Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Жаттығуда дене сапаларының шегіне дейін көріну жағдайына дағдылардың бейімделуі



бет126/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Жаттығуда дене сапаларының шегіне дейін көріну жағдайына дағдылардың бейімделуі.
Спортшының әдістік-тәсілдік дайындығы бұл жағдайда оның арнайы дене дайындығымен тікелей бірігіп кетеді. Мұнда бейімделу қозғаушы күші жарыстыққа жақын және одан артығырақ берілетін ерекше жаттығу жүктемесінің көлемі мен қарқындылығы болып табылады. Шегіне дейінгіге шамалас және шегіне дейінгі қарқындылықпен орындалатын жаттығу санының ара қатынасы біртіндеп арту жағына қарай өзгеруі тиіс. (әсіресе жылдамдық-күштік спорт түрлерінде).
Төзімділікті шегіне дейін көрсетуді талап ететін спорт түрлеріндегі сенімділік шаршап, шалдығу жағдайындағы дағдылар тұрақтылығына байланысты. Сондықтан жарыстық әрекеттерді орындау дағдыларын нығайтудың міндеті арнайы төзімділікті тәрбиелеу міндеттерімен бірлікте шешіледі. Мұндағы негізгі әдістемелік бағыттың бірі мақсатты қарқынмен және жұмыстың барысында шаршаудың өсуімен байланысты орындалатын жаттығу көлемін арттыру болып табылады. Ациклдік сипаттағы спорт түрлерінде сабақтың моторлы тығыздығы үшін жарыстық жаттығуларды қайталау саны арттырылады. Шаршау дәрежесін тапсырылған тиімді қозғалыс параметрлерінен елеулі ауытқымайтындай деңгейде шектеу қажет. Шаршау тым артық болмаса, онда берік қалыптасқан дағдыларды бұзбайды, керісінше қозғалыс үйлесімділігін жетілдіруге мүмкіндік жасауы мүмкін.
Адресат бойынша психикалық дайындық құралдары мен әдістері мыналарға бөлінеді:
1/ жаттықтырушының психикалық дайындығына бағытталған құралдар;
2/ спортшыны немесе команданы тікелей басқару құралы;
Қолданылу уақытына қарай бұл құралдар мен әдістер былай бөлінеді:
1/ ескерту (сақтандыру) ;
2/ жарыс алдындағы ;
3/ жарыстық ;
4/ жарыстан кейінгі (пост соревновательный).
Қолданылу сипатына қарай олар өзін-өзі реттеуші (аутовоздействие) және гетеро реттеуші (педагогикалық процеске қатысушы жаттықтырушы, психолог, дәрігер, массажшы және т.б. әсері).
Нақтылы құралдар мен әдістерді таңдауға уақыт қозғаушы күштері (факторы), жарыс өтілетін орын, командадағы әлеуметтік-психологиялық климат, спортшының жеке ерекшелігі елеулі әсер етеді.
Жұмылдыратын құралдар мен әдістер психикалық күш-қуатты (тонусты) арттыруға, спортшының белсенді интеллектуалдық және моторлы қызметін қалыптастыруға бағытталған. Бұған өзіне-өзі бұйыру, сендіру сияқты сөзбен жеткізу құралдары жатады; "психологиялық реттеуші жаттығу" сияқты ("жұмылдыру" варианты) психо реттеуші жаттығулар, шоғырландыру-топтастыруға жаттығулар; акупунктураның қоздырушы варианты сияқты қоздырушы массаж.
Реттеуші құралдар әдетте сөзбен түсіндіру әдісіне жатады және гетеро әсер ету (гетеровоздействие) түрінде болады. Оларға әртүрлі варианттағы сублимациялар (жарыстың немен аяқталу мүмкіндігі туралы спортшы ойының өзінің әдістік-тәсілдік әрекетін бағалау бағытына қарай ығысуы), мақсатты шамалауды өзгерту жолдары, "жетілдіру" ("рационализациялау") әдісі (спортшыға басталған стресттің тетігін түсіндіру арқылы қауіпсіз етеді), К.С. Станисловский жүйесі бойынша "сезім гимнастикасы" (спортшыға алдын-ала ойластырып ашу, долылық, көкбеттік, қуаныш, сенімсіздік және т.б. көрсетуін ұсынады) жатуы мүмкін.
Босаңсытатын (релаксирующие) құралдар қозу деңгейін төмендетуге бағытталған және психикалық және дене күш-қуатының қалпына келу процесін жеңілдетеді. Мысал ретінде, "тыныштандыру", "прогресті релакцияны" (бұлшық еттің жүйелі күштенуі және босаңсуы) психологиялық реттеу жаттығуларының варианттарын, "психологиялық реттеуші үзіліс", тыныштандыру массажын жатқызуға болады.
Психолого-педагогикалық құралдар тек психологтың ғана міндеті емес, сонымен бірге спортшының адамгершілік және өнегелілік өресіне жаттықтырушының сөз арқылы әсер етуіне негізделген және басымырақ бағытталған. Сөзді ұтымды пайдалану – психикалық дайындықтың маңызды құралы. Технологиялық жағынан физиологиялық, бірақ өзінше негізінен психикалық жанама әсер ететін құралдарды психофизиологиялық деп шартты түрде атауға болады. Мұндай құралдарға әсіресе олар психологиялық жағынан сауатты құрастырылған және спортшыға қажетті көңіл күйді қалыптастыру мақсаты көзделген болса акупунктура, массаж, қыздырыну жаттығулары жатады.
Психикалық дайындық құралының елеулі бөлігін еркін өзін-өзі реттеу әдістері құрайды. Қолданылу жолы жағынан мұндай әдістерге көзін жеткізу, өзін-өзі сендіру, өзіне-өзі бұйрық беру, қимылдық және тыныс алу жаттығулары, көзге елестету немесе қиялдау (мысалы, идеомоторлы жаттығу құралдарының жәрдемімен) механизмдерін пайдалану жатады.
Психикалық дайындық көпжылдық жаттығудың барлық кезеңдеріндегі жаттығу сабақтарында, оқу-жаттығу жиындарында, жарыстарда іске асырылады.
Жүктеме – бұл спортшының ағзасына әсер етуші, оның қызмет ету жүйелеріне белсенді реакция туындататын дене жаттығулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет