтама беріңіз

  3. Дене сапаларын тәрбиелеу әдістерін атаңыз.

  4. Жас ерекшеліктеріне қарай дене сапаларын дамытудьщ өзгешеліктері.

  5. Абсолюттік және қатынастық күштер арасындағы айырмашылық неде?

  6. Күштің және әбжілдіктің маңызын, өлшемін, міндеттерін, мәні мен құралын анықтайтын тәрбиелеу әдістемесіне сипаттама беріңіз.

  7. Жылдамдықты, шыдамдылықты, иілгіштікті дамыту әдістемесін түсіндіріңіз.

  8. Дене сымбаттылығына тәрбиелеу әдістеріне сипаттама беріңіз.

9 Лекция сабағының тақырыбы: Дене шынықтыру үрдісіндегі жеке тұлғаның бағытты дамуы.


Сабақтың мақсаты: Студенттерге дене шынықтыру үрдісіндегі жеке тұлғаның бағытты дамуын оқытып үйрету
Жоспары: 1.Жеке тұлғаның дене қасиетерін қалыптастыуда дене тәрбиесінің орны мен рөлі
2. Жеке тұлғаны бағытты қалытастырудың факторлары мен шарттары.
3. Дене тәрбиесі үрдісіндегі интелектуалдық, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттері, құралдары, әдістері мен түрлерінің ерекшелігі.
Лекция мәтіні: Денені тәрбиелеу жүйесіндегі адамгершілік, өнегелілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің негізгі әдістемелері Дене тәрбиесі адамгершілік, өнегелілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерімен түбірлі байланыста. Бұл тарауда дене тәрбиесінің басқа тәрбие түрлерімен өзара байланысының нақтылы жақтары көрсетіледі және
адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің дене тәрбиесі жүйесіндегі маңызы баяндалады. Дене тәрбиесі мен адамгершілік, өнегелілік тәрбиелерінің арасында жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту зандылықтарымен қамтамасыз етілген екі жақты байланыс бар. Бүл байланыстың табиғи-ғылымилық негізін ағзаның бірлігі туралы ілім, жеке тұлғаның дене және рухани дамуы құрайды.
Шұғылданушыларға дене және адамгершілік тәрбиесінің өзара бірлікте әсер етуі бағытына қарай мүлде қарама-қарсы нәтиже келтіруі мүмкін.
Біздің егеменді еліміздегі дене және адамгершілік тәрбиелерінің өзара байланысы дені сау, жаны таза, еңбек етуге, отанды қорғауға рухы дайын, өскелең өмір жолының қиындықтарына төзімді жаңа заманының белсенді жастарының бейнесін қалыптастырады.
Ал капиталистік елдердегі жас ұрпақ бейнесі реакцияшыл идеология рухында, басқыншылық моральды рухта қалыптасады. Бұдан келіп шығатын түйін дене және адамгершілік тәрбиелерінің өзара байланыстарының пайдалылығы кездейсоқ жағдайда емес, яғни ойластырылған және мақсатты бағытта ұйымдастырылған педагогикалық тұрғыдан ықпал жасау болып табылады.
Дене тәрбиесі жүйесінде спортшылардың адамдық бейнесінің келесі ерекшелік белгілері көрінеді:
1. Халқымыздың мақсатты ісіне берілгендік, қоғамдық және мемлекеттік мүддені өз мүддесінен жоғары қою. Еңбекке және отанды қорғауға дайын болу мақсатында өзінің дене сапалары қабілеттерін жетілдіру және денсаулығын нығайтуға үнемі қамқорлық жасау. Қоғамдық пайдалы істен өзін аулақ ұстайтын спортшыларға бойында кешірімсіз көзқарасты қалыптастыру.
2. Қоғамдық мүлікті көздің қарашығындай сақтауға дайын болу. Дене мәдениеті базасының қүрылысын салуға және оны құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге белсенді түрде қатысу. Қоғам мүлкін талан-тараж жасаушылармен аянбай күресу. Дене шынықтыру мәдениетіүжымының жүргізетін жүмыстарына белсенді ат салысу. Еңбекке, оқуға,қоғамдық міндетке, спорттық шеберлігін жетілдіруге, тұрмыстағы іс-әрекеттерде ұжым алдында жоғары жауапкершілікте болу.
3. Дене мәдениеті ұжымы мүддесіне қарама-қарсы пікірлерге кешірімсіздікпен қарау.

  1. Еңбекте, қоғамдық өмірде, спортта және тұрмыста жалпы адамдық адамгершілік талаптарын ерікті түрде ойластырып орындау.

  2. Елімізде тұратын барлық ұлттармен, ұлыстармен сол сияқты басқа
    ТМД елдерімен ынтымақтастықта, достық қарым-қатынаста болу. Халықаралық спорт сайыстары барысында басқа ел спортшыларымен және еңбекшілерімен туыстық, бейбітшілік қарым-қатынасты нығайту.Ұлттық бөлінушілікпен, бейбітшілік, демократия және прогресс жауларымен аянбай күресу.

Егеменді еліміздің спортшыларының жоғары адамгершілік сапалары еңбекте, тұрмыста, спорггық сайыстарда, оқу жүйесінде және отанды қорғауға дайындық барысында қалыптасады. Адам өзің еңбекте, істе, әрекетінде, адамдармен араласуында адамгершілік қасиетгерін көрсетуі үшін адамгершілік принциптерінің жүйелерін меңгеруі тиіс. Бұл принциптер қоғамдық өмірде, оның ішінде, дене тәрбиесі жүйесінде адамгершілік қатынастың барлық жақтарын қамтиды. Спорттық қызметтің ерекшелігі шұғылданушыларда келесі анықталған қатынастарды қамтамасыз етеді: өз командасының мүшелеріне, жаттықтырушысына, спорттық қарсыласына, спорт төрешісіне, көрермендерге және т.б. байланысты алдына қойылған міндеттерін орындауды қамтамасыз ету және т.б. Бұл қатынастардың әр түрлілігі спорттық этиканың пайда болуын анықтайтын спортшының мінез-қүлқын мөлшерлейтін ережелермен, белгілі шекарамен шектеледі. Этикалық талаптар және дағдылар, мінез-қүлықтың саналы негіздерін қалыптастырудың жолдары мен міндеттері мөлшері адам тәрбиесінің жалпы жүйелерінде адамгершілік тәрбиесінің анықтаушы маңызы, жеке тұлғаның әлеуметтік ақталған өмір жолдарындағы алғашқы дәрежелік мәндегі адамгершілік бастаулары, қоғамның бастаушы күшінің басты мүдделі қызығушылығына тән, онда қабылданған адамдық өлшемдерінің нығаюы болып табылады. Егеменді еліміздің дене тәрбиесі мамандарына, тәрбие саласының барлық қызметкерлеріне тән жаңа қоғамның қорғаушылары мен қүрылысшыларын, яғни қоғамдық дамудың белсенді қайраткерлері жастарды тәрбиелеуде халқымыздың өмір сүру өлшемдерін терең меңгеріп, олардың жалпы адамдық мазмұнының адамгершілік өнегесінің принщштеріне айналуы үшін, барынша жауапкершілікті міндеттерді жүктейді. Спорттық этика дегеніміз бул спортшыныц өзінің ерекшелігі бар қызметінде (жарыста, жаттығуда және басқа дене жаттығулары сабақтары талаптарында) міндетті мінез-қүлық ережесі мен талаптарының жиынтығы болып саналады.
Бұл міндеттердің кешенінде мыналар қамтылады:

  • қызмет әуені (мотивтері) мен сапалы сенімділікті, адамгершілік саналылығын қалыптастыру;

  • қоғамымыздың және әлемдік бірлестіктердің озық ойлы мүшелеріне тән сипаттағы адамгершілік сезімін тәрбиелеу (өз отанына деген сүйіспеншілік, достық, жолдастық, ұжымшылдық, қоғамдық борыш,бейбітшілікті сүю, адамгершілік, бүкіл дүние жүзі адамдарының ынтымақтастығы және т.б.);

- спорттық этикаға, дене шынықтыру мәдениетіне тәрбиелеудің нақтылы талаптарына сәйкес қоғамдық ақталған мінез-құлық дағдыларын, этикалық талаптарды сақтаудағы қатаң дағдыларды, әдеттерді, адамгершілік, өнегелілік тәжірибелерін қалыптастыру. Адамгершілік, өнегелілік тәрбиесінің құралдары мен әдістері. Оқу жүйесі барысында шұғылданушыларға адамгершілік, өнегелілік тұрғысынан әсер ету осы жүйеге байланысты оның мазмүны, ұйымдастыру әдістемелері, оқытушылар мен жатгықтырушылары, басқа да оқу жүйесіне қатысушылардың адамгершілік тұрғысынан әсер ететіні педагогика ғылымында дәлелденген. Дене тәрбиесі пәнінің өзгешелігі (қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, дене сапаларын жетілдіру), тәрбиелеу қүралдары (гимнастика, ойын, спорт, туризм), сабақтық үлгілерінің әр түрлілігі (сабақ, спорттық жатгығу, жарыс, жорық және т.б.), дене шынықтыру жаттығуларын әр түрлі жағдайда өткізу (гимнастикалық залда, мұз айдынында, орманда, тауда және т.б.) осылардың барлығы шұғылданушының санасына, сезіміне, ерік-жігеріне және мінез-құлқына жан-жақты әсер етеді. Әсіресе, дене тәрбиесінің негізгі құралы - қозғалыс әрекеттерінің өнегелілікті дамытуда рөлі орасан зор.
Гимнастикада қолданылатын қозғалыс әрекеттері қатаң тәртіп белгілеуді талап етеді. Бұл шұғылданушыларды өзін ұстай білуге, саналы тәртіптілікке, өз денесін меңгере білуде сезімін басқаруға, өз әрекетіне жауап беруге және тәртіпті сапалы орындауға мәжбүр етеді. Егер қозғалыс әрекеті күнделікті дағдыланбаған жоғары биіктікте орындалса (гимнастикалық бөренеде, әр түрлі биіктіктегі жарыспалы сырықта, белтемірде және т.б. тепе-теңдікке арналған жаттығуларда) шұғылданушыларға жаттығуды орындаумен қатар батылдық, ерлік, шешімшілдік, табандылық, орнықтылық және басқа да жігерлілік сапаларын көрсетулеріне тура келеді. Бұл сапалар гимнастика сабағында көп рет көрініп, шұғылданушылардың құлықтылық белгісіне айналуы мүмкін. Адамгершілік бейнесінің ерік-жігер сипатталуына спортпен шұғылдану үлкен әсер етеді. Тандап алған спорт түрінен шеберлікке жету үшін спортшы ұзақ уақыт көлемі мен қарқыны үнемі өсіп отыратын денеге күш түсіру жүктемесіне жоспарлы түрде жаттығуы, күрделі әдістерді меңгеруі, әр түрлі әдістік айла, тәсілдердің міндеттерін шешуі және т.б. тиіс. Қазіргі заманғы спорт шұғылданушылардан жоғары еңбек сүйгіштікті, өзін-өзі үстай білу дәрежесін, өзіндегі жағымсыз сезімдерді баса білу, алдына қойған мақсатқа жету жолындағы қиыншылықтарды табандылықпен жеңуді талап етеді. Бұл тұрғыда спорт жарыстарының да маңызы өте зор. Жарыстың ережесі спортшыларға қарсыласымен қатаң, анықталған жағдайда күресуін ұсынады.
Олардан тек мінсіз тәртіпті, адалдықты, шыншылдықты талап етіп қана қоймай, сонымен бірге олар қарсыласын, спорт төрешілерін, көрермендерді сыйлауы, өз Отанының биік мақсаты, Қазақстан спортының абыройы мен даңқы үшін мінезінің тұрақтылығын көрсете білуі тиіс. Спортпен шұғылдану ағзада елеулі биологиялық өзгерістер жасап қана қоймайды, сонымен бірге спортшылар көзқарасында, көңіл сенімділігінде, мінез шеңберінде, әдет дағдысында, әдемілікті айыра білу және жеке тұлғаның басқа жақтарын анықтайды. Үнемі жетілдіріліп және орнықтыру нәтижесінде адамгершілік және ерік-жігер сапалары спортшы үшін дағдыға айналуы және тек спортта ғана емес еңбекте де, тұрмыста да көрінуі мүмкін. Туризмде қолданылатын қозғалыс әрекеттері дәл осындай саналы тәртіпті, өнегеліліктің қарапайым өлшемін, еңбек сүйгіштікті, ұжымшылдықты және басқа да адамгершілік және жігер сапаларын көрсетуді талап етеді. Сонымен бірге туризмде шұғылданушыларға отансүйгіштікті, қоғамдық борыш ұғымын, Отанды сүюді, қоғамдық меншікке жанашырлық жасауда да көптеген жоғары өнегелілік сапаларын дамыту үшін елеулі потенциалды мүмкіндіктері жасалынған. Адамгершілік, өнегелілік тәрбиесінің міндеттерін шешуде дене тәрбиесі құралдарының маңызы өте зор. Дегенмен, дене жаттығуларымен, оның ішінде спортпен шұғылдану жеке түлғаның қажетті өнегелілік сапаларын бере алмайды. Тек педагогикалық бағытта шұғылданушылардың мінезінің ерік-жігер сипатын, бейнесін қалыптастыратын қүралға айналады.
Дене тәрбиесі жүйесінде өнегелілік тәрбиесінің әр түрлі әдістері қолданылады. Бұларға түсіндіру арқылы көзін жеткізіп, сендіру, пікірлесу және басқа сөз арқылы әсер ету, көрнекі мысал және іс-тәжірибе жүзінде үйрету жатады.
Көзін жеткізіп сендіру әдісі тәрбиешінің сөзбен жан-жақты әсер етуінің жиынтығы, яғни ол шұғылданушылардың көзін жеткізіп сендіруді психологиялық сапа ретіне қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сөзбен әсер ету үлгісінде сендіру әдісін пайдаланып, тәрбиеші адамгершілік қағидаларын түсіндіреді, шұғылданушылардың алдына қойған мақсатқа жетуі үшін ерік-жігер сапаларын көрсету қажеттілігіне көзін жеткізіп сендіреді. Спорт қызметінде өнегелілік сапалары мәнін сипаттайтын нақтылы дәлелдерді, көрнекі мысалдарды келтіреді; шұғылданушыларды этикалық талапқа сай болуға себепші болады, өзінің іс-әрекетін, бүтіндей мінез-құлқын, ұжымға деген қатынасын, көзқарасын, әділ бағалауға уйретеді. Бірқатар жағдайларда бүл әдіс шұғылданушыларды тек тәрбиелеуге ғана мүмкіндік беріп қоймайды, сол сияқты оларды қайта тәрбиелейді, оларға мінездеріндегі жағымсыз жақтарын жоюға жәрдемдеседі.
Түсіндіру және этикалық пікірлесуді қолданумен қатар мақұлдау, мақтау, ойын түрінде ескертпе жасау, кінәлау, сөгіс беру және сөзбен әсер ету әдістері пайдаланылады. Мақұлдау, мақтау және басқа сөзбен дұрыс әсер ету әдістері балалармен жаңадан шүғылдануды бастаған спортшылар үшін ерекше қолайлы әсер етеді. Бұл олардың оқу тапсырмаларын орындау кезінде өз күштеріне сенімсіздігін, сонымен бірге мінез-құлқындағы кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді. Тәжірибелі спортшылармен жұмыс істеуде ерік-жігер сапалары мен мінез-құлқындағы кемшіліктер туралы әсерлесуді қолдану, бұл кемшіліктерді жоюға кеңес беру дұрыс. Әсіресе, аса дарынды спортшыларды шамадан тыс мақтаудан сақтанған жөн. Шамадан тыс мақтау өз күштерін аса жоғары бағалауға, өз-өзінен масайраушылық, көкірек көтерушілікке және т.б. ұрындырады. Тәрбиеленушінің неғұрлым жасы үлкен болған сайын олардың сезіміне жете түсінікті етіп көзін жеткізіп сендіру барысында оларға сүйену қажет. Дегенмен, жақсы жақтарымен бірге сөзбен көзін жеткізіп сендіру әдісінің өзіндік әлсіз жақтары да бар. Этикалық талап өлшемдерін сөзбен түсіндіру немесе ерік-жігер сапаларының мәнін көрсетуге сүйенбей дене тәрбиесінің іс-тәжірибесінде оның дүрыс жақтары "рахаттандыру сөздеріне" айналып кетуі мүмкін. Сөзбен әсер ету күнделікті іс-тәжірибедегі мысалдармен бекітіліп отырғанда ғана сенімді болады. Адамгершілік өлшемдері мен талаптарын тәрбиеленушілердің сапалы түрде орындауына іс-тәжірибе барысында үйретуде тәрбиешінің өзінің жеке басының өнегелілік үлгісінің бүл қатынаста үлкен маңызы бар.. Үлгіні мысалға келтіру күшінің педагогикалық маңызына көптеген көрнекті Ресей педагогтары сілтеме жасады (П.Ф.Лесгафт, К.Д.Ушинскйй, А.С.Макаренко, Н.К.Крупская және т.б).
Кеңестік дене тәрбиесі саласының көрнекті мамандары да жеке адам үлгісін мысалға келтірудің ықпалды рөлінің дұрыстығын атап өтті ( В.И.Алексеев, Н.А.Бутович, Н.Г.Озолин және т.б). Көрнекті үлгінің сендіруші күші балалар мен жеткіншек жасөспірімдерді өнегелілікке тәрбиелеуде ерекше маңызды. Бұл олардың еліктеушілікке бейімділігі туралы айқын ойлау қабілетінің артуымен түсіндіріледі. Білім дәрежелерінің және өмірлік тәжірибелерінің әлі шектеулі, аздығына сәйкес балалар үлкендердің әрекетін, істерін, мінез-құлықтарын байқайды және оларға еліктейді. П.Ф.Лесгафт: "Балаға сөз емес, нақтылы көрсетілген іс басты бейнеде әсер етеді, бұл сөздің іс жүзіндегі нақтылылығы, оның бойында өзінің көрген істерінің әсерімен үйренгендері жинақталады. Ол айналасында байқағандарын қайталап, өз дағдысы сана және дәстүріне айналады", -дейді.
Дене тәрбиесі пәні оқытушылары мектеп окушыларын адамгершілікке, өнегелілікке тәрбиелеуде өзінің жеке үлгілі істерімен, сол сияқты басқа жақсы адамдардың жоғары өнегелі бейнесін сипаттайтын мысалдарды келтіру арқылы үлкен жетістіктерге жетеді. Өз жеке басының өнегелілігі арқылы тәрбиелеу мәні дене тәрбиесі саласының әрбір маманына, оның ішінде спорт төрешілеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Оқытушының, жаттықтырушының, спорт төрешісінің абыройы жоғары болған сайын шұғылданушылардың өмір танымы, өнегелілікке сенімділігіне, этикалық өлшемдері мен ерік-жігер сапаларына оның жеке басының үлгісі қатты әсер етеді. Дене тәрбиесі жүйесіндегі өнегелілікке тәрбиелеудің соңғы мақсаты адамгершілік принциптерін шүғылданушылардың жеке сеніміне терең ендіру, яғни спорттық этика өлшемі және мінезіндегі ерік-жігер сапалары оның дағдысына айналуы тиіс. Адамгершілік, өнегелілік тәжірибесінің жинақталуы және оның нығаюы дене тәрбиесі жүйесінде іс-жүзіндегі үйрету әдісімен іске асады. Іс-тәжірибе жүзіндегі үйрету әдісін жаттығу әдісі ретінде қарауға болады. Бірақ жаттығу өнегелілікке тәрбиелеу әдісі ретінде өзінің сипатына қарай оқытып үйрету жолымен айырмаланады.
Іс-тәжірибелік үйрету әдісі шұғылданушылардың қызмет аясын педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыруда тек нақтылы дағдыларды, әдеттерді ғана өндіріп қоймайды, сонымен бірге жеке түлғаның бүтіндей қалыптасуын, яғни түйсік, сезім, ерік және басқа да психикалық қүбылыстарды қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесі жүйесінде іс жүзіндегі үйретуде этикалық өлшемдердің сақталуы қозғалыс әрекеттері арқылы іске асады. Дене тәрбиесінің ерекшелік қүралының бар жиынтығы - гимнастика, ойын, туризм, сонымен бірге бұл саладағы педагогикалық ұйымдастыру шұғылданушыларды этикалық өлшемдер мен ерік-жігер сапаларын мақсатты бағытта дамытуға үйретеді. Дұрыс өнегелілік мінез-құлық әрекеттердің, дағдылардың белгілі бір жүйесін жаттықтыру үшін оны дұрыс, жағымды әрекеттер мен істерді қызметтің нақтылы жағдайында көп рет қайталау қажет. Мұндай жағдай, мысалы, әр спорт түрінде белгілі бір жарысқа қатысу тәртібі, спортшыларға талап қою, олардың міндеті мен құқығы, сонымен бірге тәртіп бұзушылыққа байланысты шара көру болып табылады. Егер жаттықтырушы спортшыдан жатгығуда қалыптаскан ережені табандылықпен талап етсе, онда тәрбие жүйесі педагогикалық бағытта сипат алады.
Ережелер мен талаптарды сапалы түрде ең алдымен жаттығу сабақтарында, ал содан кейін сайыстарда орындау спортшыны іс жүзінде өзін ұстай білуге дағдыландырады (жағымсыз, кері көңіл-күйді тежеу, тәртіпті, ұқыпты, мұнтаздай таза жүру).
Спортшының адамгершілік бейнесін қалыптастыру жүйесі барлық кезде дұрыс, жатық бола бермейді.
Спорттық сайыстың ерекшелігінде қарсылық бағыттағы өз мүддесіне тартушылық ұмтылыс және қызығушылық жиі пайда болады. Кейбір спортшылардың өзін ұстай білу қабілетінің болмауы спортгық этика талаптарына қайшы қылықтарға ұрындырады. Мысалы, ұтылған спортшы жеңімпаз қарсыласының қолын алудан бас тартып, спорттық этика ережесін өрескел бұзады. Мұндай қылықтардың алдын алу және болдырмау үшін жүйелі түрде педагогикалық әсер етуді, оның ішінде тәжірибелік үйрету әдісін қолдану қажет. Мұндай әсер ету жүйесінде іс жүзіндегі үйрету негізгі орынды алады, өйткені онсыз мінез-құлық тәртіптік дағдыларын, қарапайым адамгершілік өлшемдерін, әрине, мінездің ерік-жігер сипатын шынықтыруды қалыптастыру мүмкін емес. Дене тәрбиесінін ұйымдастыру барысында іс жүзінде тікелей үйретуде қиыншылықтарды жеңу, қозғалысқа үйрету негізінде және дене сапаларын тәрбиелеуде іске асады. Дене қабілеттерінің дамуымен және әдістік-тәсілдік шеберлігінің өсуімен бірге ерік-жігер нығаяды, өз күшіне сенушілік артады.
Педагогикалық тәжірибе және арнайы ғылыми зерртеулер көрсеткендей (Н.А.Бутович, К.А.Шаров, Н.Г.Озолин, А.Ц.Пуни және т.б.) спортшының жігерін әр түрлі әдістермен жаттықтыруға болады. Мысалы:
- жаттығуда жүйелі түрде қиындықтар мен жүктемені арттыру
- жаттығу сабақтарында шұғылданушыларды жарыстық жағдайда әрекет жасауға үйрету (жарыстық сайыстарды жиі қолдану);

  • батылдықты, шешімділікті, тәуекелге барып елеулі ерік-жігерге күш салуды талап ететін дене жаттығуларын кең пайдалану;

  • күште, жылдамдықта, төзімділікте өте жоғары көрсеткішке жетуге ұмтылу;

  • байқап көру бақылауларын (контрольная прикидка) жиі өткізу;

- эстафета, командалық ойындар және т.б. дене шынықтыру жаттығуларын ойындық әдістемемен өткізу;

  • гимнастика сабағында спорт қондырғыларды жарыстағыға қарағанда жаттығу көлемін арттырып өткізуді пайдалану;

  • жаттығу сынақтарын максимальді балға орындау;

  • жаттығуды таза орындау үшін спортшыға бір-ақ мүмкіндік беру;

  • жатгығу сабақтарына сезімдік сипат беру.

Іс-тәжірибе жүзінде үйрету әдісі спортшының жеке өмірдегі және қызметіндегі күн тәртібінің қатаң сақталуын алдын ала бағдарлайды. Қабылданып, белгіленген күн тәртібі үнемі сақталуы тиіс. Өйткені ол кері жағдайда қажетті гигиеналық әсерлілік бермейді және ерік-жігер сапаларының бекуін қамтамасыз етпейді. Адамгершілік тәрбиесінде табысқа жету үшін шүғылданушыларды этикалық ережелерді орындауға және таңдап , алған қызметіндегі біртіндеп күрделенетін қиындықтарды жеңуге күнделікті үйрету маңызды. Сонымен қаралған адамгершілік, өнегелілік әдістері органикалық өзара байланыстағы әр түрлі әсер ету құралдары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Соңғы нәтижеде бұл әдістер тек көзін жеткізіп сендіру және үйрету үшін ғана емес, сонымен бірге осы негізде адамгершілік тұрғыдан ақталған әрекеттерге, іс әрекетіне және мінез-құлқына түрткі болады. Адамгершілікке тәрбиелеу әдістері барлық уақытта шұғылданушылардың түйсігінде жағымды немесе теріс, ұнамсыз сезім қалдырады. Жағымды әсер ету үлгісіне педагогтің мадақтауы, яғни шұғылданушылардың жағымды әрекеттерін бекітіп, арттыру негізінде олардың мінез-құлқында сәйкес әдет, дағдылары мен этикалық өлшемдері туралы дұрыс ұғымды қалыптастыру болып табылады. Мадақтау сонымен бірге шұғылданушыларды осындай жақсы әдет, этика талап өлшемдерін кайталауға қызмет етеді.
Керісінше ұялту, бетіне басу түріндегі педагогтің әсер етуі шұғылданушылардың көңіл-күйіне жағымсыз сезім туғызу арқылы жағымсыз қылықтарды қайталамауға жұмылдырады. Егер бүл әсер ету үлгілері шұғылданушылар тарапынан қарсылық туғызса, онда ұялту, бетіне басу, еріксіз көндіру және жазалаумен байланысты болуы мүмкін. Адамгершілікпен түсіндіріп, көзін жеткізу этика талаптарын еркімен сақтап, дәстүр, әдет, дағды, табиғи қажеттілік бойынша жасау қызмет әрекетінде іске асып, адамның өнегелілік саналарына, оның мінезінің сипатына айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет