Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет78/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Төзімділікке тәрбиелеу. "Төзімділік" деген үғым шаршау, шалдығумен тығыз байланысты. Шаршау дегеніміз денеге түскен жүктеме күштің әсерінен адамның жүмыс істеу қабілетінің уақытша төмендеуі, яғни қызметін бұрынғы бастапқы тиімділігіндей жалғастыруға мүмкіндігінің болмауы немесе орындау қиындығының артуымен көрінуі болып табылады. Әр түрлі адамдарға бірдей әр түрлі тапсырмаларды орындау кезінде олар әр түрлі уақытта шаршап, шалдығады. Мұның себебі олардың төзімділік деңгейінің әр түрлілігі болып табылады. Төзімділік дегеніміз белгілі бір қызметті (жаттығу түрін) үзақ уақыт оның әсерлілігін төмендетпей орындау қабілеті болып табылады. Барынша қарапайым анықтама: төзімділік - шаршауға, шалдығуға қарсы тұра білу қабілеті. Біздің қарап, зерттейтін дүниеміз, затымыз тікелей байланыстағы әр түрлілігі бар бұлшық ет жүмыстары, әр түрлі төзімділік түрлерімен дененің шаршауы, шалдығуы. Жұмысқа қатысатын бұлшық ет топтарының көлеміне байланысты дененің шаршап, шалдығуы бірнеше топқа бөлінеді:

  1. Локальді-жұмысқа дененің бұлшық еттерінің1,3-тен аз бөлігі қатысады;

  2. Аймақтық (региональное) - жалпы бүлшық ет көлемінің 1,3-тен 2,3 бөлігі қатысады

  3. Басты (глобольное) - дененің бұлшық еттерінің 2,3 бөлігінен артығы қатысады.

Дене тәрбиесі мен спортта басты (глобольный) шаршап, шалдығумен жиі бетпе-бет кездесуге тура келеді. Жүгіру, жүзу, шаңғымен жүру, сияқты жаттығуларда дене бүлшық еттері түгелдей қатысады. Төзімділіктіц екі турі айырмаланады - жалпы және арнайы. Жалпы төзімділік бүл жүмысты бірқалыпты қарқынмен қутты қалыпта қамтамасыз ететін аэробты төзімділікқорлардың есебінен ұзақ уақыт жұмыс істей білу қабілеті. Бұл анықтамада жоғары емес қарқын барынша шартты түрде, өйткені біреулер үшін бүл берілген жүктеме жоғары болып саналмауы, ал басқа біреулер үшін ол жоғары болуы мүмкін. Жұмысты аэробты қуатпен қамтамасыз ету анықтаушы белгі болып табылады. Жалпы төзімділікті тәрбиелеуге цикл мен орывдалатын жаттығулар жәрдемдеседі. Мысалы, ұзақ жүгіру, шаңғымен қозғалу, жүзу, қайық есу, велосипед айдау және т.б.
Жалпы төзімділік - арнайы төзімділікті тәрбиелеудің негізі. Атап айтқанда, жалпы төзімділікке тәрбиелеу, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және басқа жүйелердің жоғары үнемділікпен және тиімді жұмыс істеу мүмкіндігімен сипатталып (биохимиялық жүмыс барысын қоса), жалпы дене дайындығында негізгі уақыт бөлінеді.
Жалпы төзімділікті тәрбиелеудегі жаттығу жүмысы ағзаның вегетативтік жүйесінің белсенді отгегі алмасуы жаттығудың арттырылуымен, жоғары емес қарқынмен үзақ жүмыс істеу арқылы, биохимиялық жүмыс тәртібінің жәрдемімен, жетілдірумен түжырымдалады. Физиологтар аэробты төзімділіктің көрсеткіші оттегініц максимальді қажеттілігін өтеу қабілеті (ОМҚӨ), ОМҚӨ жинау жылдамдығы, ОМҚӨ-ң шегіне дейінгі шамасындағы деңгейінің жұмыс істеу қабілетін ұзақ уақыт сүйемелдеу болып табылады деп санайды. Соңғы көрсеткіш шыдай білу арқылы адамның ерік-жігер күш салуын көрсету қажеттілігімен байланысты.
Жалпы төзімділікті тәрбиелеу әдісі мына төмендегі түрлерге бөлінуі мүмкін: узіліссіз, қайталау, узіліспен, арақашықтықпен және аралас жаттыгуды орындау улгілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет