Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Таңдаған спорт түрінен тереңдетіп мамандану сатысы



бет131/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   147
Таңдаған спорт түрінен тереңдетіп мамандану сатысы қуатты жаттығу процесінде көрінетін қолайсыз қозғаушы күштерге ағзаның жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін барлық қызметтік жүйелерінің қалыптасуы негізінен аяқталатын спортшы өмірінің кезеңіне тура келеді. Бұл сатыда жаттығу процесі ашық ерекшелігімен көрініс табады. Арнайы дайындықтың сыбағалы мөлшері (салмағы) арнайы дайындық және жарыстық жаттығуларды орындауға бөлінген уақытты арттыру есебінен үздіксіз өсіп отырады. Жаттығу жүктемесінің қарқындылығы мен жиынтық көлемінің өсуі жалғаса береді. Таңдаған спорт түрінен өтетін жарыстардың саны айтарлықтай артады. Жаттығу және жарыс жүйесі барынша жекеленеді. Жаттығу құралдары көп мөлшерде түрі және мазмұны жағынан спортшы маманданатын жарыстық жаттығуға сәйкес келеді.
Бұл сатыдағы негізгі міндет күрделіленген жағдайдағы спорттық әдістерді түрлендіріп меңгеру және оны жетілдіруді жекелеу, спортшының әдістік және тәсілдік шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын дене және ерік-жігер сапаларын дамытуды қамтамасыз етуден тұрады.
Спорттық жетілдіру сатысы спорттық жоғары нәтижелерге жету үшін қолайлы жас уақытына сәйкес келеді. Бұл сатыдағы басты міндет жарысқа дайындық және онда жоғары жетістікке жету болып табылады.
Сондықтан, бұл сатыда жаттығудың алдыңғы сатыларына қарағанда барынша мамандандырылған бағыттылық болады. Жарыста ең жоғары нәтижелерге жету үшін спортшы жаттығудың тиімді құралдарының әдістерінің және ұйымдастыру түрлерінің барлық кешенін пайдаланады. Жаттығу жүктемесінің көлемі мен қарқыны ең жоғары деңгейге жетеді. Жаттығу сабақтарын үлкен жүктемемен өткізу барынша тиімді қолданылады. Апталық микроциклдағы жаттығу сабақтарының саны 10-15 реттен артады. Жаттығу процесі спортшының жарыстық қызметі ескеріліп құрылады және барынша жекеленеді.


Микроцикл – бұл апталық немесе соған шамалас ұзақтықтағы екі немесе оданда көп сабақтар ендірілген жаттығудың кіші циклы.
Микроциклдың сыртқы белгілері мыналар болып табылады:
оның құрылымындағы екі фазаның болуы, яғни дем беруші (стимуляция, куммулятивтік) фаза және қалпына келтіру фазасы (күшті түсіру және демалыс). Мұнда бұл фазалардың уақыт жағынан тең үйлесуі тек жаңадан бастаған спортшылардың жаттығуларында ғана кездеседі. Дайындық кезеңінде дем беру (стимуляциялық) фазасы қалпына келу фазасына қарағанда елеулі артады, ал жарыстық кезеңде олардың ара қатынасы барынша түрленеді (вариативны);
микроциклдың аяқталуы кейде ортасына тура келгенмен қалпына келу фазасымен жиі байланысты;
сабақтың әртүрлі бағыттағы, әртүрлі көлемдегі және әртүрлі қарқындағы үйлесімді жүйеліліктегі тұрақты қайталануы.
Әртүрлі спорт түрлеріндегі жаттығу процесін талдау жаттығу микроциклының бағытына қарай талданып, қорытылған белгілі санын бөлуге мүмкіндік береді, яғни жаттығу, базалық, бақылау-дайындық, жалғастырушы, сонымен бірге жарыстық және қалпына келтіру.
Тәжірибеде жекелеген спорт түрлерінде төрттен тоғызға дейін микроциклдің әртүрлі типтері кездеседі.
Өзіне тарту, жаттықтыру микроциклдары жоғары емес жүктемесімен сипатталады және спортшы ағзасының қуатты жаттығу жұмысына дайын болуына бағытталады. Дайындық кезеңінің бірінші мезоциклында, сонымен бірге аурудан соң қолданылады.
Базалық (жалпы дайындық) микроциклдары үлкен жүктеменің жиынтық көлемімен сипатталады. Олардың негізгі мақсаты – спортшылардың ағзасындағы бейімделу процесіне дем беру, әдістік-тәсілдік, дене, ерік-жігер, арнайы психикалық дайындықтарының басты міндеттерін шешу (ерік-жігер дайындығы – спортшы үшін қажетті ерік-жігер сапасын қалыптастыру және жетілдіру үшін қолданылатын әсер ету жүйесі). Жалпы дайындық микроциклы дайындық кезеңінің негізгі мазмұнын құрайды.
Бақылау-дайындық микроциклдары арнайы дайындық және үлгідегі (модельдік) болып бөлінеді. Арнайы дайындық микроциклдары орташа жаттығу жүктемесі көлемімен және жоғары жарыстық немесе жарысқа шамалас қарқындағы жарыста қажетті арнайы жұмыс қабілеттілігі деңгейіне жетуге, әдістік-тәсілдік дағдылар мен біліктілікті, арнайы психикалық дайындықты жетілдіруге бағытталуымен сипатталады.
Модельдік микроциклдары жаттығу процесі қызметінде жарыстық уақыт тәртібін (регламентті) үлгіге салумен байланысты және спортшының жинақталған қозғалыс қуаты потенциалын іске асыруға қабілетін арттыру және дайындық деңгейін бақылауға бағытталған. Мұнда жүктеменің жалпы деңгейі алдағы болуға тиіс жарысқа қарағанда жоғары болуы мүмкін (артығырақ әсер ету тәртібі).
Бақылау-дайындық микроциклдарының бұл екі түрі дайындық және жарыстық кезеңдердің қорытынды сатысында пайдаланылады.
Жалғастырушы (ұштастырушы) микроциклдар. Бұл микроциклдардың мазмұны әртүрлі болуы мүмкін. Ал спортшыны жарысқа төселдіріп, жеткізуге, оның қортынды сатыдағы басты жарысқа дайындық ерекшелігіне байланысты. Бұл микроциклда толық қалпына келу және психикалық күйге келтіру мәселелері шешілуі мүмкін. Бүтіндей алғанда олар жүктеменің қарқынды жыйынтығымен және жоғары емес көлем деңгейімен сипаталады.
Қалпына келтіру микроциклдері әдетте жалпы дайындық (базалық), бақылау-дайындық микроциклдарының қуатты серияларымен аяқталады. Қалпына келтіру микроциклдарын қуатты жарыстық қызметтен кейін жоспарлайды. Олардың негізгі рөлі спортшы ағзасындағы қалпына келу және бейімделу процестері үшін тиімді жағдайды қамтамасыз етуімен сипатталады. Бұл мұндай циклдардың жоғары емес жыйынтық жүктемесін қамтамасыз етеді.
Жарыстық микроциклдардың жарыстық бағдарламасына сәйкес келетін негізгі режімі болады. Бұл циклдардың құрылымы мен жалғасу ұзақтығы әртүрлі спорт түрлеріндегі жарыс ерекшеліктерімен, жарыстардың жалпы санымен және олардың арасындағы үзілістермен анықталады. Осыларға байланысты жарыстық микроциклдар жеке жарыстармен, тікелей оған әкелетін қалпына келтіру сабақтарымен шектелуі мүмкін, сонымен бірге жекелеген жарыстар мен ойындар арасында арнайы жаттығу сабақтарын ендіру мүмкін.
Спорттық тәжірибеде екпінді деп аталатын микроциклдар кең ауқымда қолданылады. Бұлар белгілі бір жарысқа дайындалу уақыты шектеулі, ал спортшыға белгілі бір бейімделу қайта құруына тез жетуі қажет болған жағдайда пайдаланылады. Мұнда жүктеме көлемі оның қарқындылығы, жоғары әдістік жағынан күрделі жаттығулар шоғыры және психикалық күштенуі, сабақты қолайсыз сыртқы орта жағдайында өткізу екпін тудыратын элемент болуы мүмкін.
Жалпы дайындық (базалық), бақылау-дайындық және жарыстық циклдар жылдық циклдың сатыларына және оның міндеттеріне байланысты екпінді болуы мүмкін.
Жекелеген микроциклдарда дайындықтың әртүрлі жақтарын жетілдіру мүмкіндігіне қарай қамтамасыз ететін әртүрлі бағыттағы жылдық және көпжылдық дайындықтың нақтылы сатыларында жаттығуларды құру заңдылықтарына сәйкес көп немесе аз көрінетін басымырақ бағыттағы жұмыс ретінде жоспарлануы тиіс.

Мезоцикл – бұл микроциклдар қатарының аяқталу шамасы кіретін 2-6 аптаға созылатын орташа жаттығу циклы.


Мезоцикл негізінде жаттығу процесін құру оны дайындық кезеңінің немесе сатысының басты міндеттеріне сәйкес педагогикалық әсер етудің қозғаушы күштерімен қалпына келтіру шараларының арасындағы сәйкестікпен әртүрлі дайындық құралдары мен әдістерінің мақсатқа сәйкес үйлестігінде жаттығу және жарыстық жүктемелердің тиімді динамикасын қамтамасыз етіп, әртүрлі дене сапалары мен қабілеттерін тәрбиелеудегі сабақтастығын жүйелеуге мүмкіндік туғызады.
Мезоциклдың сыртқы белгілеріне мыналар жатады: 1/ белгілі бір айқындалған жүйелілікте микроциклдар қатарын (әдетте бір тектес) бірегей жүйемен немесе әртүрлі микроциклдарды кезектестіріп қайталап еске түсіру; 2/ микроциклдардың бір бағытының басқасына ауысуы мезоциклдың ауысуын сипаттайды; 3/ мезоцикл қалпына келу (жүктемені түсіру) микроциклымен, жарыстық немесе бақылау сынағымен аяқталады.
Әртүрлі спорт түрлеріндегі жаттығу процесін талдау типтік мезоциклдардың мына белгілі сандарын бөлуге мүмкіндік береді: жаттығу, базалық, бақылау-дайындық, жарыс алдындағығ жарыстық, қалпына келтіру.
Жаттығу (үйрену) мезоциклдары. Олардың негізгі міндеті – спортшыларды ерекше жаттығу жұмыстарын тиімді орындауға біртіндеп дайындап келтіру. Бұл төзімділіктің әртүрлі компоненттерінің деңгейін анықтайтын жүйелері мен механизмдерінің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру немесе арттыруға бағытталған жаттығуларды қолданумен жылдамдық-күш сапалары мен икемділік (иілгіштік), қозғалыс дағдылары мен біліктілікті қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бұл мезоциклдар маусым басында, аурудан немесе жарақат алудан кейін, сонымен бірге басқа да амалсыздықтан немесе жоспарлы түрдегі жаттығу процесіндегі үзілістерден кейін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет