Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет101/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Жалпы дайындық бағыты студенттердің жан-жақты дене дайындығын және оны дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламасы талаптары деңгейінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Құралдары : затпен және затсыз жалпы дене дайындығы, жеңіл атлетика, суға жүзу, шаңғы спорты, кросстық дайындық, туризм және басқалары.
Спорттық бағыты спорттық жетілдіру бөлімдерінде (секцияларда) спорттың бір түрімен мамандандырылған жүйелі сабақты, сонымен бірге спорттық шеберлігі деңгейін көтеру мақсатында спорт жарыстарына қатысуды қамтамасыз етеді.
Кәсіби-қолданбалы бағыты дене тәрбиесі құралдарын еңбекті ғылыми ұйымдастыру жүйесінде және таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа дайындық кезінде оның ерекшеліктері ескеріліп пайдаланылуына мүмкіндік туғызады.
Гигиеналық бағыты жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру және денсаулығын нығайту үшін дене тәрбиесі құралдарын пайдалануды алдын-ала қарастырады. Құралдары: таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, шынығу, үйлесімді оқу және еңбек режімі, гигиена талаптарына сәйкес тамақтану, сауықтыру сейілдеуі және т.б.
Сауықықтыру - рекреативтік бағыты денсаулығын нығайту үшін демалыс күндері мен каникул кезеңдерінде демалысты және бос уақытын мәдени ұйымдастыру алдын-ала қарастырылады. Құралдары: туристік жорықтар, саяхат, қимыл-қозғалыс ойындары және т.б.
Емдеу бағыты денаулықты бүтіндей немесе ауру нәтижесінде, жарақаттан жоғалтқан ағзаның жекелеген қызметтерінің қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді.


Бақылау сұрақтары:
1. Студент жастардың дене шынықтыруы.
2. Кәсіптік білім беру кұрылымындағы студенттердің дене шынықтыруының мазмұны мен кызметтері.
3. Оның мақсаты, міндеттері, түрлері мен мазмұны.
4. Оку үрдісін ұйымдастыру және оку топтарын кұру әдістемесі.
5. ЖОО кафедрасы жұмысының және спортклубының құрылымы мен мазмұны.

22 Лекция сабағының тақырыбы: Әскери күштердегі дене тәрбиесі дайындығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет