Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет97/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   147
Кіріспе гимнастика ағзаны жұмыс басталар алдында тез жұмыс дағдыларына дайындау мақсатында іріктеп дайындаған арнайы дене жаттығуларын ұйымдасқан түрде жүйелі орындау болып табылады. Ағзаны қалыпты жағдайға бейімдеу дегеніміз, бұл бірінші жағдайдан басқа барынша жоғары деңгейдегі жұмыс істеу уақыты кезеңі болып саналады.
Кіріспе гимнастика келесі міндеттерді шешеді: ағзаның тіршілік әрекетін арттырады, жұмысқа дайындық жағдайын жасауға мүмкіндік туғызып және сонысымен жұмысқа “кіру” кезеңін қысқартады. Бірінші жағынан, бұл жұмыс істейтіндердің денсаулықтарының жақсарып нығайуына жәрдемдеседі, ал екінші жағынан олардың еңбек өнімділігін арттырады. Шамамен кіріспе гимнастиканың созылу уақыты 5-7 минут, кәдуілгі кіріспе гимнастикасының кешені (комплексі) жұмыс қозғалысына жақын және ағзаға әртүрлі бағытта әсер ететін 6-8 жаттығудан тұрады. Жаттығуларды орындау қарқыны әдетте орындалатын жұмыс қозғалысы қарқынымен бірдей немесе жоғары болуы тиіс. Дене жаттығулары үйлесімділік механизмдерін қалпына келтіруге жәрдемдеседі, жүйке – бұлшық ет аппараты мен талдамалардың (анализаторлардың) қозғыштығын және қызмет жасау қозғалмалылығын арттырады, жұмыстық қозғалысының қарқыны мен ырғағына барынша тез енуіне мүмкіндік туғызады.
Денешынықтыру үзілісі жұмыс күні барысында жұмыс қабілеттілігінің төмендеуінің алдын - алу үшін тез арада белсенді демалысты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс ауысымы (смена) кезеңінде дене жаттығуларын орындау болып табылады. Денешынықтыру үзілістерін ендірудің мерзімділігі (периодичность) мен саны еңбек процесінің ерекшелігіне, бәрінен бұрын оның күш жұмсауына байланысты. Денешынықтыру үзілістері жұмыс орындарында шаршаудың алғашқы белгісі көріне бастағанда орындалады. Әдетте денешынықтыру үзілісінің алғашқысын (орташа еңбек қарқынымен) жұмыс басталғаннан кейінгі 2,5-3 сағаттан соң, ал келесілерін түскі үзілістен кейін 1,5-2 сағат аралығында өткізеді. Денешынықтыру үзілісінің кешені 5-7 жаттығулардан тұрады. Жаттығулар негізгі жұмысқа қатыспайтын және еңбек процесінде аз дәрежеде қатысатын бұлшық ет топтарынан қозғалыс әрекетін жұмылдыруды қамтамасз етуі үшін іріктелуі тиіс. Егер еңбек қозғалысы әртүрлілігімен айырмаланса, онда созылу, босаңсыту және тыныс алу жаттығулары қолданылады. Сонымен бірге денешынықтыру үзілісінің қортынды бөлімінде еңбек қозғалысына келтіретін жаттығулар ұсынылуы тиіс.
Денешынықтыру минуттары жұмыс кезіндегі 1-3 минуттан 2-3 жаттығу орындалатын қысқа уақыттық үзілістер болып табылады. Денешынықтыру минуттарының негізгі қызметтік бағыты жұмыс істейтін бұлшық ет топтарын босаңсыту, жүрек қан-тамыры жүйесінің қызметін күшейту, сонымен бірге дененің аз жүктеме түсетін бөліктеріндегі іркіліс құбылыстарын жою, яғни ағзаға аз уақыттық демалыс беру болып табылады. Еңбек процесіне денешынықтыру минуттарын ендірудің мерзімділігі мен саны денешынықтыру үзілістерін қолданғандағы сияқты оның ерекшеліктеріне тәуелді. Жұмыс күні режімінде орташа есептегенде 2-5 рет басқа өндірістік гимнастика формасына байланыссыз орындалады. Жоғары жұмыс қабілеттілігін қолдау, қалпына келтіру процесінің белсенділігін арттыру және кері әсерін тигізетін кәсіптік қозғаушы күштердің алдын-алу үшін (өндірістік шу, дірілдеу, көру және басқа анализаторға артық түсетін жүктеме) өндірістік гимнастикадан басқа қосымша еңбек процесі шегінен тыс дене жаттығуларымен шұғылдану қарастырылады, яғни түскі үзіліс кезінде (серуендеп жүру, ұзаққа созылмайтын стол теннисі, бадминтон, волейбол ойындары, гимнастикалық жалпы дамыту және тыныс алу жаттығулары) және жұмыстан кейінгі уақытта мекеменің аймағынан шығар алдында (рекреациялық дене жаттығулары және қалпына келтіру сипатындағы) орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет