Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Еңбекшілер тұрмысындағы дене мәдениеті



бет98/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   147
Еңбекшілер тұрмысындағы дене мәдениеті Еңбекшілер тұрмысындағы дене мәдениеті үшін келесі қызмет түрлері тән:

  • адамның дене дамуын оптимизациялау (дене сапаларын жетілдіру, дұрыс дене сымбатын қалыптастыру, қызмет жүйелерін нығайту және т.б.);

  • дене жаттығуларымен бірлесіп шұғылдану барысында адамдардың жанға жайлы қажеттілігін қанағаттандыратын коммуникативтік қарым-қатынасы;

  • өндірістік қызметтен кейінгі адамның өмір сүру қабілеттілігі күшін қалпына келтіруді біршама арттыру үшін бос уақытын салауатты ұйымдастыру;

  • бос уақытын салауатты ұйымдастырумен тығыз өзара байланыстағы әлеуметтік-сақтандыру (ішкілікке салынудан, темекі шегуден, нашақорлықтан, уақытын босқа өткізуден және т.б.);

  • дене және психологиялық дене жаттығуларының көмегімен адамның психикалық жағдайын басқару мәдениетіне тәрбиелеуге бағытталған психологиялық реттегіш (тыныс алу гимнастикасы, психологиялық бұлшық ет жаттығуы және т.б.);

  • дене тәрбиесі қызметінде эстетикалық бастамаларын көрсетуіне байланысты эстатикалық қызметі (сұлу дене сымбатын, қозғалыс мәдениетін, сол қызмет процесінде іске асырылатын эстетикалық заңдылықтарды білуді қамтамасыздандыру және т.б.

  • өз денесін өзі тәрбиелеу процесінде ата-аналары мен балалардың дене жаттығуларын бірге өткізуде көрінетін педагогикалық қызметі және т.б.

Еңбекшілердің дене тәрбиесін тұрмыста пайдалануының негізгі формасына мыналар жатады:

  • базалық пролонгациялау (мерзімін ұзарту) дене мәдениеті;

  • гигиеналық және рекреативтік дене мәдениеті;

  • сауықтыру-қалпына келтіру дене мәдениеті;

  • базалық спорт.

Базалық жалғасу (пролонгациялау) дене мәдениетіБұл форманың негізгі бағыты оқытып үйрету барысында мемлекеттік бағдарлама бойынша дене тәрбиесі процесінде қалыптасқан жалпы дене дайындығы базасынан өтуімен қортындыланады. Сондықтан дене еңбігінің негізгі кезеңінде жалпы дене дайындығы жалғасады, бірақ жеке сұраныс, қызығушылық және қажеттілік негізінде орындалады. Сондықтан еңбек қызметінің негізгі кезеңінде жалпы дене дайындығы дербес жеке сұраныс, қызығушылық және қажеттілік негізінде жалғасады. Базалық- жалғастырылу дене мәдениетін дене дайындығы мен денсаулығында айтарлықтай ақауы жоқ, іс жүзінде денсаулығы жақсы адамдар пайдаланады.


Дене жаттығуларымен шұғылданудың негізгі формасы жалпы дене дайындығы секциялары және өз бетінше шұғылдану болып табылады.
Жалпы дене дайындығы (ЖДД) секциясы дене мәдениеті ұжымында дене жаттығуларымен шұғылдануға тілек білдірген, бірақ жекелеген спорт түрімен түбегейлі шұғылдануға бейімі жоқ адамдар үшін құрылады. ЖДД тобы жасына және жынысына қарай бір топта 20-25 адамнан жасақталады. Шұғылдану сабағы аптасына 2-3 рет, әр сабақ орташа 1,5 - 2 сағат уақытпен өткізіледі.
Секциядағы басты міндет шұғылданушылардың денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігінің қалыптылығын сақтауға кепілдік беретін жан-жақты дене дайындығының үйлесімді деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
ЖДД-ң негізгі құралдарына барынша әртүрлі дене жаттығулары, оның ішінде жеңіл атлетикадан, негізгілері гимнастикадан, спорттық және қимыл-қозғалыс ойындарынан, суға жүзу жаттығуларынан және т.б. тұрады. Бұл жаттығулар жеңіл мөлшерлеуге бейім және ағзаның өмірге қажетті қызметтеріне тиімді әсер етеді. Дене дайындығының әдіс-тәсіл дайындығына қарағанда салыстырмалы өлшемі айтарлықтай артық. Әдістерді үйрету қозғалыс біліктілігі деңгейіне дейін қозғалысты дұрыс меңгерумен шектелуі мүмкін (яғни әдіс негізін қателіксіз орындау, оның кеңістіктік, уақытша және динамикалық сипаттамасы).
Тікелей дене дайындығы шегінде ұнамды артықшылық жалпы шыдамдылықты және қозғалыс аппаратының негізгі бұлшық ет топтарының күшін тәрбиелеуге беріледі.
Шұғылдану әдістемесі дене тәрбиесінің әдістемелік принциптеріне сәйкес іске асырылады. Сонымен бірге сабақтың үш құрылымдық құрамы, яғни дайындық, негізгі және қортынды бөлімдері олардың мазмұнымен және әдістемелік нұсқауларымен сақталады.
¤з бетінше шұғылдану бірқатар, яғни қарапайым сақтандыру мен жұмыстан кейінгі жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру, жоғары дене дайындығына жеткенге дейінгі міндеттерді шешеді. ¤з бетінше шұғылдану құрамына әртүрлі дене жаттығулары, яғни сауықтыру жүгіруі, атлетикалық гимнастика, суға жүзу және т.б. кіреді.
Аптасына сабақ саны 3-тен 7-ге дейін өзгеріп отырылуы мүмкін. Дене жаттығуларына аптасына үйлесімді уақыт шығыны 2 сағаттан 7 сағат арасында болуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей аптасына 3 реттен кем шұғылдану ағзаның қызметтік жағдайына айтарлықтай оңды әсер етпейді. Барынша жиі берілетін дене жүктемелері ағзаның қызмет мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік туғызады, соеымен бірге жұмыстан кейінгі шаршауды едәуір басады.
Гигиеналық және рекреативтік дене мәдениеті. Бұл бағыттың негізгі міндеті адам ағзасының күнделікті тұрмыс және кеңейтілген демалыс шегінде жедел (оперативті) үйлестірумен қортындыланады.
Бұл жағдайда гигиеналық қызметті таңертеңгілік гигиеналық гимнастика атқарады, яғни оған рекреациялық, яғни еңбек күнінен кейінгі жұмыс қабілеттілігін қалпына келтірумен байланысты туристік жорықтар, су туризмі, шаңғымен серуендеу, суға шомылу және жүзу, шынықтыру процедуралары және т.б. жатады.
Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика барынша бұқаралық көпшілікті қамтитын, еңбекшілердің әртүрлі контингентінің, әсіресе ақыл - ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың тұрмыста дене жаттығуларымен шұғылдануының кең тараған түрі. Оның негізгі бағыттаушы міндеті ағзаны енжарлық, немқұрайдылық жағдайдан қызметтік, яғни жұмысқа дайын қалыпқа келтереді. Онда орындалатын жаттығулар кешені әдетте 8 ден 12-ге дейін болып, әр жаттығу 10-12 рет және одан да көп қайталанады. Барлық жаттығулар кешенінің орындалуы 10-15 минутты құрайды. Жаттығулар белгілі кезеңдермен жаңартылып, күрделілендіріліп отырылады. Жаттағулардың орындалу кезегі мына тәртіппен жүргізілгені дұрыс: жүруден басталып, тартылу және тыныс алу жаттығулары; содан кейін кезегімен иық белдеуі, кеуде, қарын бұлшық еттерін шынықтыру, сонымен бірге жалпы денеге әсер ету жаттығулары (отырып жүру, аяқ, қолдарды сермеу, алға, жанға қарай қозғалыс жасау, секірулер және босаңсытуға арналған жаттығулар). Қортындысында бірқалыпты жүру және қозғалысты тыныс алу жаттығуларымен үйлестіру жаттығулары орындалады.
Таңертеңгілік гимнастиканың гигиеналық әсерлілігі мен тиімділік қызметі тек сергіту үшін ғана емес, шынықтыру қызметінде қолданылатын су процедураларын қабылдау арқылы орындағанда артады.
Дене мәдениетінің рекреативтік (қалпына келтіру) формасы демалыс және мереке күндері, сонымен бірге еңбек демалысындағы уақытта кумулятивтік шаршауды басу, жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру, денсаулықты нығайту және еңбекшілердің бос уақытындағы мәдени-көңілді шараларды ұйымдастыруда пайдаланылады.
Дене рекреациясының көпшілік бұқараны қамтитын түрі әртүрлі қозғалыс құралдарын, яғни жаяу жүруді, велосипедті, шаңғыны, байдарканы пайдаланатын туризм болып табылады.
Барлық жастағыларға орындауға қолайлы дене рекреациясының таптырмайтын құралы шаңғымен серуендеу болып табылады. Әртүрлі денешынықтырумен шұғылдану сабақтарының арасында ол сауықтыру тиімділігімен басты орын алады. Жеткілікті дәрежеде еңбек қызметінен кейін күшті қалпына келтірудің құнды құралдарына мыналар жатады:

  • мүмкіндігінше жалпы көпшілік ойындары және қарапайым, оңай ойындарды (футбол, волейбол, теннис, бадминтон және т.б.) демалыс және еңбек демалысында ойнау;

  • экологиялық таза табиғи суаттарда, өзендерде, көлдерде шомылу және жүзу;

  • балық аулау, орманға саңырауқұлақ және жеміс-жидек теруге бару және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет