Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Қол жеткізу, игеру принципі



бет18/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Қол жеткізу, игеру принципі. Оқу және іс-тәжірибелік материалды игеру үшін қолайлы күш жұмсаған жағдайда ғана берілген тапсырма оқушының дене қасиеттерінің дамуына тиімді түрде өз септігін тигізеді.
Қол жеткізу принципінің негізіндегі оқытудың бұл заңдылығы оқу тапсырмасы бала мүмкіндігінен асып кетпей даму тиімділігін арттыруды талап етеді. Тиімділіктің ең маңызды құралы дене жаттығулары болып есептеледі: оның құрылымының күрделілігі, орындауға қажетті психофизиологиялық шығындар деңгейі, біртіндеп және үздіксіз жасалатын қозғалыс-қимыл саны.
Тиімділіктің шегіне дейінгі мөлшерден аспайтын ағзаның оқу жүктемесіне психофизиологиялық әсері жатады. Дене жүктемелеріндегі оқу жүктемелерін ағзаға өзінің әсер етуі жөнінен интеллектуалды ақыл-ойға берілетін оқу жүктемелерімен салыстыруға болмайды. Соңғысының көптігі оқу материалын игеруді төмендететіні түсінікті, кей жағдайда тынығудан кейін шапшаң жойылып та кететін жүйкенің шаршау жағдайына әкеледі.
Артық дене жүктемелері адам ағзасының органдары мен жүйелеріне қажетсіз өзгерістер енгізіп жатқан жағдайда ол үлкен зиян келтіруі мүмкін.
Оқу материалының тиімділік деңгейі, тұтастай оқу-тәрбие жүйесінің қойылуынан, мұғалімнің іс-қимылы мен оқушылардың мінез-кұлқына тәуелді, Осыдан келіп тиімділік принципінің басты ережесі туындайды, яғни барлық өзге принциптердің талаптарын орындағанда ғана тиімділік шаралары артпақ.
Тиімділік шараларын анықтауда оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін есепке алудың арнайы маңызы бар. Бұл ретте оқытудың екі принципінің жүзеге асуындағы өзара тәуелділігі көрінеді. Мысалы, тиімділік принципі мен жекелік принципінің арасындағы байланысты айтуға болады. Оқу материалы тиімді болса, өзгенің оны игеруге күші келмеуі мүмкін. Алайда оқытудың әдеттегі жекелігінде көрінетін оқушылардың кейбір сипаттамасының ұқсастық мүмкіншіліктерін ескере отырып, тиімділіктің екі түрін бөліп қараған дұрыс, олар - бағдарламалық-мөлшерлік және жеке тиімділіктер.
Бағдарламалық-мөлшерлік тиімділігі оқу материалының оқушыларға деген белгілі бір бөлігі үшін тиімділігін қарастырады. Оқу материалының тиімділігі бірыңғай мемлекеттік дене тәрбиесі бағдарламасында көрсетілген. Дене тәрбиесінің төлқұжаттарының бірі болып есептелетін бағдарламада көрсетілген оқу материалы жаттығуды сауаттылықпен ұйымдастырған ретте оқушылардың тиісті бөліктері үшін тиімді болмақ.
Жекелік тиімділігі жеке тұлға үшін оқу материалының тиімділігін қарастырады, сонымен қатар оқушының дене дайындығының жоғары және төменгі деңгейін есептейді. Бұл жағдай адамдар үшін оқу материалын не күрделілендіру немесе жеңілдету деп түсінгеніміз дұрыс.
Тиімділік принципін жүзеге асыру барысында дидактикалық ережелердің қатар жүруін қарастыру қажет.
Оқу тапсырмасының тиімділігі оны орындау үшін белгілі бір күш жұмсауды қажет етуді қарастырады. Оқушыға қиыншылық әкелмейтін оқу материалы педагогикалық бағалылығын жоғалтады. Ол балаға қызықты болмайды, еңбек сүйгіштікті тәрбиелеуге көмектесе алмайды. Осы жағдайға байланысты А.С.Макаренко былай деген екен: "Егер адамның алдына қиын міндеттерді қоймаса адамды шынықтыру мүмкін емес". Тиімділік деңгейі баланың танымдық белсенділігін арттыруға міндетті. Күш жігерді жұмсамай
орындалатын жеңіл оқу тапсырмалары оқушылардың белсенділік деңгейіне әсер етпейтіндігін тәжірибе негізінде байқауға болады. Оқу тапсырмасының күрделілігіне байланысты оқушы белсенділігі де артады. Егер тапсырманың қиындығы оқушы мүмкіншілігінен тысқары болса, онда оның белсенділігі қозғалыс-қимылын орындай алмау деңгейіне дейін төмендейді. Ақырында оқу тапсырмасының қиындығы дене мүмкіншілігінің ең биік деңгейіне жақындауы қажет, бірақ одан асып кетпеуі тиіс.
Қозғалыс-қимылдарын орындау барысында берілетін ақпарат көп болған жағдайда ол тапсырманың орындалуы да қиындай түседі. Нәтижесінде ешқашан кездеспеген, белгісіз, жаңа дене жаттығулары оқушы үшін үйренудің ұзақ кезеңін талап етеді. Алайда оқушыға оқыту алгоритмі таныс болса тапсырманы қайталау шапшаңдығы, оқу материалын игеру тиімділігі шамамен 20 пайызға артуы мүмкін.
"Жалпылама емес, көп нәрсені іздену қажет". Бұл педагогикалық шындықты оқу тапсырмасының тиімділігі деген мағынада түсінгеніміз жөн, ал нәтижесінде игерудің негізі оқу материалының көлеміне қатысты: материалдың көлемі көп болса, оған жету, оны игеру жолы қиын болмақ. Оның ішінде, қозғалыс дағдыларын ауыстыру жағдайында, бір тектес
материалдар оның көлемін арттыруы мүмкін. Оқу материалының өлшемі оқушы мүмкіншілігінен, оның ықылас деңгейінен аспауы қажет. Қозғалыс-қимылын игеру кезеңінде жақсы дене дайындығы бар адамның өзі бір мезгілде оқу материалының үш түрінен артығын бақылауға мүмкіндігі жоқ. Өзінің білмегенін оқушысына үйреткен мүғалім қиын жағдайларға кез келеді не болмаса К.Д.Ушинский айтқандай дұрыс байланбаған жүгі бар арбаны, алды-артына қарамай қуалап, үйге жүгіріп "келдім" деп бос арбаны әкелген атшымен тең. Берілген тапсырманың дұрыс орындалуының негізгі өлшемі - соған деген оқушының психофизиологиялық жауап беруі және оны үйретудің нәтижелілігі.
4. Дене жаттығуларының тиімділігін бағалай отырып, оның құрылымдық күрделілігі мен оны орындауға кететін психофизиологиялық күш жұмсауының жоғары деңгейін есепке алу қажет. Олардың арасында тура қатынас, тәуелділік жиі бола бермейді, ал үйлестіру бағытындағы жаттығу қарапайым болады, бірақ едәуір дене күшін талап етеді (мысалы, белтемірге тартылу) және керісінше (мысалы, бірыңғай және әр түрлі әдістермен арқанға өрмелеу) қарапайым болуы мүмкін. Тиімділік деңгейінің төмен болуы психофизиологиялық күш әсеріне байланысты: қорқу (жоғары жарыспалы қос сырықта жаттығулар жасау), өзінің күшіне сенбеу т.б..
5.Қозғалыс-қимылдарын үйрету тиімділігі тиісті дене икемділіктерінің даму деңгейімен анықталады. Мысалы, арқанға өрмелеу дағдыларын қалыптастыру белгілі бір бұлшық еттердің күшін алдын – ала дамытқан жағдайда ғана табысты болмақ.
6.Тиімділік шараларын анықтай отырып, табиғи іс барысы негізінде
және үйрету барысында дамыған дене қасиеттері мен интеллектуалдық ақыл-ой жағынан болған даму жүйелерінің нәтижесін оқушының дайындық кезінде ескеру дұрыс болады.
Бүгін тиімді болмаған нәрсе ертең-ақ шапшаң игерілмек. "Оқу ісі пісіп жетілмесе, баланы ерте оқытуды "бастамаңдар", - деген екен К.Д.Ушинский. Оқушы мүмкіншіліктерінің артуы үнемі мадақтау арқылы қол жетерлік деңгейін биіктете түсуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет