Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет45/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Әбжілдікке тәрбиелеу Әбжілдік дегеніміз шапшаң, дәл, нақтылы мақсатқа сәйкес, үнеммен өзгермелі жағдайда қозғалыс міндеттерін шешу болып табылады. Әбжілдік жаңа қозғалыстарды тез меңгеру біліктілігі мен әр түрлі қозғалыс сипаттамасын дифференциалау (күрделі затты элементтерге бөлу) және басқару, өзгермелі жағдайға сәйкес қозғалыс қызметі барысында оны ойдан шығару. Әбжіддікке тәрбиелеу кезінде келесі міндеттер шешіледі:

  • үйлесімді-күрделі қозғалыс тапсырмаларын меңгеру;

  • өзгермелі жағдайға сәйкес қозғалыс әрекетіне қарай тез икемделу;

  • тапсырма бойынша қозғалыс әрекетінің дәл көшірмесін орындай білу дәрежесін арттыру.

Әбжілдікті дамытуға күрделіленген жаңа қозғалысты жүйелі үйрену және қозғалыс әрекеттерін тез арада қайта қүруды талап ететін жаттығуларды қолдануға мүмкіндік жасайды (жеке сайыс түрлері, спорт ойындары). Жаттығулар күрделі, дәстүрлі емес жаңалығымен, қозғалыс міндеттерін шешудегі мүмкіндіктерімен және күтпеген жағдайда орындалуымен айырмалануы тиіс. Үйлестік қабілеттерін дамыту арнайы түйсінуді жетілдірумен, яғни уақытқа, қарқынға, дамитын күш салуды кеңістіктегі дененің қалпына және дене мүшелеріне тығыз байланысты. Үйлесімділік қозғалысының сапасы бүлшық еттердің артық керілуінсіз белгілі қалпын сақтауына және қозғалыс әрекетін орындауына байланысты. Атап айтқанда, осы қабілеттердің жиынтығы шүғылданушының өз қозғалысын үйлесімді басқаруына мүмкіндік жасайды.
Әбжілдікке тәрбиелеудің негізгі жолы - әр түрлі жаңа қозғалыс дағдылары мен біліктіліктерін меңгеру болып табылады. Бүл қозғалыс дағдылары қорларының көбеюіне әкеледі және қозғалыс анализаторларының (сыртқы құбылысты, әсерді қабылдайтын жүйке механизмі) қызмет ету мүмкіндіктерінде дұрыс көрінеді. Әбжілдікті дамытуға бағытгалған жаттығулар салыстырмалы түрде тез шаршауға әкеледі. Солай болса да оларды орындауда бұлшық ет сезінуінің үлкен айқындығы, дәлдігі талап етіледі және олар шаршау басталғаннан кейін аз әсерлілік береді.
Сондықтан әбжілдікті тәрбиелеген кезде адам ағзасы жүйелері толық қалпына келгенше жаттығулардың арасында демалыс пайдаланылады, ал жаттығулардың алдында берілген жүктемеден кейін елеулі шаршау байқалмаған жағдайда орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет