Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Дербестік, жекелік принципі



бет17/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Дербестік, жекелік принципі.Үйрету тиімділігі оқушы мүмкіншілігіне сай таңдап алынған әсердің сәйкес келуіне байланысты. Үйретудің жекелілігі жалпы анықтамада оқушының жеке мүмкіншіліктеріне сәйкес оқу тапсырмаларын бөлу (дифференциялау) және оны шешу түрінде көрінеді (әдістер, жаттығуды ұйымдастыру түрлері т.б.).
Бұл заңдылықтар жекелік принципінің мазмұнын анықтай отырып оның үш бағытын көрсетуге мүмкіндік береді: 1) оқушының жеке ерекшеліктерінен оның даму болашағын көру; 2) баланың күшті жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын дамыту; 3) кез келген жекелік принципін үйретудің жалпы заңдылықтары негізінде құру.
Жекелік белсенді жұмыс жүйесі болып табылады. Ол баланың жеке ерекшелігін есепке алып қана қоймайды, сонымен қатар үйрету барысында оның түрлері мен қызметін жетілдіреді. Мысалы, спорттың үйлесімділігі күрделі түрлерінде көп жылғы жаттығулар әсерімен қозғалыстағы ойлау қабілетінің артуына жәрдемдесетін жүйке жүйесінің екпін күші біршама артады. Жаңа пайда болған ерекшеліктер үйретудің келесі сатысында жекелік сипатына түзетулер енгізуді талап етеді.
Жекелік принципі осы заманғы балалардың даму деңгейін есепке алып отыруды қажет етеді. Сондықтан да мысалы, он жыл бұрын оқығандарға арналған стандартпен қазіргі баланың дене дайындығы дәрежесін бағалау' дүрыс болмас еді. Дегенмен, қоғамымыздың жас жеткіншектері белгілі бір қызметті атқару барысында өздерінің мүмкіншіліктерін бірдей көрсете алмайды. Осыған байланысты жекелік принципі балалардың жеке айырмашылық сипатын есептеуді талап етеді. Бұл айырмашылық көп жақты және оларды төменгі жайлардан байқауға болады: а) балалар денсаулығы бірыңғай денгейде емес (оқушылардың медициналық топтарға бөлінуі осыдан); ә) бір медициналық топтың өзінде шүғылданушылардың әр түрлі дене дайындығы бар екендігін ескеру (мысалы, негізгі медициналық топтағы кейбір балаларда спорттық дәреже болуы, ал екіншілерінде болмауы мүмкін); б) бірыңғай бағдарламалармен бір оқу тобында жасы бірдей емес балалардың оқу жағдайында (жастың әр түрлілігі орта сыныптарда байқалады); в) бір топтың өзінде екі жыныстағы оқушылардың болуы (міне, сондықтан да мектеп бағдарламасындағы мөлшерлік талаптар мен мазмүнын тиісті деңгейде үйлестіруді қарастырады); г) басқа да мінездемелер болғанымен білім, қозғалыс дағдыларының көлемі әр түрлі болуы (мысалы, екі баланың бойы, спорттық дайындығы бірдей, ал арнаулы білімнің тереңдігі және әсерлілігі әр түрлі болуы мүмкін); д) ойлау жүйесінің бірдей сипатта болмауы (әрбір қозғалыс-қимылын игеру ұмтылысындағы оқушының икемділігі, жаңа қимылды игерудегі баяулық және шапшаңдық, оқу материалын игеруде сол тұрғысына келу және келмеу т.б.); з) балалардың әр түрлі дене жұмыс қабілетгілігі (көлемді жүмысты қажетті шапшандықпен жасап тастау мүмкіншілігі, шапшаң жинақтау және т.б.); ж) шығармашылық белсенділігінің және іс жүзінде қызмет етудің бірдей деңгейде болмауы (арнаулы білім мен дене жаттығуларын жеке дара игеруге ұмтылыс); е) әр түрлі қарқында бұрын-сонды білмейтін жаттығулардан білетін жаттығуларға, жасай алмайтынынан жасай алатынына ұмтылыс; и) оқуға деген ұмтылыстың бірдей болмауы (қанағаттанарлық, бәрібір, нашар); к) ерік-жігердің әр түрлі деңгейде көрінуі (жоғары, орта, төмен).
Жоғарыда айтылып кеткендей, әр баланың жеке айырмашылығын есептеу қажеттілігі оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастырудағы бірқатар қиыншылықтарға байланысты. Бұл қиыншылықтарды жеңу әдісі бойынша жекелік үйретудің екі жолы бар: әдеттегі жекелік және дербестік.
Оқытудың типтік жекелігі кейбір ұқсас сипаттарға ие, сонымен бірге балаларды оқытып үйрету ұйымдастырудың мына мүмкіншіліктеріне, яғни денсаулық деңгейі мен дене дайындығына, жасы мен жынысына негізделген. Бұндай жекелік балалар мүмкіншілігін есептеуге жағдай туғызады.
Оқытып үйретудің дербес жекелігі нақты жеке адамға тән ғана сипаттарды есепке алуды қарастырады, бірақ бүл өте көп жақты және оны күнбе-күнгі жүмыс кезінде анықтау өте қиынға соғады (психикалық жұмыс ағынының сипаты, жұмысқа деген қабілетінің деңгейі т.б.).
Дербес-жекелік жағдайында бірдей бағдарламалық материалды оқушылар әр түрлі әдістермен, күштің және демалыстың әр түрлі деңгейде бөлінуі арқылы игереді. Мысалы, жүйке жүйесі күшті оқушылар үшін ең тиімдісі жарыс әдісі, ал жүйке жүйесі әлсіздер үшін бұл әдіс артық сезімдік-жүйкелік қиындықтарды туғызады.
Дербес-жекеліктің күрделілігі жаттықтырушының бір мезгілде жаттығатын оқушыларының санының көбеюмен байланысты. Сондықтан мұғалімнің шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі оқушылардың көп санымен ерекшеліктерін ескере отырып үйрету ісін құру дағдысы болып табылады.
Жекелік жоддарын байланыстырудың негізгі принциптері нақты типтік жекеліктің ең кең көлемдегі дербес жекелігіне сүйенуді қарастырады, не болмаса бұл "әдеттегі жекеліктің ішіндегі дербестік" деген тұжырым түрінде көрінеді. Жекеліліктің қай жолы болмасын әр түрлі жағдайдағы дене тәрбиесінің кез келген міндеттерін шешуі қажет. Мысалы, мектептерде және орта оқу орындарында бірыңғай мемлекеттік бағдарламамен міндетті түрде жүргізілетін жалпы дене тәрбиесіндегі әдеттегі жекеліктің үлес салмағы үлкен. Оның ішінде мүмкіндігіне қарай үйрету әдісінің дербес жекелігі және қосымша құралдар (мысалы, жетектеуші жаттығулар) жүзеге асырылады. Спорттық мамандану кезінде, әсіресе, оның жоғары деңгейінде оқытып үйрету әдістерін ғана емес, бүкіл мазмұнын қамти отырып дербес жекелік әдісі жетекші маңызға ие болады.
Типтік жекелік спорттық дайындықтың бастапқы кезеңіндегі қажеттілік болып қала береді. Ақырында оқытып үйретудің әдеттегі және дербес жекелігі бірыңғай жүйенің деңгейінде міндетті жаттығуды жеке жаттығумен байланыстыруға мүмкіндік туғызатын жекелеген оқушылардың қызығушылығын арттыру және оқу бағдарламасы белгілеген деңгейге өзгелерді жеткізу жағдайын жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет