Күш және оны тәрбиелеу әдістері. Адамның күшін оның сыртқы карсылық күшті жеңетін қабілеті немесе оған бүлшық ет күшімен қарсы түру мүмкіндігімен анықтайды. Күшті тәрбиелеу бүлшық еттің физиологиялық өзгерісімен, яғни бұлшық ет талшықтарының өсу және жуандауының байқалуымен қатар жүреді.
Күшті дамыту жаттығуларымен шүғылдану нәтижесінде адамның дене қүрылысын едәуір езгертуге болады. Күш қатынастық және абсопюттік болып бөлінеді. Абсолюттік күш - нақтылы қимыл-қозғалысқа қатысатын барлық бүлшық ет топтарының жиынтық күші.
Қатынастық күш - адам денесінің (көлемінің) 1 кг салмағына тура келетін абсолюттік күштің мөлшері. Күш сапаларын тестілеуді динамометрдіц жәрдемімен өткізуге болады. Белгілі бір жасқа дейін абсолюттік және қатынастық күштерде биологиялық жасқа сәйкес физиологиялық өзгерістердің нәтижесінде бұл күштің екі түрі де артады. 18-22 жасқа дейін дамып келе жатқан ағзаның күш мүмкіншілігіне арнайы әсер ету аркылы күштің және соған байланысты сапаның өсуін арттыруға болады. Бүдан кешірек жастарда табиғи өсу елеулі төмендейді. Бүлшық ет көлемінің немесе күш мүмкіндігінің бұл жаста тез өсуіне жәрдемдесетін, денсаулыққа зиянды емес химиялық қосымшалар арқылы іске асыруға болады. Жиырма бес жастан асқаннан кейін күш сапасына және дене мүшелері қүрылысына (жекелеген бүлшық ет жүйесіне) алға қойған мақсатты орындау үшін көп уақыт талап етіледі. Күш сапасы ауырлық күштері мен жаттығулар жасау арқылы қалыптасады: өз денесінің салмағымен (жерден денені шынтақты бүгіп-жазу арқылы көтеру, турникке тартылу, отырып-түру және т.б.) және спорт қүрал-жабдықтарымен (штанга, тренажерлар, резиналық серпінді құралдар және т.б.). Күшті дамытуға арналған жаттығулар түрлері төмендегіше айырмаланады:
1. Сыртқы қарсылық күштермен орындалатын жаттығулар:
а) ауыр зат салмағымен;
ә) әріптесінің қарсы күшімен;
б) серіппелі заттың қарсылығымен;
в) сыртқы ортаның қарсылығымен.
2. Өз салмағына тура келетін ауырлықпен орындалатын жатгығулар. Күшті тәрбиелеу әдісі барынша әр түрлі бейнеде болуы мүмкін. Оларды таңдау мақсатқа байланысты айқындалады.
Оқу-жаттығу сабағында іс-тәжірибеде негізгі күшті тәрбиелеу әдісі мыналар:
барынша (максимальный) күш салу әдісі;
қайталап, күш салу әдісі;
динамикалық күш салу әдісі;
Барынша күш салу әдісі ауырлықпен жаттығуды барынша шегіне дейінгі және соған шамалас күшпен орындаумен сипатталады (жаттығуды орындау рекордының 90%-мен), жаттығуды орындауға бір талаптанғанда оны үш рет қайталайды, ал сабақ барысында бес-алты рет талаптанып, онда 15-18 рет қайталап, арасында 4-8 минут демалады (күші қалпына кйігенше). Бүл әдіс нақтылы жаттығушыларға күшке арналған жаттығуларды орындауда ең жоғары нәтижеге жету үшін біртіндеп өсіру пайдаланылады және "қопарылыс күштерімен" ("взрывной силы") байланысты.
Қайталап күш салу (немесе "қарсылыққа" дейін) әдісі 30-70% рекордтықты құрайтын, бір талаптанғанда сериясымен 4-12 ретке дейін қайталайтын ауырлықтармен жасалатын жаттығуларды қарастырады. Бір сабақ барысында 3-6 рет талаптанып шығу орындалады. Қатарынан орындалатын жаттығулар сериясының арасындағы демалыс 2-4 минут. Бұл әдіс шыдамдылық күшін тәрбиелеуге жәрдемдеседі.
Динамикалық күш салу әдісі кіші және орта ауырлықтарды (рекордтық салмақтың 30%-на дейін) қолданумен байланысты.
Мұнда жаттығулар бір талаптану кезінде сериясымен 15-25 рет аса жоғары ырғақпен қайталанады. Бір сабақта 3-6 рет талаптанып шығу орындалып, олардың арасындағы демалыс 2-4 минут аралығында болады. Бұл әдіс секіруде, лақтыруда, басқа да әрекеттерде қажет жыддамдық-күш сапаларын дамытуға жағдай туғызады.
Күшті дамытудың жәрдемші әдісі изометриялық (немесе статикалық) болып табылады. Мұнда бүлшық еттердің керілуі олардың ұзындығының өзгермеген күйінде орындалады. Бұл әдісті пайдалану әр түрлі бұлшық ет топтарының 4-6 секунд бойы барынша керілуіне мүмкіндік береді. Бір сабақта жаггығуды 5 ретке дейін қайталап, әрбір керілуден кейін 1 минутқа дейін демалдыру қажет. Бүл әдіс кез келген бұлшық ет топтарына әсер етуге мүмкіндік беріп, олардың өсуіне басқа әдістермен үйлестікте жағдай (стимул) жасайды. Адамдардың әр түрлі дене құрылысына қарамастан бұлшық ет көлемдерін үлғайту немесе азайту мақсатына жету үшін күш мүмкіндіктерін жүйелі және әдістемелік дұрыс құрылған жатгығу сабақтарын өткізу жолымен қол жеткізуге болатынын есте ұстаған жөн.