Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет50/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   147
Сабақтың жалпы құрылымы. Сабақтағы шұғылданушылардың динамикалық жұмыс қабілеті, олардың жалпы құрылымының негізі ретінде. Дене жаттығулары
сабағының құрылымы елеулі дәрежеде шұғылданушьшардың жұмыс қабілетінің типтік өзгерісімен анықталады. Сабақтың барысында адамның жұмыс қабілетін зерттеу дене тәрбиесінің жұмыс тәжірибесіндегі бірінші кезектегі мәселені құрайды. Бұл, әрине, табиғи, өйткені шұғылданушылардың жағдайы туралы мәліметті есептемей олардың дамуын басқару мүмкін емес. Күнделікті қызметте маман педагогтар шұғылданушылардың жұмыс қабілеті туралы сыртқы белгілеріне қарап, яғни терінің бояуына, тыныс алу жиілігіне, тер бөліну және т.б. пікір айтады. Мысалы, селкілдеп тыныс алу қозғалысы шұғылданушылардың жұмыс қабілеті төмендегенін және олар одан әрі тапсырылған жұмысты орындай алмайтынын көрсетеді. Өз беттерінше шұғылдану сабақтарында жұмыс қабілетінің шұғылданушы басшылыққа алатын негізгі өлшем белгісі бұл –көңіл күй. Әрине, сыртқы белгілеріне және көңіл-күйіне қарап есептеу жүмыс қабілетін бағалаудың барынша сенімді жолы емес.
Барынша дәл пікір айту үшін тамырдың соғуын пайдалану дұрыс. Тамыр соғуы ағзаның маңызды жүйесі қан айналымының жұмысын көрсетеді, сондықтан көп жағдайларда жұмыс қабілеті жағдайының жеткілікті дәрежедегі көрсеткіші болып табылады. Барынша қарапайым және таралған тамыр соғуын саусақпен тексеру (пальпаторлы) әдісі. Тамырдың соғуын санау сабаққа дейін және сабақтан (жұмыстан) кейін 5-10 минут өткен соң 10 секунд аралығында жүргізіледі. Нәтижесі төмендегіше, тамырдың соғуы жұмысқа дейін 1 минутта 60 рет ұрады, сабақтың барысында 70, 90, 95, 120, 140, 130, 135, 120, 140, 90, жұмыстан соң 70 рет ұрады. Көрнекілік үшін тамырдың соғу жиілігінің өзгеруін "физиологиялық қисық сызық" немесе тамыр соғу қимылы деп аталатын қисық сызықпен бейнелейді (7-сурет).
Бұл қисық сызық көрсеткіші шұғылданушының шамамен 5-10 минут уақыт аралығында олар елеулі мөлшерде өзгеруі мүмкін. Үзіліссіз бақылау жүргізу үшін инструментальді аспаптың әдісі (мысалы, сумматорлык -берілген шамалардың қосындысын анықтайтын математикалық прибор) пайдаланылады. Нәтижесінде тамыр соғуы жиілігінің барынша дәл қисық сызығын алады.
Қан айналу жүйесінің жағдайы сериялы қозғалысты орындау кезінде жұмыс қабілетін жеткілікті дәрежеде толық сипаттайды.Оған қарап гимнастардың жұмыс қабілеттілігі "тамыр соғуымен", кезеңдермен төмендеп бастапқы шамасына дейінгіні көрсетеді және сабақ іс жүзінде шаршатып, шалдықтырмайды. Алайда шындығында бұлай емес, яғни гимнастика сабағындағы жаттығулардың арасындағы үзілістер жалпы жүмыс қабілеттілігіне сәйкес келетін алға басушылыққа қозғау салатын қарқынды ақыл-ой жұмысымен толықтырылады.
Оқу сабақтарында жұмыс қабілеттілігін сипаттау үшін қажет болғандықтан психологиялық қызметтің динамикасын, яғни назар аудару реакциясы уақытын, бұлшық ет сезінуінің дәлдігін және т.б. зерттеу керек.
Жұмыс қабілеттілігінің динамикасы туралы тереңдетілген зерттеу кезінде тыныс алуына, қуат жұмсалу шығынына, қанның құрамына, сезім, көңіл-күйі жағдайына және т. б. қарай жорамалдайды. Бүл қатынастағы маңыздысы да және іс жүзіндегі қолайлысы да берілген жұмыстың нәтижесі болып табылады.
Жұмыс қабілеттілігінің абсолюттік және қатынастық көрсеткіштерін айыру қажет. Абсолюттік көрсеткіштер жекелеген зертгеулердің нәтижелері болып табылады. Мысалы, тамырдың соғуы 1 минутта 200 рет, реакция уақыты 0,231 секунд. Адамның орташа жұмыс қабілеттілігі мен абсолюттік көрсеткіштерін жасағанда жүктеменің тиімділігі туралы айтады. Яғни тамыр соғуының жиілігі спортшылар үшін минутына 240-250 рет қалыпты жағдай болып саналады: балалар үшін бұл көрсеткіш шамадан тыс күш салу болып табылады. Жұмыс қабілеттілігінің қатынастық көрсеткіштері бұл оның шұғылдану негізіндегі алға басушылықтың өлшемі. Олар бойынша сабақтың қабылданған тәртібін қабылдауға болатындығы туралы пікір айтады. Мысалы, жұмыс қабілеттілігінің өсуіндегі біртін-біртелік принципінің бұзылуы сабақтың дұрыс басталмауына әкеледі. Жұмыс қабілеттілігін бақылау және өзін-өзі бақылау сабақ өткізудің қажетті элементтерінің бірі.
Әрбір аймақ адам психикасы мен ағзаның арнайы қызметінде күрделі қайта құрулармен сипатталады. Бұл қайта құрулар жұмыс барысында қуат шығынының ең үйлесімді жағдайын қамтамасыз етеді. Сөреге шығар алдындағы жай-күй құбылысы "жұмысқа дейінгі" жүрек дүрсілінің жиілеуімен, яғни қанның қан депосынан шығуы, өкпеде ауа алмасуын арттыру, тыныс алудың тереңдігі және жиілігі, бауырдағы гликогенді іске жұмылдыру, бұлшық еттегі гликолизді күшейту және осы тәріздес ағзаны жұмысқа дайындайтын алға басушылықпен қорытындыланады. Жұмысқа дейінгі күшті жалпы жұмылдыру, яғни оны орындауға саналы түрде ниет қылған ойдың шартты рефлекторлық табиғаты бар. Ол орнату құбылыстарының, яғни ашуланғандығымен, әсіреленушіліктің артуымен және т.б. сипатталады. Әсіреленушіліктің жай-күйінің үлгісі мүнда әр түрлі болуы, яғни "жауынгерлік" ("боевой") дайындық жағдайынан "сөрелік безгек" (стартовая лихорадка") жағдайына дейін немесе керісінше енжарлыққа әкелуі мүмкін. (А.Ц.Пуни). Жұмыс басталысымен тікелей физиологиялық қызметтердің одан әрі қайта құрылуы жалғасады, яғни ағза өңделеді, өйткені жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейі ретінде ол еш уақытта шегіне бірден жетпейді. Қайта құрудың сөреге шығар алдындағы жай-күйінен айырмасы өңдеп шығару кезінде барынша ерекшелік сипат алады, яғни өзгеше қызметті жұмылдыру дәл осы жұмысқа сәйкес іске асады. Бұлшық еттің серпінділігі төмендейді, дененің температурасының көтерілуінің арқасында оның тұткырлығы түседі, яғни бұлшық етті шиыру химиялык реакциясына қатысатын ферменттердің белсенділігі күшейеді. Капилляр жүйесін толық пайдалану есебінен жұмыс істейтін дене мүшелерін қанмен қамтамасыз ету он есеге дейін артады. Газ, жылу, зат алмасу біртіндеп максимальді қуатына жетеді.
Бұл қайта құрулардың барлығы орталық жүйке жүйесімен бағытталады және үйлестіріледі.
Бір мезгілде оның жүмыс қабілеттілігі артады, яғни жүйке орталығының қозу күштері, оның орнықсыздығы, жүйке жүйесінің қозғалмалылығы артады.
Барлық жұмыс істейтін жүйелер мен органдардың қызметінде келісімділік жөнге салынады.
Жұмыс қабілеттілігі қажетті деңгейге жеткеннен кейін, осы деңгейге қатынаста бірқатар уақыт тұрақсыз болады.
Мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіргенде қозғалыстағы жүгірушінің жылдамдығы сөреден екпін алып шығуда ең жоғары жылдамдык шегіне жетіп, содан кейін кезеңмен (5 ретке дейін) бірде артады, бірде төмендейді (И.М.Фрейдберг).
Жұмыс қабілеттілігінің тұрақсыздануының терең физиологиялық және психологиялық мәні бар. Жұмысты орындау жағдайының өзгерілуін үзіліссіз есепке алу және осы өзгерістер жөнінде үйлестікті қайта құруы, жұмыстың нәтижесі туралы мәліметгерді жинақтау және қайта өңдеуді талап етеді.
Қорытындысында барлық назар және оған жалғаспалы құбылыс жұмыс обьектісінен жұмыс істейтін органға ауыстырылып сақиналық (кольцевого) басқару механизмдерінің шегінде қосылады.
Бұл ауыстырылып қосылу жұмыс қабілеттілігінің өзгермелілігімен байланысты, өйткені ол өз кезегінде психиканың дұрыс жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Сабақ барысында жұмыс қабілеттілігінің сәйкес тұрақтылығы дамып келе жатқан шаршаумен, яғни оның барлық көрсеткіштерінің төмендеуімен көрсетіледі. Шаршау қозғалыс үйлесімділігінің бұзылғанында барынша көп білінеді. Бұлшық еттерде сүт қышқылының жиналуы олардың жиырылу қабілеттерін төмендетуге әкеледі. Ішкі секреция бездерінің қызметі, соңғы есепте жүйке-бұлшық ет аппаратының қызметі бүтіндей төмендейді. Уақыты ұзаққа созылған сабақтарда (1-1,5 сағаттан артық) қажу ағзадағы артық көмірсулардың таусылуымен қабаттаса жүреді.
Субъективті жағынан қажу, шаршау сезімінің пайда болуымен, жұмысты жалғастыруға құлықсыздықтың көрінуімен сипатталады. Қажудың дәрежесі сабақтың сипатына тәуелді. Гигиеналық дене шынықтырудан кейін немесе жарыстың алдындағы қыздырынулар кезінде жұмыс қабілеттілігі принцип бойынша қалыпты деңгейден төмендемеуі тиіс, ол тек сабақтың негізгі бөліміне сәйкес төмендеуі мүмкін (7-суреттегі А нүктесі). Бұл дене шынықтыру жаттығулары тәріздес сабақтар адамды еңбек күніне дайындау қызметін атқарады. Басқа барлық жағдайларда сабақ, жаттығу мен шұғылдану, жорықтардың нәтижесінде жұмыс қабілеттілігі принцип бойынша қалыпты жағдайдан төмен болып (8-сурет. В нүктесі), сонысымен шұғылданушылардың қозғалыстарды меңгеруі, дене сапаларын дамыту және дене тәрбиесінің басқа міндеттерін іске асыру үшін қажетті күш пен қуатын жұмсауын көрсетеді. Кейбір қажу өлшемі демалыстан кейінгі қалпына келуден тыс негізгі жағдайдың қызметін атқаратыны белгілі.
Сабақтан кейін қажу қан тамырлары соғуының және тыныс алудың жиілеуімен, бұлшық ет сезімталдығының және реакция уақытының төмендеуімен, сонымен бірге басқа да бірқатар қызметтік өзгерістердің болуынан көрінеді. Дене жаттығуларының бір сабағы барысындағы жұмыс қабілеттілігінің алға басушылық ерекше белгісі осындай. Бұл алға басушылықтар қозғалыс қызметі жүйесінде ағзаның дамып жинақталған сипат жағдайын көрсетеді. Сондықтан биологиялық заңдылықтар күші оның міндетіне, дене жаттығуларының мазмұнына және оның орындалу әдісіне тәуелді емес кез келген сабақта көрінеді.
Басқа сөзбен айтқанда, марафон қашықтығына жүгіруде және таңертеңгілік дене шынықтырудың жеңіл жаттығуларының серияларында, мысалы, мектеп гимнастика сабағында барлық жағдайларда шұғылданушылардың жұмыс қабілеттілігі сипатталған тәртіпке сәйкес өзгеретін болады. Сондықтан педагог Бұл заңдылықтарды ескеруі және одан жинақтаған білімін педагогикалық міндеттерді дұрыс шешу үшін пайдалануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет