Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет127/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Жарыстық жүктеме – бұл жарыстық қызметті орындаумен байланысты қарқынды, жиі максимальды жүктеме.
Жаттығу жүктемесі өзінен-өзі пайда болмайды. Ол жаттығу және жарыстық қызметке тән бұлшық ет жұмысының қызметі болып табылады. Тікелей бұлшық ет жұмысының өзінде ағза тарапынан сәйкес қызметтік қайта құруды қоздыратын жаттығу потенциалы болады.
Өзінің сипаты жағынан спортта қолданылатын жүктемелер жаттығулық және жарыстық, ерекшелігі бар және ерекшелік болып бөлінеді;
Мөлшер шамасына қарай – кіші, орташа, елеулі (шегіне шамалас) және үлкен (шегіне дейін); бағыттылығына қарай – жекелеген қозғалыс сапаларын (жылдамдық, күш, үйлесімділік, төзімділік, икемділік) немесе оның компоненттерінің (мысалы, алактатты және лактатты анаэробты мүмкіндіктеріне, аэробты мүмкіндіктеріне), қозғалыстың үйлесімді құрылымын жетілдіретін психикалық дайындық компоненттері немесе тәсілдік шеберлікті және т.б. жетілдіруге мүмкіндік туғызатын; үйлесімділік күрделілігіне қарай – стереотипті орындау жағдайында үйлесімділік қабілетін айтарлықтай талап етпейтін және қозғалыстарды жоғары үйлесімділік күрделілігімен орындалуына байланысты; психикалық күштенуіне қарай – спортшының психикалық мүмкіндігіне байланысты талап етілетін барынша күштену және азырақ күштену.
Барлық жүктемелер спортшы ағзасына әсер ету шамасына қарай дамыту, қалыпты ұстау және қалпына келтіру болып бөлінеді.
Дамытатын жүктемеге ағзаның негізгі қызмет жүйелеріне жоғары әсерімен сипатталатын және елеулі шаршау деңгейі байқалатын үлкен және елеулі жүктемелер жатады. Мұндай жүктемелер ағзаға интегралды әсер ету жағынан 100 және 80% дейін көрінуі мүмкін. Мұндай жүктемеден кейін барынша әсерлі қызмет жүйелері үшін сәйкес келетін 48-96 және 24-48 сағаттық қалпына келтіру кезеңі талап етіледі.
Қалыпты ұстау жүктемесіне үлкен жүктемемен салыстырғанда спортшы ағзасына 50-60% деңгейінде әсер ететін және барынша шаршау жүйесінде спортшының қалпына келуіне 12-ден 24 сағатқа дейінгі уақыт талап етілетін орта жүктемелер жатады.
Қалпына келтіру жүктемелеріне үлкен жүктемемен салыстырғанда спортшы ағзасына 25-30% деңгейде және қалпына келуге 6 сағатқа дейінгі уақыт жететін аз жүктемелер жатады.
Қайсы бір жүктеме болмасын бәрінен бұрын тиімділігі жағынан дұрыс негізделіп таңдалуы тиіс. Барынша айқын белгілері санына қарай жаттығу жүктемелерінің тиімділігін былай таратуға болады (М.А.Годик, 1980 ж):
1/ маманданғандық, яғни жарыстық жаттығулармен ұқсастық шамасына қарай;
2/ белгілі бір қуат жұмсалуын қамтамасыз ету тетіктерінің (механизмдерін) әсер етуімен белгілі бір қозғалыс сапасына басымырақ әсер етуде көрінетін, күштену (зорлану);
3/ мөлшер шамасы спортшы ағзасына жаттығудың сандық әсер ету өлшемі ретінде.
Жалпы әсер ету жаттығуларының жәрдемімен жекелеген жүйелердің қызметтік мүмкіндіктерін арттырудан бастап жарыстық қызмет жағдайындағы қозғалыс және вегетативтік қызметтерінің ұтымды үйлесімділігіне жетумен аяқтағанға дейінгі көпшілік жаттығу міндеттері шешіледі.
Аймақтық және жергілікті жаттығуларды пайдаланудың әсер ету диапазоны елеулі тар ауқымда. Алайда, бұл жаттығуларды қолданып жалпы әсер ету жаттығуларының жәрдемімен жете алмайтын ағзаның қызметтік жағдайында көбінесе алға басушылыққа қол жеткізуге болады.
Жүктеменің қарқындылығы спортшы ағзасына жаттығу сабақтарындағы жаттығулардың мөлшер шамасы мен әсер ету бағыттылығын елеулі дәрежеде анықтайды. Жұмыс қарқындылығын өзгерте отырып әртүрлі қуат көздерін басым жұмылдыруға мүмкіндік туғызуға, қызмет жүйелерінің қызметін әртүрлі шамада күшейтуге, спорттық әдістердің негізгі параметрлерін қалыптастыруға белсенді әсер етуге болады.
Жұмыс қарқындылығы жаттығуларды орындау кезіндегі дамып келе жатқан қуатпен, циклдық сипаттағы спорт түрлеріндегі қозғалыс жылдамдығымен, спорт ойындарындағы, жеке сайыс түрлеріндегі жекпе-жектер мен белдесулердегі әдістік-тәсілдік әрекеттердің өткізілу тығыздығына байланысты.
Әртүрлі спорт түрлерінде келесі тәуелділік көрінеді - әрекеттің көлемін уақыт бірлігіне немесе қозғалыс жылдамдығын арттыру, тәртіп бойынша, бұл әрекеттерді орындау кезеңіндегі басымырақ жүктемені әкелетін, қуат жүйелеріне қойылатын талаптың тепе-тең емес өсуімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет