Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет132/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   147
Базалық мезоциклдары. Мұнда ағзаның негізгі жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін арттырудың, спортшының дене, әдістік, тәсілдік және психикалық дайындығын жетілдірудегі орындалатын негізгі жұмыстар жоспарланады. Жаттығу бағдарламасы көлемі жағынан үлкен және қарқынды жаттығу жұмысында үлкен жүктемемен шұғылдану сабағын және барлық дайындық құралдарының жиынтығын пайдаланумен сипатталады.
Базалық мезоциклдар дайындық кезеңінің негізін құрайды, ал жарыстық кезеңде жарыстар барысында жоғалтқан дене сапалары мен дағдыларын қалпына келтіру мақсатында қосылады.
Бақылау – дайындық мезоциклдары. Бұл мезоциклдардағы жаттығу процесінің өзіне тән ерекшеліктері жарыстыққа максимальды жақындатылған жарыстық және арнайы дайындық жаттығуларын кең ауқымда қолдану болып табылады. Бұл мезоциклдар тәртіп бойынша жарыстыққа жақын немесе сәйкес келетін жоғары қарқындағы жаттығу жүктемесімен сипатталады. Олар дайындық кезеңінің екінші жартысында және жарыстық кезеңде егер бұл үшін жеткілікті уақыт сәйкес келсе, күрделі жарыстар арасында аралық мезоцикл ретінде пайдаланылады.
Жарыстар алдындағы мезоциклдер спортшыны дайындау барысында көрінетін жекелеген кемшіліктерін жою және оның әдістік-тәсілдік мүмкіндіктерін жетілдіру есебінен спорттық бапқа түбегейлі келуі үшін арналған. Бұл мезоциклдарда мақсатты бағыттағы психикалық және тәсілдік дайындық ерекше орын алады. Алдағы болатын жарыстың күн режімінің үлгісін жасауға маңызды орын беріледі.
Бұл мезоциклдардағы жүктеме динамикасының жалпы негізгі мақсаты тәртіп бойынша басты жарыстар алдындағы жаттығудың көлемі мен қарқынды құралдарының біртіндеп төмендеуімен сипатталады. Бұл ағзада жаттығудың куммулятивтік тиімділігін кешігіп өзгеру механизмінің бар болуы мен спорттық нәтиженің шыңы, жалпы және жеке жүктеменің барынша қарқынды көлемінің шыңынан уақытқа қарай қалып қояды.
Бұл мезоциклдар басты жарысқа тікелей дайындық сатысы үшін тән және спортшының жаңа қарама қайшы географиялық климат жағдайына ауысуы кезінде маңызды орын алады.
Жарыстық мезоциклдар. Олардың құрылымы спорт түрінің ерекшеліктеріне, спорттық жарыс күнтізбесінің өзгешелігіне, спортшының дайындық деңгейі мен спорттық дәрежесіне байланысты анықталады. Спорттың көпшілік түрлерінде жыл бойындағы 5-10 айлар барысында өткізіледі. Осы уақыт аралығында бірнеше жарыстық мезоциклдар өткізілуі мүмкін. Қарапайым жағдайларда берілген типтің мезоциклдары бір жалғастырушы және бір жарыстық микроциклдардан тұрады. Бұл мезоциклдарда жарыстық жаттығулардың көлемі арттырылған.
Қалпына келтіру мезоциклы ауыспалы кезеңнің негізін құрайды және бірнеше күрделі жарыстардан кейін ұйымдастырылады. Жекелеген жағдайларда бұл мезоцикл процесінде сол спорт түрі үшін негізгі болып табылмайтын дене қабілеттерін жетілдіру немесе жіберілген кемшіліктерін жоюға бағытталған жаттығулар пайдаланылуы мүмкін. Жарыстық және арнайы дайындық жаттығуларының көлемі елеулі төмендейді.

Макроцикл – бұл жарты жылдық (жекелеген жағдайларда 3-4 айлық), жылдық, көпжылдық (мысалы, төртжылдық), яғни даму, қалпына келу және уақытша бапты жоғалту және кезеңдердің, сатылардың, мезоциклдардың аяқталған қатарын кіргізуге байланысты үлкен жаттығу циклы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет