Көпжылдық макроциклдардағы (жоғары нәтижелер сатысында) жаттығуларды құру. Спорттық тәжірибеде басты жарыстарға, яғни Олимпиада ойындарына, ал жастар үшін 4 жылда бір рет өткізілетін Қазақстан республикасының жастар ойындарына дайындалумен байланысты төртжылдық циклға бөлу қалыптасқан. 4 жылдық Олимпиадалық циклды құру вүлгісі 6–кестеде берілген.
6-кесте
4 жылдық олимпиадалық циклды құру үлгісі (жалпы жүктеме көлемі мен арттырылған қарқындағы жүктеме көлемінің динамикасы).
Вариант
|
1-ші жыл
|
2-ші жыл
|
3-ші жыл
|
4-ші жыл
|
Ұсынылады
|
Бірінші
|
Жүктеменің жалпы көлемі мен арттырылған қарқындағы жүктеме көлемінің артуы
|
Өзінің бірінші олимпиада ойынына дайындықтағы жас спортшыларға
|
Екінші
|
Жалпы жүктеме көлемі мен арттырылған қарқындағы жүктеме көлемінің ұлғаюы
|
Жатттығу жүктемесі көлемінің және арттырылған қарқындағы жүктеме көлемінің тұрақтандырылуы
|
Жас, тәжірибелі спортшыларға
|
Үшінші
|
Жүктеменің жалпы көлемі мен арттырылған қарқындағы көлемінің төмендеуі
|
Жүктеменің жалпы көлемі мен арттырылған қарқындағы көлемінің артуы
|
Жүктеменің жалпы көлемі мен арттырылған қарқындағы көлемінің төмендеуі
|
Жүктеменің жалпы көлемі мен арттырылған қарқындағы көлемінің артуы
|
Өзінің екінші немесе үшінші олимпиадасына қатысуға дайындалушы тәжірибелі спортшыларға
|
Төртінші
|
Жүктеменің жалпы көлемі мен арттырылған қарқындағы көлемінің тұрақтануы
|
Жүктеменің жалпы көлемі мен арттырылған қарқындағы көлемінің тұрақтануы
|
Әдебиетте жиі кездеседі, бірақ тәжірибе жүзінде аз қолданыста
|
Кестеде В.Б.Гилязованың материалдары пайдаланылған.
Үшінші варианттың жекелеген жағдайлары: жүктеменің жалпы көлемі мен арттырылған қарқындағы көлемінің толқын тектес динамикасында циклдың 1-ші, немесе 2-ші немесе 3-ші жылдары келесі жылдарға қарай көрсеткіштері артады.
Жылдық циклдағы жаттығуды құру. Жоғары дәрежелі спортшыларды дайындауда жылдық жаттығуды құру бір макроцикл негізінде (бір циклды), екі макроцикл негізінде (екі циклдық) және үш макроцикл негізінде (үш циклдық) кездеседі (22- сурет).
Бір циклдық
Екі циклдық
Үш циклдық
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
Қосарланған цикл
Үшеуленген цикл
Айлар
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
22- сурет. Жылдық циклдағы дайындық процесін құру варианттары (В.Н.Платоновтікі):
І-дайындық кезеңі; ІІ-жарыстық кезең; ІІІ-ауыспалы кезең.
Әрбір макроцикл үш кезеңге бөлінеді – дайындық, жарыстық және ауыспалы. Жаттығу процесінің екі және үш циклдық құрылымында қосарланған және үшеуленген деген атау алған циклдар түріндегі варианттар жиі қолданылады. Бұл жағдайда бірінші, екінші және үшінші макроциклдар арасындағы ауыспалы кезеңдер көбінесе жоспарланбайды, ал алдындағы циклдағы жарыстық кезең келесісінің дайындық кезеңіне бірқалыпты ауысады.
Дайындық кезеңі спорттық бапқа келуге бағытталған, яғни негізгі жарыстарға дайындықтың берік негізін жасау және оған қатысу, дайындықтың әртүрлі жақтарын жетілдіру. Жарыстық кезеңде спорттық баптың тұрақтануы дайындықтың әртүрлі жақтарын одан әрі жетілдіру арқылы іске асырылады, интегралды дайындық қамтамасыз етіледі, негізгі жарыстарға тікелей дайындық жүргізіледі. Ауыспалы кезең (спорттық бапты уақытша жоғалту кезеңі) жоғары жаттығу және жарыстық жүктемеден кейін келесі кезектегі макроциклға дайындалу үшін дене күші мен психикалық потенциалды қалпына келтіруге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |