Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет83/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Білім беру міндеттері Оқушыларды өмірдің әртүрлі жағдайында қажетті біліммен, қабілетпен және дағдымен қаруландыру :
а/ дене жаттығуларының маңызы және әсері, әдіс түрі, ережесі және олардың табыспен орындалу жағдайы ;
б/өмірге қажетті қабілет пен дағдыны кең ауқымда жетерліктей қалыптастыру;
в/ сантүрлі жаттығулар арқылы қозғалыс тәжірибесін байыту, өз түйсігімен күш салуды реттеу қабілетін қалыптастыру, әрекетті өз уақытында және дәл, нақтылы міндетке сай, соның ішінде күрделіленген жағдайда жасау. Бұл міндетті шешу жаңа әрекеттерді өмір өткелдерінде пайдаланып шешуге жағдай туғызады.
1. Балаларға жеке және қоғамдық гигиена туралы білімді мектепте, үйде дене жаттығуларымен шұғылданғанда, еңбек еткенде және демалыс кезінде қалыптастыру.
2. Дене мәдениеті ауқымында өміртанымын кеңейту, дене жаттығуларымен шұғылдануға қызығушылығын және қажеттілігін дамыту, өз денесінің күшін жетілдіруге ұмтылдыру және оны іске асыра білу. Бұл міндетті шешу сенімділік туғызады, сонымен бірге мектептен кейін де дене тәрбиесі күн тәртібіндегі міндетті элементтің бірі болып қалады.
3. Дене жаттығуларымен сабақ өткізу үшін ұйымдастырушылық және кейбір әдістемелік (нұсқаушылық, төрешілік) білімді және қабілетті қалыптастырады.
Тәрбиелік міндеттері Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мақсатында дене тәрбиесінің барлық құралдары мен әдістері қолданылады. Олар оқушының ақыл-ойының дамуына, адамгершілік қабілеттерінің қалыптасуына, оларды еңбекке, отанды қорғауға дайындауға, эстетикалық дамуына жәрдемдеседі.
Өнегелілікке тәрбиелеу жаңа қоғам құрылысының жеке тұлғаларының мына ерекшеліктерін қалыптастыруға бағытталады :
1/ Патриоттық (отан сүйгіштік), азаматтық, ұлтаралық ынтымақтастық ;
2/ Еңбек сүйгіштік, ұжымдық еңбекке дайын болу, басқалардың еңбекке деген ынтасын сыйлау ;
3/ Ұжымға деген сүйіспеншілік, өзара жолдастық көмек, адамдарға деген адамгершілік қарым-қатынас;
4/ Саналы (зерделі) тәртіп, адалдық, шыншылдық ;
5/ Мақсатқа жетуге деген табандылық, ұстамдылық, өзін-өзі ұстай білу, тәуекелшілдік, шешімшілдік, батылдық .
Спорттық жарыстастық жағдайында балаларда қарсыласына, командалас әріптесіне, төрешіге деген ұғынуға байланысты және спорттық этикалық көрінісімен, ерекше көзқарас тәрбиеленеді, белгілі бір мінез-құлық ережелеріне үнемі бекітілетін көптеген жағдайлар пайдаланылады. Мұндай жағдайлар барлық спорт түрлері ойын ережелерінде алдын-ала ескерілген, спорт жарыстарының дәстүрінде, саптағы мінез-құлық ережелері қамтылған. Мысалы, кез келген спорт түрінен өткізілген жарыс, жекпе-жек аяқталғаннан кейін жарысқа қатысушылар жарыс барысындағы пайда болған реніш көңіл-күйге қарамастан ризалықпен қол алысып тарқауға міндетті.
Жарыс барысында қарсыласына көрсеткен дөрекілік, сыйламаушылыққа айып ұпайы беріледі, ойыннан, жарыстан шығарылады. Бір адамның тәртіпсіздігі үшін бүкіл команда зардап шегеді. Біз ұяң мінезді, мықты мінезді, жігерсіз не жігерлі адам, өз мінезін тәрбиелеу, өз еркін тәрбиелеу деген ұғымды жиі естиміз. Мінез адамның өз мақсаты мен міндетін жүзеге асыруда көбінесе табандылығының деңгейін анықтайтын негіз болып табылады. Спорттың сезімдік күшті әсері тек спортшыларға ғана тікелей қатысты емес оның көрермендерге де әсері зор. Бұл балалар үшін заңды да. Балаларға көрермендер сезімі қатты әсер етеді. Жанкүйерлердің өз командасына, өз жақтасына жақтасып жаны ауыруы мүмкін, бірақ сезімнің шегі болуы тиіс. Балалар жарыстарының төрешілері, жалпы көпшілік спорт мерекелерінің ұйымдастырушылары жарысқа қатысушыларға және көрермендерге байланысты тәрбиелік қызметтерін атқаруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет