Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет26/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72
6-лекция. Тақырыбы: М. Өтемісұлы (1803-1840). Ақын шығармаларындағы өршіл рух.


2. Лекция жоспары:
1. Өмірі туралы мәлімет, ақын шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары. 
2. Ақын өлеңдерінде Исатай батыр бейнесінің жырлануы. 
3. Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл, реалистік, романтикалық толғау ақыны.


3. Лекцияның мақсаты: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен қоғамдық қызметін, шығармашылығының қалыптасу, даму сипатын, көтеріліске қатысын, шығармаларының тақырыптық, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін айқындай отырып өзіне тән белгілері негізінде ақынның сөз шебері және қоғам қайраткері ретіндегі тұлғасын таныту, әдебиет тарихындағы орнын түсіндіріп, меңгерту.
4. Лекцияның мазмұны:
Өмірі туралы мәлімет, ақын шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары. Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы, қазіргі Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарына қарасты Нарын құмында дүниеге келген. Шағын шаруа ортасынан шыққан. Бірақ бір ағасы - Бекмұхамбет сарайына Жәңгір ханның сенімді билерінің бірі болған. Махамбеттің басқа ағайындары көтеріліс жағын жақтап, жау қолынан қаза тапқан делінеді деректерде.
Махамбеттің басты мақсаты – елді талауға түсірген қанаушылар мен отарлаушылардан кек алу, елдің тәуелсіздігін, жерін қорғау болды. Халыққа Махамбет көрнекті қоғам қайраткері, жалынды ақын ретінде танылды.
Махамбеттің көтеріліске дейінгі өмірі мен ақындық қызметі әлі жете зерттеле қойған жоқ. Көпшілікке кеңірек танылғаны оның көтерілісі кезінде туған, өмірінің соңғы жылдарында айтқан өлеңдері мен толғаулары.
Деректер бойынша Махамбет көтеріліске дейін де айтысқа түсіп жүрген. Ханның белгілі ақыны Байтоқты сөзден жеңгені туралы деректер бар. Жәңгір хан Махамбетті шақыртып баласы Зұлқарнайға ұстаз ретінде бірге ұстаған.
Х.Досмұхамбетұлы «Исатай-Махамбет» (1925) атты кітабында: «Махамбеттің өзі де жас кезінде Жәңгірдің нөкерінде болған екен. Исатай ханға қарсы болғанда-ақ Исатайға еріп кеткен. Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы; өте қызулы адам екен…» (62-бет) – деп жазады.
Махамбеттің орысша, мұсылманша сауатты адам болғаны туралы деректер бар. (Тарихшы А.Ф.Рязанов тапқан). Олар: Махамбеттің 1839 жылғы елде қалған жолдастарына жазған хаты; екіншісі 1845 жылы Орынбор шекара комиссиясына баласы Нұрсұлтанды оқуға алуын сұрап, өз қолымен жазып жолдаған арызы.
Исатай мен Махамбет бастаған ұлт азаттық қозғалысы туралы соңғы жылдары жаңа деректер табылып, белгілі бола бастады. ХІХ ғасырдың 2-жартысында Орал қаласында әскери қызмет атқарған, тарихшы-этнограф, архив ісімен шұғылданушы Никита Федорович Савичевтің (1821-1885) еңбектерінде деректер сақталған мәліметі бойынша Исатай Тайманов 1838 жылы 12 шілде күні Ақбұлақтағы оқиға үстінде қаза табады. Ол еңбегінде Махамбетті ерекше атап көрсетеді. Екеуін қатар атап, нағыз пікірлес, мақсаттас, қайтпас-қайсар батырлар санайды. «Ықылас бастаған Б.Айшуақовтың жендеттері оны 1846 жылы 16 қазан күні (Қараойда) сатқындықпен өлтіреді»,- деп батырдың өлімін де өкінішпен еске алады.
Көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін Махамбет Хиуаға барады. Тағы да 500 сарбазымен Исатай атқа мініп, 1838 жылғы Ақбұлақ өзені бойындағы соңғы айқасты жасайды. Бұл соғыстың Исатайдың қазасымен аяқталады.
Махамбеттің кейбір өлеңдері ХХ ғасыр басында, қазан төңкерісі алдында шыққан қазақ ақындары шығармаларының жинақтарына енді. 1908 жылы Қазанда басылып шыққан «Мұрат ақынның Ғұмар қажыға айтқаны» деген жинаққа Махамбеттің 100 жолдан астам екі толғауы енген. Бұл басылымдағы өлең «Борай да борай қар жауса» деп басталады.
Махамбет толғауларының кейбір үзінділері 1910 жылдары Орынборда шыққан «Шайыр» жинағында алғаш рет басылып шыққан. Осы жинақта «Махамбет жыраудың сөзі» деген атпен ақынның «Ереулі атқа ер салмай», «Мен, мен едім, мен едім» толғаулары енген.
Сондай-ақ Х.Досмұхамбетұлы құрастырған «Исатай, Махамбет» кітабында (1925), «Аламан» жинақтарыда (1926, Ташкент) басылды. Осы кезде жарық көрген «Жаңа мектеп», «Сәуле» журналдарында да Махамбет өлеңдері түгелге жақын жарияланып, Исатай көтерілісі туралы мәліметтер, Ғылман ақын поэмасы және басқалары шықты.
М.Әуезовтің «Әдебиет тарихында» Махамбет шығармашылығына алғаш рет талдау жасалды. Кейінірек М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, М.Жолдыбаевтар оқулықтарында да (1933-1934) біршама орын берілді.
Исатай көтерілісін зерттеумен әдебиетшілер емес тарихшылар да айналысты. Тарихшы А.Ф.Рязанов 1927 жылы «Востания Исатая Тайманова» деген кітабын жазды. Кейінірек бұл көтерілісті тарихшы В.Ф.Шахматов зерттеп, ғылыми баға берді. С.Мұқанов Махамбет шығармашылығына «ХҮІІІ-ХІХ ғ. әдебиет тарихының очеркі» еңбегінде талдаулар жасады.
1939 ж. Махамбет өлеңдерінің жинағы жеке кітап болып басылды. Ол жинақта проф. Қ.Жұмалиев Махамбеттің өмірбаяны туралы мақаласы жариялады. Орта мектептерге арналған оқулықтарында Махамбет шығармашылығына арналған бөлімдерді жазды. 1948, 1951, 1958, 1962 жылдарда шыққан Махамбет өлеңдері жинағының құрастырушысы да, алғы, соғы сөздерді жазған да Қ.Жұмалиев болды. 1948-1957 жылдары ақын өлеңдері орыс тіліне аударылып, басылып шықты.
Махамбет заман шындығын бірден-бір дұрыс қорытынды жасай білген реялист ақын болды. Халық бақыты ел мүддесі үшін күрескен Махамбеттей жалынды ақын өлеңі өмір шындығынан аулақ болу мүмкінде емес еді.
Ақын өзі бастаға қозғалысты бастан-аяқ жырлау арқылы сол тарихи оқиғаны шындық көрінісін түп-түгел көз алдыңнан өткізеді. Мысалы өзінің «Соғыс» деген өлеңінде ақын Бекетай құмында ту тіккен көтерісшілердің дүбірін, алғаш бас қосып, жауға қарсы аттанған сәттерін жырлайды.
Махамбеттің барлық өлеңдері шындыққа негізделген дерлік.
Ақынның «Баймағамбет сұлтанға» деген толғауы ешбір бүкпесіз өзін нағыз шын сыры ретінде реалистік тебіреніспен суреттеледі. Хан-сұлтанның торына түсіп, алданып, қапы қалғанын, сөйтсе де өзінің бас имейтіннін, алған бетінен қайтпайтынын именбей айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет