Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Сөзді пайдаланып, оқытылып, үйретілетін қозғалыс әрекетінің тиімділігін атап өткен жөн



бет26/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   147
Сөзді пайдаланып, оқытылып, үйретілетін қозғалыс әрекетінің тиімділігін атап өткен жөн. Мысалы, балалар, арқанға еркін әдіспен өрмелеуді салыстырмалы түрде еркін меңгергенімен, үш тәсілмен өрмелеудің қозғалыс ырғағын, тепе-теңдігін көбінесе қиын меңгереді. Бұл олардың жаңа әдісті үйренуге талаптануына кері әсерін тигізеді. Дегенмен, жетесіне жеткізе түсіндіру, әсіресе, осы әдіске байланысты қарсы көзқараспен кері қатынасты жояды.

3. Сөз қозғалыс әрекетіндегі жекелеген қозғалыстардың арасындағы өзара байланыстарды ашуға көмектесуі тиіс. Әсіресе, жанама жаттығуларды пайдаланғанда мұны есте сақтап, ондағы көңіл-күйдің аз әсерінің болатынын,сондықтан олардың негізгі қозғалыс әрекетімен өзара байланысын ашық ұғыну қажеттілігін талап етеді.
4. Дене жаттығуларының әдіс негіздерін оқушылардың ұғынуы кезінде мұғалімнің түсіндіру сөзіне, яғни басты күшті ұғынуға салуға үлкен мән беріледі. Осы мақсатта жекелеген сөз және бұйрық, нұсқау түріндегі түсіндірме пайдаланылады ("Қолдар", "Бас", "Дәл" және т.б.).
5. Сөз бейнелі болуы тиіс. Бұл оның көрнекілігін және оқушылардың жетесіне, санасына барынша ұғындырылуын арттырады. Оқушылардың білім және қозғалыс тәжірибесін есепке алып, мұғалім олардың алға қойған міндетті орындауы тәуелді болатын сәттерге назарын шоғырландыруы тиіс.
6. Оқушыларға олардың дағды бойынша автоматты түрде орындай алатын қозғалыстарын айтудың мәні, мақсаты жоқ (кейде түзетулер жасайтын кезде болмаса). Егер мұғалім оңай, автоматты түрде орындай алатын жаттығуға назар аударғызса, онда оқушылар оны орындау сәтінде осы қозғалыстарды босқа ойлайтын болады. Нәтижесінде қозғалысқа кері әсері болуы мүмкін.
Денеге білім берудіц маңызды міндеті оқушылардың сөз ұғымын (терминология) дұрыс меңгеруі болып табылады. Ол оқушыларға жаңа орындалатын қозғалысқа және ұғымға ауызша сөзбен түсіндірме жасайды, таныс ұғымды дәл ажыратуға мүмкіндік туғызады, ал мұғалімге жалпыға ұғынықты сөз ұғымдары - терминдер арқылы түсіндіру оңайға түседі. Қорытындысында мұғалім мен оқушылардың арасында қысқаша, бірақ мағынасы жағынан кең ұғым беретін өзара түсіністік пайда болады. Терминологияда дене мәдениеті мен спорттың даму тарихынын мәні зор. Мысалы, гимнастикада - чех және швед терминдері; футбол, теннис, бокста - ағылшын; семсерлеуде (фехтованиеде) - француз терминдері көп кездеседі. Шетел терминдерін қазақ тіліне дұрыс, тәржімалау, аудару, ұлттық, отандык, терминді қалыптастырып кұру дене тәрбиесі ілімінің кезек күттірмес кажеттілігі больш отыр.
Қазіргі заманғы атаулар жүйесі (терминология) келесі жалпы қабылданатын талаптарға сай болуы шарт.

  1. Атаулар (терминдер) көрнекі, үлгілі, яғни дене жаттығуларының әдістерінің негізін көрсететіндей болуы тиіс. Мұндай жағдайда олар өздеріне тән мазмұнды иемденеді. Атаудың көрнекілігі, козғалыс әрекеті құрылымының дене шынықтыру жаттығулары аталуын жиі көрсететіп (еңкейіп секіру), қозғалыс әрекеті туралы жалпы ойды көрсететін бейнелі сөздерді сирек көрсететін екі әдіспен жетеді (жанымен айналуға арналғап дөңгелек).

  2. Атаулар дәл болуы тиіс. Бұл талапты орындау дене шынықтыру жаттығуларының сипатын барынша дәл көрсетуге мүмкіндік береді, яғни басқа қосымша түсініктеме немесе басқа атауды іздеу қажеттілігі туындамайды. Сондықтан атаудың дәлдігі - бұл атаулар жүйесінің негізгі мәнін жүзеге асыру, яғни мұғалім мен оқушының ұғынысуын қысқа және түсінікті ету.

  3. Атаулар қысқа болуы тиіс. Егер бұл талап бұзылатын болса, онда сөз ұғымы сипаттауға, суреттеуге айналып, солай болғандықтан ол өзінің бағытты міндетін жояды. Сөз ықшамдылығы барынша дәл сөзді іріктеп алып, былайша да жалпыға түсінікті, мойындалған сөздерді қорытындысында қысқартуды қолданып орындалады. Мұны мен атаулық (терминологиялық) тіл бұйрықтық (командалық) тіл мен жақындасады.

  4. Атаулар түсінікті, ұғынуға оңай болуы тиіс. Егер оқушылардың түсінуіне қолданылатын сөз атаулары қолайлы, оңай болса онда сөз атауларының жиынтығьш оқытып үйрету тіліне айналады. Атаулар түсінікті болу үшін онда қолданылатын сөз пайдаланылып жүрген әдеби тіл болса (мысалы, еңкейіп секіру), егер олар кдзақ, орыс тілінің сөз тудыратын ережесіне қайшылық туғызбаса, егер кең тараған жалпыға түсінікті шетел сөзі қолданылса (мысалы, футбол, старт және т.б.) минимумға дейін келтірілген тар кәсіптік сөздер (мысалы, секіргіштік, тіреп итеретін аяқ және т.б.) болуы тиіс. Сөздің сезімге әсер ету (көңіл-күй) қызметі оқытудыңда және тәрбиелеудің де қызметін шешуге мүмкіндік туғызады. Сезімге бойалдыру әсерінің мәнері сөздің мағынасын күшейтіп, оның мәнін ұғуға жәрдемдеседі. Ол мұғалімнің пәнді оқытуда, оқушыларға катынасын көрсетіп, табиғи түрде олардың қызығушылығына өзінің табысына сенім, қиыншылықты жеңуге деген талабына дем береді, ынталандырады. Сөздің сезімге әсері мәнді мазмұнымен, дұрыс қисынды және грамматикалық сөйлем құрауымен, сөздің көркемдігімен, айтылу айқындығымен, дауыс ырғағымен, орынды ымменен, дене қимылымен жеткізеді. Сөзді пайдалану әдістерінің әр түрлілігінің барлығы да жалпы педагогикалық болып саналады. Олар дене тәрбиесі жүйесінде қолдануда мазмұнымен және кейбір қолданылу әдістемесінің ерекшеліктерімен айырмаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет