Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет49/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

1-бөлім. Шұғылданушыларды жұмысқа кірістіру (топты ұйымдастыру, ағзаны біртіндеп қыздыру, жалпы зат алмасуды арттыру, назарын және көңіл-күй жағдайын реттеу).
2-бөлім. Бұлшық еттермен буындарға күш беруге, ширықтыру және босаңсыту, сонымен бірге тұлға сымбатын қалыптастыруға арналған арнайы жаттығулар.
3-бөлім. Қозғалыстың жалпы үйлесімділігімен әдіс негіздерін үйрету. Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.
4-бөлім. Меңгерген дағдыларды іс жүзінде қолдану және жүрек қан-тамыры жүйесімен тыныс алу органдарын физиологиялық тұрғыда жаттықтыру.
5-бөлім. Жұмысты аяқтау: 1. Жалпы жаттығулар. 2. ҚР қорғаныс күштерінің жаяу әскерлерге арналған жарғысы бойынша саптық жаттығулар.
Жоғарыда тәртіппен, сабақтың 1,2 және 5-ші бөлімдері гигиеналық қызметтің басымдығымен, 3-ші бөлім білім беру, ал 4-ші шұғылданушылардың әр түрлі жағдайда әрекет ете білуін тәрбиелеуге бағытталған.
Дене тәрбиесі жүйесінің жан-жақты сипатын толық көрсететін сабақтың құрылымында оның барлық негізгі, яғни шұғылданушыларды сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін шешу әрекеті іске асырылады. Кетірілген мысалдар сабақтағы оқу-тәрбиелік әсер етуді іске асырудағы кейбір орынды, ұтымды үлгіні жасауға жалпы ұмтылыспен сипатталады. Бір мезгілде кез келген еліктеушілік, шығармашылықпен жүргізілетін педагогикалық қызметті бөгейтіні белгілі. Дайын үлгіге еліктеуді (шаблон) жену дене тәрбиесі жүйесінде бәрінен бұрын сабақ міндетінің өзгеруімен және сыртқы жағдайдың әр түрлілігімен адамдардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес сабақтың барынша тиімділігіне жетудегі маңызды жағдай болып табылады. Олай болса сабақты өткізу ілімі еліктеушілікке, төзбейтін тәжірибемен қарама-қайшылыққа келді.
Бұл қарама-қайшылықты жеңу соңғы жылдардағы сабақ үлгілері туралы пікірсайыстардың негізін құрайды. XX ғасырдың 30-шы жылдарының соңында бес бөлімнен тұратын сабақ үлгісі төрт бөлімдікке езгертілді (мо дификацияланды):
1.Кіріспе бөлім: а) жалпы ұйымдастыру және сапқа тұрғызу; ә)шұғылданушылардың ықылас назарын ретке келтіру; б) ағзаның жалпы дайындығы.
2. Дайындық бөлім: а) қозғалыс аппаратын арнайы сапалы дайындау; ә) жалпы үйлесімділік негізін үйрету.
3. Негізгі бөлім: а) дағдыларды меңгеру; ә) дағдыларды өздігінен қолдануға үйрету; физиологиялық және өнегелілік ерік-жігер дайындығы.
4. Қорытынды бөлім: а) жүктемені біртіндеп түсіру; ә) сезімге берілу, жігерлілік жағдайын реттеу.
Осындай бейнеде білім беру міндеті қорытынды бөлімде таратылды, ал тәрбиелік міндеті негізгі бөлімге кіргізілген. Осыған сәйкес оқытушының қызметінде үлкен еркіндік қамтамасыз етілді. 50-ші жылдардың ортасында В.И.Короновский және басқалар үш бөлімдік үлгіні үсынды: сабақтың басталуы (кіріспе бөлім), меншіктік сабақ (негізгі бөлім), сабақтың соцы (қорытынды бөлім). Әрбір сабақ бөлімінің нақтылы құрылымы сабақтың мақсатты бағытына және жинақталған жағдайға тәуелді екені көрсетілген. Осыдан келіп педагогке сабақтың міндетін іске асыру үшін тағы да үлкен еркіндік үсынылады. Дене шынықтыру жаттығуларымен сабақ өткізудің барынша жақсы әдістемелік тәсілдерін табудың қарқынды іздеу жолдары бір уақытта жүргізіледі.
Оқушыларды сабақта ұйымдастырудың негізгі әдістері, дене сапаларын тәрбиелеу кезіндегі жаттығулар тәртібі, назар аударуды ұйымдастыру әдістері, жәрдемдер, қауіпсіздіктің алдын алу, сабақ өтілетін орынды ұйымдастыру талаптары және т.б. табылды. Әр түрлі жастағы, әр түрлі жыныстағы оқушылармен сабақ өткізу ерекшеліктері айқындалды. Соңғы кездерге дейін шұғылданудың әдістемесін өңдеп жасау басты негізде сабақпен байланысты болды. А.Д.Новиков (1947 ж.) пен Н.Н.Ефремовтердің (1959 ж.) еңбектерінде дене жаттығуларымен шұғылданудың жалпы зандылықтарын ашу және әр түрлі шұғылдану үлгілерін өңдеп, жасау мәселелері қойылған, яғни спорттық сайыстар, саяхат жасау, ойындар, сауықтыру шаралары және т.б. Сабақты құрудың жалпы педагогикалық заңдылықтарын ашу дене жаттығуларын орындау кезіндегі адамның жүмыс қабілеті туралы мәселелері бойынша көптеген психологиялық, физиологиялық және биохимиялық зерттеулерді жүргізуге жағдай туғызады.
Келтірілген талдау дене тәрбиесі міндеттерін тиімді шешу үшін сабақты ұйымдастыру мәселесіне байыптылық қатынастың қажеттілігін атап көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге ең маңыздысы осы күнгі дене жаттығулары сабақтарының әр түрлі үлгілерінің мүмкіншіліктері мен артықшылықтарын жақсы ажыратуға мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесінің тәжірибесі үшін дене жаттығулары сабағының жалпы типтік құрылымы туралы мағлұмат болуының үлкен маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет