Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет102/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Сабақтың мақсаты: Студенттерге әскери күштердегі дене тәрбиесі дайындығын оқытып үйрету


Жоспары:

  1. Әскери күш қатарындағы дене дайындығының мазмұны мен құрылымы

  2. Дене дайындығының мақсаты мен міндеттерінің өзіне тән ерекшеліктері

  3. Әскер қатарындағы жауынгерлердің дене дайындық түрлері



Лекция мәтіні: Әскери күштердегі дене тәрбиесі әскери кәсіптік қызметтің деңгейін анықтайды. Оны оқып, үйренудегі терең теориялық және әдістемелік дайындық болашақ мамандардың идеялық қалыптасуына жағдай туғызады.


1. Әскери күш қатарындағы дене дайындығы мына кәсіби-қолданбалы спорт түрлерін қамтиды: жеңіл атлетика, гимнастика, самбо, қоян-қолтық ұрыс, спорттық ойындар, жалпы және арнайы дене дайындығы.
Дене дайындығы әскери күш қатарындағы жауынгерлерді кәсіби дайындаудың негізі болып табылады. Дене дайындығының басты қызметі – батыл, ержүрек, адамгершілік, интеллектуалдық, әскери-психологиялық және жоғары жауынгерлік шеберлікті меңгерген, отанын қорғаушыларды жан-жақты дайындау болып табылады.


2. Әскери күштердегі дене дайындығы үдерісінде төмендегідей міндеттерді шешу жүктелген:
- жауынгерлердің салауатты өмір сүру бейнесін, жетілдірілген кәсіби-қолданбалы дене дайындығын және психологиялық табандылық ұстанымын қалыптастыру;
- дене дайындығы үдерісінде шұғылданушы әскерлердің денсаулығын нығайту, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен шеберліктерін жетілдіру, өзін-өзі басқара білуге үйрету.
Әскерилердің дене дайындығы оқу сабағы үлгісінде және күн тәртібінде дене шынықтыру жаттығулары үлгісінде жүзеге асырылады (таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, самбо, қоян-қолтық ұрыс секцияларында). Дене дайындығы жаттығулары сабағы аптасына 6 сағаттан кем болмауы тиіс.
Әскерлердің дене дайындығы сабағы мына үш бөлімнен тұрады: кіріспе-дайындық бөлім (ұзақтығы-15 минут), негізгі бөлім (ұзақтығы-60 минут) және қорытынды бөлім (ұзақтығы – 5 минут).



  1. Әскери күш қатарындағылардың дене дайындығы мыналардан тұрады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет