Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж


Шортанбай шығармаларының жариялануы



бет23/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Байланысты:
ХІХ ғас.лекц. 2

Шортанбай шығармаларының жариялануы
Шортанбай шығармаларының алғашқы жариялануы В.В.Радловтың «Образцы народной литературы тюркских пле-мен, живущих в Южной-Сибири и Дзунгарской степи» еңбе-гінде жарияланды (Часть 3. – СПб. Типография Императорской АН, 1870). Қазанда басылған ендігі бір шығармасы «Қисса и Шортанбай». «Шортанбайдың бала зары» –1888, 1890, 1894, 1911, 1916 жылдарда жарық көреді. М.Әуезов, М.Жолдыбаев, Ә.Қоңыратбаевтардың ұжымдық еңбегі «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы»- деп аталады ( Алматы: 1933, 1934).
411 папка. Шортанбайдың өлер алдында айтқан сөзі. Бұл Шортанбайдың әзірейіл келіп жанын аларда айтқан өсиет өлеңі түрінде келтірілген шығармасы. Он бір буынды қара өлең үлгісінде жазылған бұл өлеңнен алар ұлағат мол. Себебі адамдар тіршіліктің қым-қуыт қиындықтары себебінен бір-біріне жылы сөз айтуды да ұмытып кетіп жатады. Биік адамгершілік пен адамдардың бір-біріне құрмет көрсете білуінің маңыздылығын арқау еткен өлеңнің оқырмандарға тигізетін ғибраты да аз емес. 385 папка. Зар заман. Қолжазбаны 1961 жылғы Уфа-Қостанай экспедициясын басқарған С.Ордалиев тапсырған. Осындай бір қолжазба «Зар заман» жырының бір нұсқасы 592 папкада сақтаулы. Жинаушысы Темірғали Ысмайылов. 1940 жылдары Алматыда тұрған. Сонымен қоса осы қолжазбада «Шортанбай мен Орынбай» (айтыс), «Бала зары», «Шортанбайдың насиха-ты», «Шортанбай өлеңі» сияқты дүниелер бар. 879 папкада «Шортанбайдың қоштасуы», «Шортанбай туралы сөз деректер», «Шортанбайдың өлең сөзі», «Шөже мен Шортанбай», «Тар за-ман», «Жаңа закон шыққанда», «Үй іші, әйел, ерлі-зайыптар ту-ралы өлең», «Тап қайшылығы өлеңі», «Ескі бай, жаңа бай», «Ақсақалдық, бектік», «Әлеуметтік теңіз», «Өсімдік, дүние, Жаңабай», «Мал-ақша», «Мал дүниенің тұтқыны», «Үкімет – ұлықтары», «Жаңа ұлықтар», «Билік малдынікі», «Жер алынды, дүние тарылды», «Қоныс тарылды», «Отар қысымынан құтылу» сияқты өлеңдері топтастырылған.
Шортанбай шығармашылығының ғылыми зерттелуі. Қ.Жұмалиевтың құрастыруымен «Қазақ әдебиеті» (Орта мектеп-тердің 8-класына арналған оқу құралы. Алматы: 1942). С.Мұқанов. «Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тари-хынан очерктер» 1-бөлім. (Алматы:1942) Ы.Дүйсенбаев. «Шортанбай Қанайұлы. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ том, 1-кітап (Алматы: 1961), М.Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 15-том. (Алматы:Жазушы, 1985), Мәдібаева Қ. Зар за-ман ағымы және Шортанбай мұрасы: фил. ғыл. канд. ...дисс. – Алматы, 1995. – 141б. Б.Омарұлы. Зар заман поэзиясы (Алматы: Білім, 2000), Шортанбай Қанайұлы. Қайран халқым. (Құраст. Қ.Жүністегі. Алматы: 2002)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет