Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет31/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
Байланысты:
ХІХ ғас.лекц. 2

2. Шығармаларының мән-мазмұны.Сүйінбекұлы Оразғалидің айтуынша, Шернияз 15 жасар шамасынан-ақ кішкене ділмәр шері атанады. Сол он бес шамасында Шернияз адайдың атақты ақыны домбырашы Абылмен кездеседі. Абыл кіші жүз елін аралап жүріп, кете еліне келеді. Осы сапарында Шерниязды көріп, дидарласады..
Шернияз Абылға еріп ел аралап, одан ақындық өнер үйреніп, ақыры Абылдың батасын алады.
Мысқылдап сөйлеу ақынның жас күнінен-ақ қолданған әдісі. Қолындағы құсын алып, ескі шапан кигізген сараң мырзаға риза болмай, ол былай дейді:
Мақтасы қалың майталман, Мырза берді, мен кидім,
Көне деп сені айта алман. Қой саттым ба жайқалған.

Байанас деген сараң біреудің үйіне түскенде, оның пейілсіз бәйбішесін сынап айтқан өлеңі де көңіл аударарлық:.


Қойшы айтты, үй қожасы Байанас деп,
Бай айтты бәйбішеге жаяны ас деп.
Алыстан арып-шаршап келіп едім,
Қонақтан бар жұмсағын аямас деп.
Бай айтты, бәйбішеге құйрықты ас деп,
Қонақа құйрық деген бұйрықты ас деп.
Байдың сөзін бәйбіше тыңдамайды,
Қасын керіп танауын шүйіріп тастап...
Шернияз осындай табан астында уытты сөздерді, шешендік тіркестерді шығарып айтуға шебер болған.Адайдың бір менменсінген байы жылысын жұтқа ұшыратып отырса да, жөн сұраған Шерниязға «таңысан адайыңмын, танымасаң құдайыңмын»,- депті. Сонда ақын оған балай депті:
Аулың қонған жері сыдырым тал,
Малыңды жайшылықта әр жаққа сал.
Отырып, от басында нәнсінгенше,
Жылқыңды құдай болсаң тірілтіп ал.
Өзі жоқта үйіне түскен қонақтарға балалары ас асса, оған қонақтары риза болмапты. Себебі, малдың қол етін асса керек. Шернияз бұны сезіп, қонақтарына былай депті...
Бір бай Шерниязды молда санап, ауырып жатқан итіне дуа алмақ болып, ет асып, қатты сый көрсетіпті. Сонда берген дуа-тұмарына мына сөзді жазып беріпті:
Итің, итің, итіңе, Итке дуа жоқ еді,
Иттің жүні бетіңі. Бола бердім етіңе.
Шернияздың табан асты сөз айтуға, адамға мін таққыш өткір тілді, жүйрік ақын болғандығына оның барлық өлеңі де мысал бола алады. Әсіресе, ақынның мысқыға толы айтыстары бұған айғақ. Жоғарыда көрсетілген қолжазба қорында ақынның Баймағамбет сыйлаған кәрі түйемен тілдескені, Айша деген аяғы ауыр қызбен және келіншекпен сынасқан сөздері де бұған айқын мысал.
Шернияз айтыпты дейтін сөздер, терме, толғаулар көп болған. Ел аузындағы сөздің бірі «Шернияз батасы» деп аталады.
Өзінің үйіне түсірмеген бір сараң молданы әжуалаған сөздері де өткір. Осы өлеңдерге сабақтас «нағашысына айтқан әзілі», «Дүниедегі астың тәттісі» сияқты ауыл арасы, дастарқан үсті тақырыптарына арналған өлеңдері де көп болған. Бірақ ақын бұл сияқты шағын өрісті өлеңдерімен емес, өзінің әлеуметтік мәселені көтерген шығармаларымен даңқты болды.
Исатай оққа ұшатын соғыста қасында болған Шернияз көтеріліс батырының өлімін ұзақ толғап, қайғыра жырлап жүрген. Исатай мен Науша бастаған ерлік күрес шындық тарихқа сай баяндалған.
Басында Исатай мен байбақты батыры Науша тоғыз жүз адаммен Бекетай құмына келеді. Жау жағына жансыз салып, жатқан жерлерін біледі. Исатай сол сәтте жауды шаппақ болады. Науша жауды түн жамылып шабу керек деп тоқтау салмақ болады. Екеуі келіспей екі бөлінеді.
Исатайдың ерлік тұлғасын, ата тегін, ағайын-тумасын, өмір жолын баяндап, қапыда оққа ұшқан батырды жоқтайды. Халық қайғысын жалынды жырымен бейнелейді.
Шернияз толғауы бойынша Науша бастаған қалың қол жауды қамап, Исатай сүйегін ерлікпен алып шығады. Ақ арулап көмеді.
Шернияз Исатай бейнесін үнемі Баймағамбетке қарама-қарсы қоя суреттейді. Ақын бейнелеуінде Исатай—қалың елден шыққан асыл тас, нағыз сабаз, ел еркесі, ер жігіт, өзіндей достарына алтындай құнды адам, жан рақатын беретін жарқын жан, елдің алмас алтын сапты қылышы, арқа сүйер тынысы...
Ақын Исатайды, ең алдымен, халқына қызмет еткен ардагер азамат болғаны үшін дәріптейді, ел мүддесі үшін керек адам деп аңсайды.
Сағынам, аузыма алсам Исатайды
Ер тумас ел бағына ондай жайлы.
Қарадан халқы сүйіп «ханым» деген,
Жігіт ед төрт тұрманы түгел сайлы.
Осындай асыл қасиеттермен ел құрметіне бөленген Исатайдың өліміне себепкер болған Баймағамбетті ақын қатты жазғырады:
Кешегі Исатайдай бауырласты,
Өлтірдің кіші жүзде асыл тасты.
Өлтіріп бірге туған бауырласты
Хан, неден сені мұндай қара басты?...
Шернияз — сыншыл, турашыл ақын. Ақын поэзиясындағы шындықтың айқын белгісі оның ханды және хан семьясын жамандап айтқан сөздерінен де көрінеді. Баймағамбеттің өз тілегі бойынша жамандауға рұқсат алған ақын жауымен бетпе-бет отырып, өзінің ішіндегі нағыз шындықты ақтара салады. Ешбір бүкпесіз сөйлеп, Баймағамбеттің ауыздық сырын, зұлымдық бейнесін ашады.
Ар жақта Арынғазы дүбірлеген,
Байеке елің бар ма бүлдірмеген.
Төре кетіп, төбеде төбет қалып,
Туып тұр ел басына «бұл күн» деген...
Кешегі Исатайдай асыл ерді
Дұшпанға ұстап бердің тіл білмеген,
Быт-шыт болып бүлінген қазақ жұрты
Заманға ұшырадық «бұл күн» деген.
Айдатқан жалғыз бауырым Исатайды,
Сенен де қалмақ жақсы шүлдірлеген.
Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас,
Қас итсің, қасыңа адам жуымас.
Ел ұстап билейтұғын қылығың жоқ,
Хан емес, қас қатыңсын мұндар қу бас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет